Әрбір негізгі тамақтану кезінде (таңертеңгі, түскі ас, кешкі ас) жануартекті тағамдардың (балық, сүт, жұмыртқа, ет өнімдері) тым болмаса біреуін қабылдау керек. Олардың құрамында балалар немесе жасөспірімдер денесінің қалыпты дамуы мен өсуін қамтамасыз ететін, организмнің негізгі құрылыс материалы болып табылатын нәруыздар бар. Денсаулық қалыпты болсын десеңіз, күніне үш-төрт рет дәмді дайындалған тамақ ішу қажет.
Мектептегі, басқа да оқу мекемелеріндегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс қабілеттілігінің артуына жәрдемдеседі.
Қазіргі мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын асханалар бар. Таңертеңгілік ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгілік аспен бірдей болып, ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады. Кейде ұйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.
Сарапшылардың айтуынша, энергетикалық сусындардың ингредиенттері ежелден жүйке жүйесін ынталандыру үшін пайдаланылады. Қанттың қауіпті көзі газдалған сусындар болып табылады. Көбінесе балалар жақсы көретін газдалған сусындар, энергетикалық сусындардың құрамында да ағзаға зиянды қоспалар өте көп.
Мысалы, газдалған сусындарда газдың құрамында фосфат өте көп. Фосфат адамды жүрек-қан тамырлары ауруына, бүйрек ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Ал, газдалған сусынды күніге ішетіндердің бара-бара терісі тырысып, бұлшық еттері семуі мүмкін. Мұндай ішімдіктің бір стаканын ішкен соң тағы да ішкіміз келіп тұрады. Оның құрамындағы натрий глутаматы қоспасы жасушалардағы сутегі бөлшектеріне әсер етіп, оларды жойып отырады екен және ағзаның өзгеріске ұшырауына апарып соғатын көрінеді. Сондықтан балаларға сумен шөл қандыруды үйреткен жөн. Әрқашан, спорттық жарыстар болсын, су ұстап жүргені абзал.
Энергетикалық сусындардың ингредиенттері:
•Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қасиеттерімен белгілі кофеин, гуарана мен женьшень;
•Жүйке жасушасынан екіншісіне импульстарды жедел жіберуге әсерін тигізетін амин-қышқылдары;
•Жүрек жұмысын ынталандыратын таурин.
Осындай компоненттердің жинағы жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысына өте күшті әсер етеді. Сонымен қатар қосалқы әсерлер болуы мүмкін: тахикардия, психомоторлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, депрессия. Ал мөлшерден көп ішу артериялық қан қысымын немесе қандағы қант деңгейін арттырады.
Студент жастар да, мектеп оқушылары да көбінесе тез тағам дайындайтын орындардан тамақтанады. Қазіргі кезде қалаларда фаст фуд өнімдерін сататын сауда нүктелері өте көп. Мұндағы фаст фуд деп отырғанымыз – жүре жеуге өте қолайлы, өте тойымды және тез дайындалатын тағам.
Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп, дәрумендер мүлдем жоқ. Фаст-фуд тағамын көп мөлшерде қабылдауы шынымен химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Фаст-фудқа дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады. Осы қоспалар арқылы тамақты дәмді етіп, көп мөлшерде тамақтануға әсерін тигізеді.
Дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы зиянды химиялық қоспалар ағзаға біртіндеп әсер етіп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды химиялық қоспалар себепші.
Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі ағзаның қарқынды өсуі мен балалардың тіршілік әрекетіне байланысты энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету керек. Май мен қанттың мөлшері жоғары өнімдерді көп мөлшер тұтыну болашақта семіздіктің, тіс жегісінің, гиповитаминоздың, сондай ақ микронутринттердің жетіспеушілігінің дамуына әкеледі. Сондықтан жалпы тәжірибесінде дәрігердің басты мақсатының бірі – балалар арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау болып табылады.
Қазіргі жағдайда мектеп оқушыларының денсаулық жағдайында созылмалы патологиялы меншікті салмақтың өсуі мен дені сау балалар санының азаюы басым. Өкінішке орай, асқазан жолының, бүйрек, зат алмасу процесінің ауруы, миопия мен сколиоз біздің балаларымыздың серігіне айналады.
Дұрыс тамақтанбау салдары рак ауруына да шалдықтырады. АҚШ-та ерлер 28 есе, әйелдер 7 есе ғана ауырады екен. Үндістанда барлығы 1,2% екен. Рак ауруы тазалыққа да, астың дәмді, таза болуына да байланысты.
Мысалы, суық жақта тұратын Якутия, Карелия АР-ында денені жылыту үшін ыстық тамақ, шай ішеді. Соның әсерінен рак ауруы 13-18% екен. Ал Прибалтика республикаларында 2,5%, ыстық шай ішу Орта Азия республикаларында кең тараған. Баланың ағзасы жаңа қалыптасып келеді, оның денсаулығының қандай болатыны алдына қойылған астың сапасына байланысты. Ағзасы калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану, яғни жұғымды, залалсыз тағамдарды күнделікті тұтыну керек. Жас ұрпақтың денінің саулығын ерте бастан ойлап, жастайынан асты таңдап ішіп, мүмкіндігінше табиғи тағаммен қоректенуге тырысу керек.