Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет68/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

7.11 Таза ауамен шынықтыру


Таза ауамен шынықтыруды бала туылғаннан бастап алғашқы күндерде-ақ жүргізуге болады. Таза ауамен шынықтырудың бір түрі – ауа ваннасы.


Ауа ваннасын қабылдау-бұл баланы белгілі бір температурада баланы жалаңаштап шешіндіріп, белгілі мерзімге ашық қалдыру. Бала дүниеге келгеннен кейін бірінші күні-ақ, оның жөргегін ауыстырған кезде, тері қабатына, кіндік қалдығына күтім жасалған кезде 1-2 минуттай ол ауа ваннасын қабылдайды, бөлме температурасы 22℃ болу керек.
Жаз айларында ауа ваннасын бала талдың көлеңкесінде қабылдауына болады. Ауа ваннасын өткізу кезінде баланы аударып жатқызып, қимылдарын ынталандырып отыру қажет. Бұл процедура баланы тамақтандыру аралығында, яғни тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат өткеннен соң және келесі тамақтанудан 1-2 сағат бұрын жүргізіледі 2-2,5 жастан асқан ойын баласы жаз айларында ауа ваннасын жалаңаш күйінде далада ойнау арқылы да қабылдайды.


Таза ауада серуендеу
Таза ауада баланы серуендетуді де бала перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы күндерден бастауға болады. 10-15 минутқа таза ауаға шығарамыз, баланың бетін тұмшаламай ашық ұстау қажет.
Қыс айларында туылған баланы 3-4 апталығынан бастап шығаруға болады, температура 0 тан төмен болмау керек. Біртіндеп серуендету уақытын ұзартып, қыс айларында 2-3 сағатқа дейін, жаз айларында одан ұзаққа жеткізуге болады.





7.12. Күн сәулесімен шынықтыру


Шынықтыру жұмысында табиғаттың бұл факторын сақтықпен қолданған жөн. Бір жасқа дейінгі балаларға тек шашыранды күн сәулелері қолданылады, ол үшін баланы ағаштың көлеңкесінде жатқызған ыңғайлы. Осы кезде күн сәулелері жапырақтардың арасынан шашырап барып өтеді


Бір жастан асқан балаларға тіке күн сәулелерінің астына шығаруға болады, тек баланың басына жеңіл телпек немесе шаршы жеңіл орамал байлаған жөн.



Алғашқы күн сәулесі ваннасының ұзақтығы 2-3 минуттан аспау керек, біртіндеп бұл уақыт 10-15 минутқа жеткізіледі.




Сумен шынықтыру

Сумен шынықтыру өте жақсы нәтижелер береді.



  • Сулы шүберекпен сүртіндіру

  • Сумен шайындыру

  • Душ қабылдау

  • Контрасты аяқ ваннасын қабылдау

  • Өзен, көлге шомылу жатады




Сүртіндіру – алғашқыда баланы 2-3 айлығында құрғақ шүберекпен 2 апта бойы тері қабаты аздап қызарғанша сүрту түрінде өткізіледі. Одан кейін ылғалды шүберекпен сүртуді бастаймыз. Шүберекті сулайтын судың температурасы 1 жасқа дейінгі балаға алдымен 35-36 градустан бастап, кейіннен әр 5-7 күн сайын 1 градусқа төмендете отырып, 30-32 градусқа жеткізеді. 1-3 жас аралығындағы балаларға судың температурасы 26-28 градус. Сүртіндіру ұзақтығы 5 минут. Сүртіндірудің соңынан баланың денесін құрғатып, киіндіріп, 10-15 минуттай жатқызу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет