Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие процессінің гигиенасы



бет63/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)


7.4 Жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие процессінің гигиенасы


Мектептегі оқу сабақтары әрбір сыныпқа арналып жасалған сабақ кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың қызмет қабілетінің дұрыс болуы, негізінен, гигиеналық тұрғыдан дұрыс жасалған сабақ кестесіне байланысты болады. Бірақ, сабақ кестесін құрастыруда негізге алынатын мектептегі пәндердің қиындық дәрежесі, оларды өзгерте салуға немесе қатал регламент жасауға келе бермейтін, көптеген нақты факторларға байланысты болып келетіндіктен сабақ кестесін дұрыс жасау оңай емес.


Сабақ кестесін жасауға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

  • Әртүрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру;

  • Оқу пәндерін күнделікті және апталық қызмет қабілетіне сәйкес бөлу;

Оқу үрдісін қалыптастырған кезде, міндетті түрде оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері мен демалыстарын рационалды кезектестіруді және қызмет қабілетінің қалпына келуінің классикалық қисық сызығын (25-сурет) ескеру қажет.
Оқу пәндері, іс-әрекеттің қиындығының сипатына, бірінші және екінші сигналдық жүйеге түсетін жүктемелердің дәрежесіне және осы жүктемелердің статикалық және динамикалық компоненттерінің қатынасына байланысты әртүрлі болып келеді. Оқу күнінің басында, оқушылардың қызмет қабілеті жоғары болып тұрған кезде, негізінен екінші сигналдық жүйеге жүктеме түсіретін (әдебиет, математика, шет тілдері т.б.), яғни, сөзбен айтуға, ойлануға арналған сабақтарды қойған дұрыс. Оқу күнінің соңына қарай, яғни, жұмыс өнімділігі азайған кезде сабақ кестелеріне нақты заттар, образдар арқылы, яғни ауызша айтқаннан көрі жеңілірек қабылданатын (сурет салу, сызу, бастауыш сыныптарда аппликация, жапсыру т.б.) сабақтар қойылғаны дұрыс.
Үлкен ақыл-ой жүктемесін, есте сақтау мен санауды қажет ететін қиын сабақтарды дағдылану қалыптасатын бірінші сабақтарға және қажу басталатын соңғы сабақтарға қоюға болмайды.
Сонымен, мектеп оқушыларының қызмет қаблетін жоғарылатып, олардың денсаулықтарын сақтап, нығайту үшін ұтымды құрастырылған күнделікті және апталық сабақ кестесі ең тиімдірек гигиеналық шаралардың бірі болып саналады. Өкінішке орай, іс жүзінде әртүрлі себеп-сылтаулармен бұл принцип сақтала бермейді.
Сабақ кестесін ұтымды құрастыруға кедергі келтіретін себептерді объективті және субъективті себептер деп екіге бөлуге болады. Объективті себептерге: оқу сыныптарының жеткіліксіздігі; оқытатын мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады. Субъективті кемшіліктерге, оларды жою үшін материалдық шығын қажет етпейтін: сабақ кестесін құрастырушы адамның білімінің аздығы; сабақ беретін мұғалімдердің сабақтан бос күндері болуы; оқу жүктемесін мұғалімдерге дұрыс бөліп бермеу сияқты жедел түзетуге болатын себептерді жатқызуға болады.
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуында сабақ арасындағы үзілістердің регламентациясы, әсіресе олардың ұзақтығының регламенті ерекше маңыз атқарады.
Сабақ арасындағы үзілістер арқылы организмге берілетін демалыстың ұзақтығы, оның «функционалдық потенциалдарының қалпына келтіру және қызмет қабілетінің қайтарылған деңгейін бекіту сияқты екі фазасын да қамтамасыз ете алатындай мерзімде болуы керек. Егер демалыс ұзақтығы жеткіліксіз болатын болса және жаңадан түсетін жүктеме 1 фазаға келетін болса, онда қызмет қабілеті күрт төмендеп, қажу жоғарылай бастайды.

Сабақ арасындағы үзілістер балалардың іс-әрекетінің түрін өзгертуге, яғни, организмді қимыл-қозғалыстар арқылы сергітуге арналса ғана өзінің міндетін орындайды. Оқушылардың қызмет қабілетін жылдамырақ қалпына келтіретін ең жақсы демалыс, жақсы көңіл-күйде, таза ауада жасалатын қимыл-қозғалысты ойындар. Мұндай үзілістерді жыл мезгіліне қарамастан, ашық ауада өткізу, балалар организмінің шынығуына ықпал етеді, олардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, оқу жылындағы, тоқсандағы, аптадағы, оқу күндеріндегі оқу жүктемесінен болатын қажудың дамуын төмендетеді (болғызбайды).
Жалпы білім беру мектептерінде бірінші сынып оқушыларына сабақ арасында ұзақтығы 20 минуттан үзілістер беріледі. 2-11 сынып оқушылары үшін 10 минуттан кіші үзілістер және 2 немесе 3 сабақтардан соң 30 минуттық бір үлкен үзіліс немесе мұндай үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтардан соң әрбіреуі 20 минуттан 2 үзіліс беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет