Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) рентгендік көрінісіне мына белгілер тән: 1) шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы;
2) эпифиздердің жиекшелік остеосклерозы (субхондралық остеоск-лероз);
3) эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;
4) сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі; :
5) сүйектердің ұясынан таюы;
6) остеопороз.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) аз симптомдық түрі көбіне жас шақта кездеседі. Күш түскеннен кейін буындар ауырады, сыртылдауы байқалады, кейде Гебердсн түйіндсрі пайда болады.
Буыңдардың функциясы бұзылмайды. Рентгендік өзгерістер І-Ш сатыдан аспайды және болатын өзгерістер бір немесе бірнеше буындарда ғана байқалады.
Баяу орістейтін барысы барлық жаста бола береді. Буындардың өзгсрісі, аурудың басталуынан 5 жылдан кейін, біртіндеп қалыптаса -ды. Бұл остеоартроздың ең жиі түрі.
Остеоартроздың ауырлау келетін тез өрістейтін барысы жас шақта ксздеседі. Буын өзгерістері, аурудың басталуынан 5 жылдың ішінде тез дамиды. Көптеген буындар бір уақытта зақымданады, Геберден, Бушар түйіндері пайда болады, буыңдар деформацияланады. Сонымен бірге периартрит, синовиит, бұлшықет атрофиясы, неврологиялық бұзылыстар ерте қосылады.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) кейбір зақымдану түрлері: Саусақ буындарының зақымдануы — көбіне климакс шағындағы әйелдерде байқалады. Басым зақымданатын — саусақтың дисталді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттер буынның сыртында
түйін тәрізді көрінеді. Дисталді буындардың түйіндері — Геберден, ал
ортаңғы фалангааралық буындардікі — Бушар түйіндері деп аталады.
Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндср шыққан соң, бұл белгілер басылады. Саусақтарда түйіндердің бар-жоғына қарай остеоартроздың түйінді және түйінсіз түрлерін айырады.
Түйінді остеоартроз тұқымқуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында (әжесінен немересіне дейін) таралады. Түйіндер остеоартроздың нашар белгісіне жатады. Қол ұшымен, әсіресе суықсуда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кеш теу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқтыболып қоймай, буынды жа ғалай өсіп, сақина тәрізденеді.
Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермсн айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік-алақан буыны жиі зақымданады. М ұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады.
Гоноартроз - әйелдерде жиілеу ксздеседі (1-сурет). Тізелер баспалдақпен түскенде немесе көтерілгенде көбірек ауырады. Әдетте екіншілік синовиитпен жүреді. Ақырында аяқтың вирустық "X", сиректеу -вальгустық "0" тәрізді деформациясы қалыптасады. Орготеин (супероксиддисмутаза) - антиоксиданттық корғаныс жүйесінің басты ферменті. Қабынуды тез басады, сондыктан синовиит болғанда тиімді
әсер етеді. Оны 0,004 г аптасына бір рет буынға салады. Әсері 3 айға созылады.
Физиотерапия. Базистік емнің бір саласы — физиотерапия.
Шеміршектің, сүйектің метаболизмін күшейтіп, деструкциясын бөгейді.
Буындар ауырсынып, ішінде сұйықтық жиналса гидрокортизон мен фонофорез, эритемалық дозадағы ультракүлгін сәулесі, новокаин және анальгинмен электрофорез, динамикалы қ тоқ колданылады.
Реактивті синовиит болмағанда - жергілікті қыздыру шаралары тиімді: озокерит, парафин, балшық аппликациялары және ДМСО аппликациялары, локалді баротерапия.
Буындардың ауырсынуын басу және реактивтік синовиитті емдеу.
Ауырсыну мсн қабынуды жою үшін аз уақыт (5-7 күн) ауырғандықбасылғанға дейін стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектсрді қолданады (индометацин, флугалин, сургам, вольтарен, пироксикам т.б.).
Бұларды ұзақ қолданса, шеміршектің дегенерациясын күшейтеді деген пікірлер бар. Бірақ пироксикам мен вольтарен айтарлықтай дистрофиялық әсер етпейді. Остеоартроздың емінде стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмсктерден шеміршекке зиян келтірмейтін түрлері тиімді - нимесулид (найз) 100-200 мг тәулігіне.
Синовииттің емінде буын ішіне протеолиз ингибиторларын, ПВП-ны, гидрокортизонды енгізеді және жоғарыда айтылған физиотерапиялық шараларды қолданады.
Ауырсынуды басатын майлар мен аппликациялар. Ауырсыну мен қабынуды басу үшін индометацин, бутадион майын, гель түріндегі диклофенак немесе вольтаренді, никофлексті (капсацин+ этилнико-тинат+этиленгликолсалицилат+лаванда майы), финалгонды қолданады.
Майды буынның бетіне ысқылап жағады. Май немесе гельден компресс жасайды. Бұларды димексидпен қосып колданса, емдік әсері жогарылайды (қолдану әдісі ревматоидтық артриттің емінде берілген). Мысалы, мынадай құрамы күрделі аплликацияларды жасайды: гидрокортизон ацетатының суспензиясы 2,5% - 5 мл; супрастиннің 2% ерітіндісі - 2 мл (немесе 1% тримекаин ерітіндісінің 3 мл); калий йодының 3% ерітіндісінің 50 мл; димексидтің 50% ерітіндісінің - 50 мл компресс
түрінде жатар алдында.
Өт және қызыл бұрыш қосылған камфорлық аппликация: камфорлық спирттің 160 г және ұсақталған ащы қызыл бұрыштың 2-3 данасын косып, қоңыр шыныда 7 күн ұстайды. Содан кейін компресс жасайды. Компресті 2-6 сағатқа дейін ұстауға болады. Ем курсы - 5-10 процедура. Буындардың ауырсынуын "хондроксид" майы жақсы басады.