Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет5/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

1.2. Атмосфералық ауаның химиялық әсері. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы.


Ауа - газдардың қоспасы. Құрғақ ауада оттегі - 20,95 %, азот
- 78,09%, көмірқышқыл газы 0,03%. Онда бұлардан басқа аргон,
гелий, неон, криптон, сутегі, ксенондар бар. Өте аз мөлшерде
озон, азот оксиді, йод, метан, су булары кездеседі (1 кесте).
1 -кесте
Атмосфералық ауа химиялық құрамы бойынша бірнеше
газдардың қоспасы болып саналады. Олардың өздерінің
белгілі мөлшері болады
Газ Химиялық Газ Химиялық
құрамы % құрамы %

Азот 78,09 Метан 0,00022


Оттегі 20,95 Криптон 0,0001


Аргон 0,93 Азот тотығы 0,0001




Көмір қышқыл 0,93 Сутегі 0,00005

Неон 0,0018 Ксенон 0,000008


Гелий 0,00052 Озон 0,000001








Оттегі - биологиялық жағдайы бойынша ауаның ең маңызды
бөлігі. Табиғатта тірі ағзалар (адам, жануар) оттегіні әрдайым
пайдалануда, оттегінің көп мөлшері тотығу, жану, т. б.
құбылыстарда қолданылады.
Оттегінің осынша көп қолданылуына қарамай оның ауадағы
мөлшері тұрақты. Себебі бұл құбылыстарға паралелді өсімдіктер
дүниесінде қарама-қарсы құбылыстар жүріп жатады. Яғни көмір
қышқыл газының бойға сіңіруі жүреді және оттегі бөлінеді.
Атмосфераға оттегі өсімдіктерде болатын фотосинтез құбылысы
арқылы қабылданады. Фотосинтез нәтижесінде жылына
атмосфераға 5×1014т оттегі бөлінеді және осыған шамалас
мөлшері қолданылады. Оттегінің ауада түзілуінің тағы бір жолы,
соңғы мәліметтер бойынша күн сәулесі әсерінен су молекуласы
оттегі молекуласын түзіп ыдырайды.
Оттегін ағзаның пайдалануы жасқа байланысты. Егде жаста
ол 70%, жас балаларда ол 110-120% құрайды.
Ағза оттегі жетіспеушілігіне өте сезімтал. Егер оның
мөлшері ауада 17%-ға дейін төмендесе пульс жиілейді, тыныс та
жиілейді. Ал 11-13% болса оттек жетіспеушілігін әкеледі. Ол
жұмыс қабілетін жылдам төмендетеді, 7-8 % болса өмір белгісі
болмайды.
Соңғы жылдары оттегінің жоғары концентрациясы (жоғары
қысымда) хирургиялық практикада, акушерияда қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет