Төртінші кезеңде мейірбикенің күтім жасау жоспары 3 типті
араласуымен болады: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелділік.
Тәуелді араласу – дәрігердің бақылауымен, оның нұсқаларын мейірбике бұлжытпай орындайды (наркотикалық заттарды енгізгенде, науқасқа, қатаң тәртіп пен емдәм тағайындағанда), және де әрдайым мейірбике дәрігермен кеңесіп тұруы қажет.
Тәуелсіз араласу – дәрігердің талабынсыз мейірбике өзі әрекет жасай береді. Мысалы, науқастың өзіне күтім жасау барысында көме к көрсету, науқастың өз ауруына реакциясы мен бейімделуін қадағалау, науқастың ауру дәрежесіне сай өзіне күтім жасауы мен тазалықты қалай сақтау керектігін үйрету және т.б., науқастың денсаулығына байланысты кеңес беру.
Өзара тәуелділікпен араласу – мейірбикенің физиотерапевт, диетолог, ЕДШ дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі.
1.2 Гериатриялық науқастарға фармакотерапиялық ем жүргізу кезіндегі ерекшеліктер • дәрі-дәрмекті әр науқасқа жеке таратып, бір реттік ішетін дәрмекті қайта-қайта қабылдау ережесін түсіндіру;
• ауыз арқылы қабылданатын дәрілерді қабылдау аралығы 40 – 60 минут болу керек;
• қабылдаған дәрілер ағзаға кештеу әсер етуі мүмкін, себебі ағза қартайғандықтан асқазан-ішекте сіңірілу үдерісі төмендейді, шеткері қанайналым төмендегендіктен теріастына немесе бұлшықетке енгізілген ерітінді ұзақ уақыт кешігіп сіңіріледі;
• енгізілген дәрмектердің бүйрек, ішек, бауыр арқылы сыртқа шығарылуы төмендейді;
• бұрын қабылдаған дәрілерге де аллергия туындауы мүмкін;
• орта терапевтік ½-1
/3 көрсеткішінен дәрі мөлшері азаяды;
• созылмалы ауруларда қабылдаған дәрілерге бақылау жасау.
Мейірбике бірнеше егде және қарт жастағы науқастармен жұмыс істегенде, бәріне бірдей көңіл бөлуі керек, науқасты бөлектемеу керек.
Науқастың физиологиялық және эмоционалдық жағдайына көп көңіл бөлу керек, себебі бұл нәрсе келешекте науқастың тез айығып кетуіне жол береді.
Бесінші кезеңі. Науқасқа күтім жасау барысында оның сапасына мейірбике баға беру керек. Жасаған іс-әрекетіне анализ жасап, қателіктерін түзеуге, дұрыс шешім қабылдауға бағытталған шараларды игеру керек.
Мейірбикелік үдеріс орталығында – науқасты жеке тұлға ретінде қарап, белсенді медқызметкерлермен жұмыс жасайды.