Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы



бет62/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   167

Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы


Іс-әрекет – даму мен денсаулық факторы. Баланы тәрбиелеу (еңбекке баулу, ой-өріс, әдет-ғұрыпқа) жан-жақты жүргізіледі, бірақ, жас мөлшеріне байланысты мұндай тәрбиелеу аспектілерінің арасындағы қатынас олардың түрлеріне байланысты болып келеді. Баланың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады.
Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Әсіресе үдемелі өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажеттігінің маңызы арта түседі. Өйткені, қимыл-қозғалысты іс-әрекеттер биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, дағдылану механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі орталық жүйке-жүйесінің, бұлшық еттердің, дамуын жақсартады, зат алмасуын жоғарылатуға қатысады, сөйлеу қаблетінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Балалар ертерек жүріп кетсе, оның сөйлеуі де тезірек қалыптасады, мектеп жасына дейінгі кезеңде іс-әрекет қимылдары жақсы қалыптаса бастаса, одан былайғы еңбек дағдылары да жеңіл дамиды.
Солай болғанымен, қимыл-қозғалыстағы биологиялық қажеттілік, балаларды дұрыс тәрбиелемегендіктен болатын гиподинамияның дамуын жоққа шығармайды. Мұндай жағдайлар, көбінесе, қимыл-қозғалыстағы табиғи қажеттілік ата-анасының тәрбиесіне байланысты (жаяу жүргізудің орнына балаларға арбашаларды қолдану, телехабарларға көп әуестендіру т.с.с.) шектелген, мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі.
Іс-әрекеттің кез келген түрінің, организмнің функционалдық мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни, қажуға әкеліп соғуы, оның заңды нәтижесі болып есептелінеді. Бұл процесс қайтымды және жұмысты тоқтату, жоғалған қызмет қаблетін қайтадан қалпына келтіреді.
Қызмет қабілетінің үш фазасын айыруға болады: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс уақыты және қажу. Еңбекке дағдылану фазасы жұмыс қабілетінің ақырындап ең өнімді жұмыс уақыты фазасына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң қажу фазасы дами бастайды.
Сондықтан, қатты қажуды болғызбау үшін, балалардың іс-әрекеттерінің барлығы мөлшерленуі керек. Гигиеналық нормаландыру баланың жас мөлшеріне және организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.
Организмнің қоршаған ортамен байланысында, үнемі ішкі және сыртқы ритмдер бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы физиологиялық жағдайды анықтайды. Биологиялық ритмдер дегеніміз – организмнің әртүрлі жағдайларының және физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл сайын алмасып тұруы.
Организмнің биоритмологиялық құрылысы тұқым қуалағыштық заңы бойынша жасалаған және онтогенез процессінде үзіліссіз құрылып тұрады. Бірақ, әрбір биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер қажет болады.
Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің қоршаған ортаға дағдылануының негізгі механизмдерінің бірі болып есептелінеді. Егер, баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандайда бір ритмі оның биологиялық ритмімен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет қабілетінің жоғарлауымен көрінеді.
Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір адамда ерекше, бірақ белгілі бір аралықта болады. Адамдарда ең төмен физиологиялық көрсеткіштер (тыныс алу, тамыр соғысының жиілігі, артериялық қан қысымы, бұлшық ет тонусы т.с.с.) түнгі уақытта байқалады. Күндіз бұл көсеткіштер жоғарылайды, бірақ бірқалыпта тұрмайды. Ересек адамдардың көпшілігінде таңертеңгі және кешкі биоритмиялық ең қолайлы функционалдық жағдайларын анықтауға болады. Балаларда, мұндай, уақытқа байланысты болатын белсенділік онша білінбейді. Бірақ, олардың функционалдық көрсет-кіштері тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда жоғарылайтыны анықталды. Сондықтан, кейбір авторлар балалар арасында акрофазаның (белсенділік циклдары) үш түрін бөліп қарауды ұсынады: таңертеңгі, кешкі және аритмиялық (бұл шартты түрде алынған).
Балалардың биологиялық ритмдерінің арасында, ең жақсы үйлесімділік болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп жасау хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.
Гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатындары ғана (оқу жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек және күн тәртібі сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұндай жағдайларда гигиеналық принциптердің сақталмауы организмдегі биологиялық процесстерді бұзады және сонымен бірге, әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет