Патологиялық анатомия. Квашиоркорда бауырдың, ұйқы бездің және асқазан-ішек жолдарының морфологиялық өзгерістері анық көрінеді. Бауыр ұлғайған, кесіндісін қарағанда түсі сарғыш. Микроскоппен қарағанда гепатоциттердің майлы дистрофиясын, лимфоцитарлы инфильтраттар, бауыр бөліктерінің шетінде дәнекер ұлпаларының өсуі айқындалады.
Бауырдың майлы дистрофиясы липопротеидтердің синтезінің төмендеуімен байланысты. Әдетте балаларда шемен дамымайды және адекватты тамақтану кезінде бауыр жасушаларында май қосындылары жоғалады. Ұйқы безінде жасушаның атрофиясы, ацинустардың жоғалуы, секреторлық түйіршектердің мөлшерінің кішіреюі, Лангерганс аралшықтарының гипертрофиясы, дәнекер ұлпалардың өсуі байқалады.
Атрофиялық құбылыстар түтікше саны азайған ішектің кілегейлі қабаттарында кездеседі. Бұл ішек ферменттерінің, дисахаридтердің тапшылығының дамуымен және сүттің сиыспаушылығымен бірге жүреді. Анемия, науқастарда әдетте нормохромды, нормоцитті және темір тапшылығы мен фолий қышқылымен жүзеге асады. Сүйек миында жасушаның эритроцитарлық қатарындағы гипоплазиясы көрінеді. Сонымен бірге иммунды тапшылық жағдайы да сипатты (Т және В жасушаларының тапшылығы).
Маразм
Маразм Квашиоркор тәрізді біріншілік ақуыз жетіспеушілігі салдарынан дамиды. Балаларда дамудың тоқтауы немесе кешеуілдеуі май және бұлшықет ұлпаларының атрофиясы байқалады. Аяқ-қол терілері дене арықтағандықтан салбырап тұрады. Денесіне қарағанда басы үлкен көрінеді. Ішектер ішек құрттарға толы болады. Бұған қосымша анемия және жартылай дәруменді жетіспеушілік, барлық мүшелер мен жүйелердің терең атрофиялық өзгерістері, сонымен бірге тимуста Т-жасушасының циркуляторлық төмендеуі байқалады. Сондықтан аурулардың жоғары сезімталдығы әсіресе жұқпалы бактерияларға және паразитарлығы осымен түсіндіріледі.
Осы ауруға жұқпалар қосылғанда болжам жақсы емес. Егер жұқпалы адекватты диетамен жойғанда болжам жақсарады.
7.25. Дәруменнің жетіспеуі және артуы
Дәрумендердің (Витаминдердің) жетіспеушілігі – бұл ағзаның дәрумен тапшылығымен шақырылатын патологиялық жағдайы. Дәруменнің толық жетіспеушілігі нәтижесінде дәруменнің болмауы, біртіндеп дәрумен жетіспеушілік дамиды. (І. Кесте)
Кейбір дәрумендердің аз мөлшері ағзада синтезделе алады. D Дәрумен стероидтың прекурсорында синтезделеді, дәрумен К және биотин-ішектердің ішкі микрофлорасында синтезделеді.
Шығу себебіне байланысты дәрумен жетіспеушілігін экзогенді және эндогенді деп ажыратады. Экзогенді немесе біріншілік дәрумен жетіспеушілігі себебіне тағамның құрамындағы дәруменнің аздығы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |