Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


VII. Қарттардағы сүйек-буын жүйесінің аурулары



бет44/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Байланысты:
геронтология және гериатрия кітап

VII. Қарттардағы сүйек-буын жүйесінің аурулары
Деформациялаушы остеоартроз. Остеохондроз.
Клиникалық ағымының ерекшеліктері. Емі
7.1 Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) - қол-аяқ, омыртқа бағанасы буындарының дегенерациялы-дистрофиялық ауруы.
Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады, шеттік остеофиттер және екіншілік синовиит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы ағзаның табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық үдерістің бірі.
Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады. Деформациялаушы остеоартрозда (ДОА) дамитын буын шеміршегінің өзгерістері кәрілікте дамитын өзгерістермен бірдей, бірақ оған қарағанда ертелеу басталады және буын маңындағы тіндердің закымдануына әкеледі.
Этиологиясы. Даму тегіне қарай остеартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айырады.
Біріншілік түрі - бұрын зақымданбаған сау буын шсміршектерінің уақытынан ерте тозуы. Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА)біріншілік түріне жас адамдардың идиопатиялық остеоартрозы және егде жастағылардың инволюциялық остеоартрозы мен остеохондрозы атқызылған. Біріншілік остеоартрозда б уын шеміршектерінің
уақытынан бұ рын тозып "кәріленуінің" себептері нақты анықталмаған.
Екіншілік түрі - бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре дамитын дегенерациялық бұзылысы. Екіншілік остеоартроз сүйек эпифиздерінің басқа бір себептерден үйлесімділігінің жойылуынан болады, мәселен дисплазиядан, жарақаттан, туа кемістіктерден немесе шеміршек метаболизмінің бүзылысынан
(эндокринопатияларда), кәсіпке байланысты буынға асыра күш түсуінен.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды айырады.
Ішкі факторлар:
• дене бітімінің немесе тірек-қимыл жүйесінің кемістігінен буынбеттсрінің үйлесімділігінің жойылуы (қазтабан, qenu varum , Qenu valgum, омыртқа бағанасының сколиозы, буын осінің ауытқуы, жалғамалардың осалдығы, сіңірдің созылуы т.б.); мүндай жағдайларда буынғатүсетін күш және шеміршектің басылуы 2 -3 есе артады;
• буынға салмақ түсіретін семіздік;
• эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз,
климакс);
• байламдардың осалдығынан буындардың гипермобильділігі (Марфан
синдромы т.б.);
• метаболизмдік бұзылыстар (гемохроматоз, охроноз, подагра), буындардың өзге аурулары (РА, сүйектің асептикалық некрозы т.б.);
• буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы (остеоартрозбенауыратын науқастардың туысқандарында бұл ауру екі есе жиі кездеседі).
Сыртқы факторлар:
• жарақаттар, микрожарақаттар, мысалы, парашютистсрдің тізе буындарының ерте зақымдануы; өткірлігінен буынның қабын және маңындағы тіндерді жарақаттайды, осыдан кей жағдайларда екіншілік синовит дамиды.
Шеттік остеосклероз жалаңаштанған сүйек бастарының әрі қарай бұзылуына жол бермейді. Шеттік остеосклероз, рентгенограммада айқын көрінетін, сүйек басын жағалайтын сызықша тәрізді көрініс береді.
Остеофиттердің жанынан түсірген рентгенограммалық көрінісі құс мұрнына немесе тікенге ұқсайды. Аталған өзгерістермен бірге остеопороз дамиды, осыдан сүйектің бастарында кисталар түзіледі.
Жүре келе буыніші байламдары атрофияланады, буын қабы қалыңдап тығыздалады, буындар деформацияланады, үйлесімділіктің жойылуынан, кейде сүйектің басы ұясынан таяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет