Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңізді сұранады



Дата25.11.2023
өлшемі15,52 Kb.
#125765
Байланысты:
ЕСКЕРУ АТА АНАҒА (1)


Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңізді сұранады.
Сізден балаңыздың қауіпсіздік ережелерін сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауыңызды сұраймыз.

  1. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;

  2. Балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз;

  3. Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру;

  4. Түнгі уақытта тұрғын үй жәйдан тыс жерде ата-анасының еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін далада жүрмеуге;

  5. Жолда, көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру;

  6. Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру;

  7. Компьютерді пайдаланғанда қажет емес сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз;

  8. Бүгінгі күнде қоғамда адам өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылық жағдайлардың ішінде, баланы ұрлау, жәбірлеу жолдары, өзіне қолжұмсау жағдайлары кездеседі. Осы жағдайларды болдырмау үшін қоғам, соның ішінде ата-ана баланың уақытын тиімді ұйымдастыруы қажет. Баланы аялау, жылы сөйлеу, назар аудару, баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал ету;

  9. Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайтындығын ескертіп отыру;

  10. Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қақтығыстар, әлімжеттік жасау және жабылып соққыға жығу фактілері көптеп орын алып жатыр. Сол себепті де балаңызды ұялы телефонда кіммен сөйлесіп, немен айналысып жатқанын үнемі бақылап отырыңыз;

  11. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жүргізуші куәлігінсіз автокөлік жүргізуге болмайды. Мұндай жағдайға рұқсат жоқ. Балаларға ата-аналары үйде жоқ кезде рұқсатсыз автокөлікті жүргізіп кетуге қатаң тыйым салыңыз. Жол оқиғасы орын алған жағдайда ата-аналарының (көліктің иесі) жауапкершілікке тартылатынын ескертіңіз.



Аталған нұсқаулықтардың орындалуы, талаптардың қатаң сақталуы, жауапкершілігі ата-аналарға міндеттеледі.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Құрметті ата-ана!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
Балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз;
Түнгі уақытта тұрғын үй жәйдан тыс жерде ата-анасының еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін далада жүрмеуін қатаң бақылауға алыңыз!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет