Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Ауруханада тамақтануды ұйымдастыру



бет80/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

7.19. Ауруханада тамақтануды ұйымдастыру


Ауруханада №1-14 емдік столдары, №15 жалпы стол 3-15 жастағы балаларға, №16 стол 1 жас 3 ай жасқа дейінгі балаларға тағайындалады. Бұл столдарды дәрігер тағайындайды. Мейірбике күнделікті науқастың ауру тарихынан диета номерін көшіреді. Бөлімшенің аға мейірбикесі сағат 13:00-ге дейін аурухана асханасына порционник (тапсырыс) жібереді.


Аурухана асханасынан бөлімше буфетіне қатал белгіленген уақытта тамақтар термоспен, беті жабылған, белгіленген ыдыстармен әкелінеді. Әкелінген тамақтар қажет болса жылытылады. Тамақты буфет қызметкері немесе медбике үлестіреді, аға медбике қадағалайды. Төсек режиміндегі науқастар палатада тамақтандырылады.
Буфетте нан, шай, қант 1 тәуліктен артық сақталмауы қажет. Тамақ қалдықтары арнайы белгіленген ыдыстармен сол күні сыртқа шығарылуы керек.
Ерте жастағы балаларға сүт қоспаларын медбике арнайы бөлмеде дайындайды. Тағамның температурасы 37С0-40С0 болуы керек. Әр тамақтанғаннан соң медбике желінген тамақ көлемін жазады, шөлмектерді және қолданылған емізіктерді стерильдейді.
Науқастың туысқандары әкелген тамақтарды палата медбикесі қадағалайды.


7.20. Мектептегі және балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру


Мектептегі және балабақшадағы медицина қызметкерінің міндеттері:



  1. Әкелінген тағамдардың сапасын, сақталу жағдайларын, сақталу мерзімдерін қадағалау;

  2. Ас мәзірін құрастыруда баланы қажетті тамақ мөлшерімен қамтамасыз ету;

  3. Тағамдардың дайындалу ережелерінің және асханасының тазалығын қадағалау;

  4. Дайындалған тамақтың балаларға берілуін қадағалау.




Әкелінген тез бұзылатын тағамдардың сертификаттары, дайындалған уақыты, қолдану уақыты көрсетілуі керек. Мұздатқыштардың температурасы 4-8С0 болуы керек.


Дайындалған тамақтың дәмін татқаннан соң сапасын, дәмін, органолептикалық қасиеттерін бракераж журналына жазып медбике үлестіруге рұқсат береді.
Сонымен қатар медбике тағамдарға С дәруменінің қосылуын қадағалайды.
Асхана жұмысшыларының мед. қараудан уақытылы өтулерін бақылайды.
Қолданылған ыдыстар 45-50С0-тағы ас содасы қосылған (100 гр 10 л-ге) сумен жуылып ыстық қайнақ сумен шайқалады, арнайы решеткаларда кептіріледі. Шанышқы, қасықтар қосымша 15 минут қайнатылған суға салынады. Шай ыдыстары 50-70℃ суда 2 рет жуылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет