Көмірқышқылгазы - түссіз, иіссіз, 1-1/2 - есе ауадан ауыр.
Планетаның жылу балансы СО2 -на байланысты. Оның 3%-ға
дейін көбеюі тыныс алу жүйесінің бұзылуына (демікпе), бас
ауруына, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеледі. 4-5 %-ға жетуі
бет қызаруына, бас ауруына, құлақ шуылдауына, қан қысымының
көтерілуіне, жүрек соғысының күшеюіне, мазасыздыққа әкеледі.
Егер ауада СО2-ң мөлшері 8-10% болса тез естен танып, өлімге
ұшыратады.
Дискомфорт сезімі ауада СО2-ң мөлшері 0,1%-н асқанына
ғана байланысты емес, сонымен қатар ауаның физикалық
қасиетінің бұзылуына да байланысты. Мысалы: адам көп
мекемелердегі ауа ылғалдылығы, температурасы, иондық құрамы
(әсіресе оң) өзгеруінен болады.
Қысқа толқынды ультракүлгін сәулесінің (200 мл) әсерінен
оттегі молекуласы ыдырап оттегінің жеке атомдарын түзеді, ол
қайтадан оттегінің дербес молекуласына қосылып озонды
құрайды.
Жоғарыға шығу кезінде оттегінің парциалды қысымының
төмендеуі оттегілік ашығу дамиды. Оттегінің парциалды
қысымының критикалық деңгейі 110 мм с. б. бойынша.
50-60 мм. с. б. бойынша төмендесе өлімге алып келеді. Ал
егер 600 мм с. б. жоғары болса ағзада патологиялық құбылыстың
дамуына, өкпенің өмірлік сиымдылығының азаюына, өкпе
ісінуіне, пневмонияға алып келеді.
Озонның жалпы биологиялық маңызы зор: ол биологиялық
объектілерге қатерлі болып келетін қысқа толқынды ультракүлгін
сәулесін бойына сіңіріп алады. Озон өз бойына инфрақызыл
сәулесінің ұзын толқынын да жинақтай алады, олай болмағанда
жер тоңазытқыш болар еді.
Озонның ең көп мөлшері жер бетінен 20-30 км биіктікте,
одан төменде азая береді. Көктемде озон концентрациясы
күздегіден көп. Озон тотықтырғыш болғандықтан қаланың лас
ауасында, ауылды жермен салыстырғанда, аз болып келеді. Демек,
озонның ауада көп болуы тазалықты білдіретін гигиеналық
көрсеткіш.