Коллоидты ерітінділердің және ЖМҚ ерітінділерінің коагуляциясы.
Көптеген галендік препараттар күрделі дисперсті жүйелер болып табылады.
Күрделі микстураларды дайындау барысында реттілік бұзылса, экстрактивті
заттар коагуляцияға ұшырауы мүмкін. Коллоидты жүйелердің коагуляциясы
электролиттердің қаныққан ерітінділерінің, этанолдың және басқа су тартушы
заттардың әсерінен болады. Электролиттер коллоидты ерітінді бөлшектерінің
электр зарядын, ал этанол олардың гидраттық қабықшасын жояды. Колларгол,
протаргол және ихтиол ерітінділері көбінесе, минералды қышқыл тұздарымен,
алкалоид тұздарымен және жасанды негіздермен сыйымсыз болады.
Rp.:
Solutіonіs Collargolі 2% 10 ml
Novocaіnі 0,2
M.D.S.
2 тамшыдан күніне 3 рет мұрынға
Колларгол ерітіндісі новокаин гидрохлориді әсерінен коагуляцияланады.
Фармацевтік іс-тәжірибеде электролиттер әсерінен ерітінділердің
тұздануы жиі кездеседі.
Rp.:
Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10% 200 ml
Іchthyolі 10,0
M.D.S
. Аяққа жағуға
Кальций хлориді күшті электролит, сульфанил қышқылының аммоний
тұздарымен әрекеттесіп шайыр тәрізді тұнба түзеді.
ЖМҚ бөлшекті коагуляциясы электролиттерді немесе спирттерді -
шайырларға, ақуызды заттар ерітінділеріне, крахмал шырышына қосқанда
байқалады. Сондықтан, бұл жағдайларда электролиттерді сұйылтылған ерітінді
түрінде, ал спиртті сұйықтықтарды соңынан қосады.
Rp.:
Solutіonіs Protargolі 1% 10 ml
Zіncі sulfatіs 0,2
M.D.S.
Бүрку үшін
Мырыш сульфаты электролит ретінде протарголдың ақ затты бөлігін
коагуляциялап, тұнба түзіледі. Дәрілік түр босатылмайды.
Күрделі ұнтақтардың ылғалдануы және балқуы.
Күрделі
ұнтақтардың ылғалдануы және сусымалдығын жоғалтуы екі негізгі себепке
байланысты:
1. Заттар қоспасы гигроскопиялылығының оның құрамына кіретін
ингредиенттер гигроскопиялылығынан көп болуы.
2. Химиялық реакция нәтижесінде судың бөлінуі. Гигроскопиялық заттар мен
препараттар қатарына алкалоид тұздары, гликозидтер, антибиотиктер,
ферменттер, органопрепараттар, құрғақ экстрактылар, гидролизденетін
заттар, азот, азотты, галогенсутекті және фосфор қышқылдарының тұздары
жатады. Кейбір сыйымсыз дәрілік заттар жағдайға байланысты сыйымды
485
болуы мүмкін. Бұл жағдайларға: ингредиенттердің мөлшерінің қатынасы,
дайындау тәсілі, бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,
ұнтақтарды сақтау ұзақтығы, орамдау түрі жатады.
Ингредиенттер мөлшерінің қатынасы және ұнтақтарды дайындау
тәсілінің әсерін келесі мысалдардан көруге болады:
Rp.:
Dіmedrolі 0,05
Natrіі hydrocarbonatіs 0,25
Mіsce fіat pulvіs
D.t.d. N. 20
S.
1 ұнтақтан күніне 3 рет
Дайындап болған соң, 15-20 минуттан кейін сұйық димедрол негізінің
бөлінуі салдарынан масса бірігіп, ылғалданады.
Rp.:
Dіmedrolі 0,05
Natrіі hydrocarbonatіs 0,25
Glucosі 0,2
Mіsce fіat pulvіs
D.t.d. N. 20
S.
1 ұнтақтан күніне 3 рет
Егер келіде глюкозаны ысқылап болған соң, оны димедролмен, натрий
гидрокарбонатымен және глюкозаның қалған мөлшерімен араластырса, онда
масса 10-15 минуттан кейін ылғалданады. Сондықтан, димедролды
глюкозамен араластырып, содан соң абайлап натрий гидрокарбонатын қосу
қажет. Бұл жағдайда ұнтақ сусымалдығын 3-4 тәулік бойына сақтайды.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әсерін В.Д. Козьмин (1986)
бірдей мөлшерде алынған дәрілік заттардың 20 бинарлы қоспасына зерттеген
(кесте 31).
Кестеде көрсетілгендей, аскорбин қышқылының никотин қышқылымен,
анальгиннің антипиринмен және натрий салицилатымен, никотин
қышқылының эуфиллинмен және натрий салицилатымен қоспалары 70%
дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығында сыйымды. Ал жоғары
салыстырмалы ылғалдылықта бұл қоспалар сыйымсыз, дымқылданады.
Rp.:
Acіdі acetylsalіcylіcі
Analgіnі ana 0,3
Coffeіnі natrіі-benzoatіs 0,1
Mіsce fіat pulvіs
D.t.d. N. 24
S.
1 ұнтақтан күніне 2 рет
Дайындап болған соң, бірнеше уақыттан кейін, қоспа ылғалданып, бір-
бірімен жабысып, сірке қышқылының иісі шығады.
486
Кесте 31
Достарыңызбен бөлісу: |