Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет7/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Азот ауада ең инертті газ, оны топырақтағы бактериялар,
өсімдіктер бойына сіңіріп отырады, сөйтіп ақуыздың пайда
болуына әсерін тигізеді. Ауаға азот қайдан келеді? Ағаштың,
көмірдің, мұнайдың жануынан, органикалық қоспалардың
ыдырауынан. Осылайша табиғатта үзілмей тоқтаусыз жүріп отыратын құбылыс орын алады. Ауада азот оттегінің ерітіліп
пайдалануына жағдай жасайды, өйткені таза оттегімен тыныс алу
мүмкін емес.




Көмірқышқыл газы атмосфералық ауаның негізгі
құрамының бірі. Бүкіл табиғат әлемінде 146 млрд. тонна СО2 бар
десек, оның тек 1,8% ауада. 70% теңіз бен мұхит суларында
еріген күйінде болады, ал 22% - кейбір минерал элементтердің
әктің және доломитттің құрамында. Қалған мөлшері мал және
өсімдіктер әлемінде, тас-көмір, мұнай мен шіріген заттарда.
СО2 атмосфераға адамдардың дем алуынан бөлінеді (малдың
да), жанудан, ішуден, ашудан, әк пен доломиттердің өндірісте
қайнатылуынан пайда болады. Сонымен қатар оны өсімдіктер
фотосинтез кезінде пайдаланады. Осылайша пайда болу мен
пайдаланудың арасында тепе-теңдік байқалады, сондықтан оның
мөлшері ауада бір деңгейде 0,03 % көлемінде кездеседі. Өндірісі
көп дамыған қалаларда оның мөлшері 0,037%-ға жетуі мүмкін.
Адам мен жан-жануарлар үшін СО2-ның физиологиялық
маңызы зор, ол тыныс алу орталығын қоздырушы болып
саналады.
СО2-ның жоғары концентрациясымен дем алу тотығу-
тотықсыздану процесін бұзады, оның мөлшері жұтқан ауада 4
пайызға жеткенде бас ауырады, құлақта шу пайда болады, жүрек
соғады. Ал 8 пайызға жетсе - ағза Гигиеналық тұрғыдан қарағанда СО2-ның ауадағы мөлшері
тазалық көрсеткіші.
Емханалық орындардың ауасындағы СО2-ның шекті мөлшері
0,07% -тен аспауы керек, ал үй және қоғамдық орындардың
ауасында 0,1%-тен. Кейінгі көрсеткішке сүйеніп біз ауаның тиімді
алмасып түрғандығын анықтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет