Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


Тақырып 10: Өрт қауіпті және жарылғыш дәрілік заттардың сақталуы



бет42/47
Дата03.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#133656
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Фармацевтикалық-тауартану

Тақырып 10: Өрт қауіпті және жарылғыш дәрілік заттардың сақталуы.
Медициналық газдар.
таҚырыптыҢ маҢыздылыҒы:
Осы тақырыпты білу студенттерге өрт қауіпті және жарылғыш дәрілік заттардың дұрыс сақтауды ұйымдастыруды үйретеді. Дәрілік заттарды сақтау олардың емдік қасиетін, агрегаттық жағдайын, түрін жоғалтпауына жағдай жасалады, оларды бұзылудан сақтайды. Сонымен қатар осы топ дәрілік заттармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігін білудің маңызы зор. Медициналық тәжірибеде өрт қауіпті және жарылғыш заттар кеңінен қолданылады. Бұларды дұрыс сақтамау өртке немесе қопарылысқа әкелуі мүмкін.
Сондықтан осы топ дәрілік заттардың сақталуын дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Ал медициналық газдарға оттегі және азот тотығы жатады. Олар емдеу мекемелерде біріншілік көмек көрсеткенде, травма алғанда, операцияларда қолданылады. Осы тақырып бойынша алынған тағылымдар мен білімдер болашақ тәжірибелік жұмыстарында қолданылады.


Сабақтың мақсаты:
Студенттерге дәріханалық мекемелерде тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың номенклатурасымен, сақталуын ұйымдастырумен таныстыру.
Тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың физикалық, химиялық қасиеттері, дәріхананың қор сақтау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Фармацевтикалық істің нормативті актілері, бұйрықтары білімдері негізінде


Студенттер жасай алуға тиіс:

  • тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттарды топтастыруды;

  • тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттардың сақтау орындарын жабдықтауды;

  • осы топ дәрілік заттармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігін сақтауды;

  • дәріханалық мекемелерден тез тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттарды босатылуын және сақталуын ұйымдастыруды;

  • медициналық газдарды топтастыруды;

  • медициналық газдарды қамсыздандырушылардан қабылдауды және оларды дәріханалық мекемелерден босатуды;

  • дәріханалық мекемелерде медициналық газдардың сақталуын ұйымдастыруды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет