Қарт жастағы адамдардың тамақтану мәзіріне ұсынылатын негізгі тағамдардың тәуліктік жинағы 4-кесте
Тағам Салмағы,г
Қара және бидай наны 250
Макарон өнімдері 30
Жарма (қара құмық, сұлы, жүгері) 60
Өсімдік майы 20
Сары май 10
Қышқыл сүт өнімдері 400
Сүзбеше (майлы емес) 70
Ірімшік 10
Қаймақ 20
Картоп 200
Көкөніс 640
Өсімдік, шырын 300
Қант 30
Әсел 20
Ет (майлы емес) 150
Балық 50
Жұмыртқа 25
Бірнеше тиімді кеңестер - Етті және балықты қайнатылған немесе бұқтырылған түрде дайындау.
- Ет және балық сорпаларынан бас тарту, өйткені оның құрамында холестерин және экстрактивті заттар құрамы көп болады, олар өз кезегінде атеросклероз дамуына алып келеді.
- Егер қуырылған еттен бас тарта алмаса, оны майсыз арнайы табада немесе грильді қолдан у керек, сонда канцерогенді заттардың түзілуі төмендейді.
- Көкөністерді буда немесе өз шырынында бұқтырса, сол арқылы құрамындағы құнарлы заттары және спецификалық иісі сақталады.
- Тағамның майын қалқып алу керек: май судан жеңіл, сол себепті тамақты қайнатқанда немесе бұқтырғанда тағам бетіне қалқып шығады.
- Әр науқастың тамақтануын бақылауды үйрету. Тамақты көп жеп қоймас үшін асықпаңыз, тойғанды сезіну үшін уақыт керек екендігін түсіндіру.
- Үйде түстену кезде, күнделікті порцияның жартысын салуды ұсыну.
VI. Эндокриндік жүйе ауруларының егде және қарт жасқа байланысты ерекшеліктері. Қант диабетінің диетасы Қантты диабет (ҚД, diabetes mellitus) ағзада инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен туындап және көмірсу, май, ақуыз алмасуларының қатты өзгеруімен сипатталатын ауру.
Сырқаттың екі негізгі түрін ажыратады: I типі – инсулинге тәуелді (ИТҚД), II типі - инсулинге тәуелді емес қант диабеті (ИТЕҚД).
Этиологиялық факторлардың саны көп. Қантты диабеттің I типінің пайда болып дамуына вирустық инфекциялар ( Коксаки, қызылша, эпидемиялық паротит вирустары) әсер етеді. ИТҚД-ке бейімділік HLA жүйесінің белгілерімен байланысты, зерттеу аутоиммундық диабетінің I типінде Лангерганс аралшықтарының антигендеріне антиденелер түзілуімен сипатталады. ИТЕҚД кезінде алиментарлық семіздік бірден-бір себеп екені дәлелденген. ҚД ұйқы безі ауруларының
нәтижесінде дамуы мүмкін (жедел және созылмалы панкреатит,
ісіктер). ҚД бейімділігі бар адамдарда қант диабетіне эндокринді аурулар әкелуі мүмкін (жайылған уытты зоб, Иценко – Кушинг ауруы, акромегалия, феохромоцитома). Дәрілік заттарды ұзақ қолданғанда қант диабетінің дамуына себепкер болуы мүмкін. Уытты заттары бар өнімдерді қолданғанда, олар ұйқы безінің бета – жасушасына әсер етіп, нәтижесінде ҚД-ке алып келуі мүмкін. Инсулиннің абсолюттік не салыстырмалы жеткіліксіздігі зат алмасу үдерістерінің барлық түрін көмірсу алмасуын (гипергликемия, глюкозурия, бауырда гликоген синтезінің нашарлауы), ақуыз алмасуын (глюкоза түзу үшін ағза өз тінінің ақуызын ыдыратады, бұл кезде теріс азотты баланс дамиды), май алмасуын (инсулин тапшылығы липолизді күшейтіп, қандағы бос май қышқылдарының мөлшері артады, олардан кетон денелері түзіліп,
кетоацидозға ұшыратады), су-тұз алмасуын (глюкозуриядан бүйрек өзекшелеріндегі осмостық қысым көтеріліп, зәрдің көбеюі дамиды, ол сусыздануға және калий, натрий иондарын жоғалтуға әкеліп соқтырады) бұзады.
ИТҚД-нің даму механизімін бета-жасушалардың деструкциясымен байланыстырады, ол өз кезегінде абсолютті инсулин жетіспеушілігіне әкеледі. Патологиялық үдеріске аутоиммунды механизм араласып, панкреатикалық аралшықтар жасушасына антидене түзіледі, нәтижесінде диабетке басқа да аутоиммунды аурулар қосылады
(жайылмалы уытты зоб, біріншілік гипотиреоз, а утоиммунды тиреоидит т.б.) ИТЕҚД даму механизмін панкреатикалық бета-жасушасының аралшықтарының рецепторлық аппараты бұзылыстарын және перифериялық инсулинге тәуелді тіндермен байланыстырады.
Клиникалық көрінісі. I типті қант диабеті жас адамдарда жиі кездеседі және тез дамиды, мұндай аурулардың ауруханаға кома немесе комальды жағдайында түсуі әбден мүмкін. ҚД ІI-i типі баяу дамиды, кейде кездейсоқ анықталады, көбіне орта және егде жастағы адамдарда кездеседі. Науқастар ауыздың құрғауына, шөлдеуге
(полидипсия), зәрдің көп мөлшерде бөлінуіне (полиурия), қатты ашығуға (булемия), терінің қышуына, салмағының азаюына шағымданады. Қарап тексерген кезде тері қабаттарының, бет және маңдай тұсының қызарғанын, кей жерлерде қабыршақтанғанын көруге болады. ҚД-мен ауыратын науқастар шиқан шығумен және саңырауқұлақты аурулармен, туберкулёзбен сырқаттануға бейім келеді.
ҚД ауруында жүрек қантамыр жүйесі зақымданады, ол ең алдымен атеросклероздың көрінісі болып табылады. Қантты диабетпен ауыратын адамдарда миокард инфарктісі екі есе жиі кездеседі. Атеросклероз аяқтың ұсақ тамырларын зақымдайды (диабеттік микроангиоптия), біртіндеп ойық жараға, кейін шіріп гангренаға айналады. Майда
қантамырларының зақымдануы (микроангиопатия) бүйрек пен көздің торлы қабатының тамырларын да қамтиды. Диабеттік нефропатия протеинурия және артериялық қан қысымының көтерілу белгілерімен көрініп, соңғы кезеңдерінде диабеттік гломерулосклерозға, ол бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Бұл қантты диабет ауруларының өлімге ұшырауының бірден-бір себебі болып табылады. Науқастардың 60-80%-да диабеттік ретинопатия кездеседі,
ол көздің көруінің нашарлауына, кейін қатарактаға ұласады.
Нерв жүйесінің зақымдануы диабеттік нейропатиямен (сезгіштіктің, рефлекстердің төмендеуі, парестезиялар) сипатталады. Сондай -ақ диабеттік энцефалопатия дамиды, ол есте сақтау қабілетінің төмендеуі және т.б. бұзылыстармен анықталады. Қандағы қанттың мөлшерінің артуы (гипергликемия) - қантты диабет ауруының негізгі
белгісі. Қалыпты жағдайда глюкозаның қандағы мөлшері 3,8-6,7
ммоль/л. Бүйректің өзекшелерінде қанттың толық қайта сіңірілмеуі
нәтижесінде, қандағы глюкоза мөлшері 8,88 ммоль/л ден асқан шақта,
зәрде қант анықтала бастайды (глюкозурия).
Қантты диабет ауруын анықтау үшін арнайы сынақ жүргізіледі
(қантты жүктеме) науқасқа 75 г глюкоза ішкізіп, 2 сағаттан кейін қайта өлшейді, ол сол кезде бұрынғы деңгейіне келуі тиіс. Егер бұл көрсеткіш капиллярлық қанда 7,8-11,1 ммоль/л болса, глюкозаға тән толеранттылықтың бұзылуын көрсетеді.
Қантты диабеттің ауыр түрдегі асқынуларына диабеттік (кетоацидоздық, гиперосмолярлық, гипогликемиялық) комалар жатады. ИТЕҚД-тің даму барысы көбіне жеңіл не орташа болады, ал ИТҚД ауыр, орташа ауыр болып келеді. Қантты диабетті теңелту үшін 200 БӘ жоғары инсулин қажет болған уақытта инсулинрезистентті қантты диабет дейміз. Бұл кезде инсулинге қарсы антиденелер пайда болады.