Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Остеопороздың клиникалық әйгіленуі



бет50/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
геронтология және гериатрия кітап

Остеопороздың клиникалық әйгіленуі
1. Дене салмағының төмен болуы остеопороз және сүйек сынуының негізгі факторы. Май тінінің азаюы мен бұлшықет массасының төмендеуі жарақаттанғанда сүйекті толық қорғай алмағандықтан, сонымен бірге нәзік, арық әйелдердің сүйегі жіңішке болатындықтан тез сынады. Егер салмақтың төмен болуы шектеуші ас мәзіріне байланысты болса, адам салмағын жоғалта отырып, сүйек массасын да төмендетеді.
2.Арқа-жота тұсы, бел тұсының үнемі ауыруы остеопороз дамығаннан күшейеді. Омыртқалардың сүйек қаңқасы әлсіреп, аяқ астынан омыртқа сынуына әкелуі мүмкін. Сондықтан постменопаузалық кезеңде арқа ауырып, бүкіреюі байқалса, тез арада остеопорозға тексерілу керек.
3. Бойдың төмендеуі. Жас ұлғая келе омыртқа аралық диск созылғыштығын жоғалтуына байланысты 60-80 жаста адамның бойы 1-2 см шөгеді. Бойдың шөгуі остеопорозда омыртқалар деформациясына да байланысты болады.
4. Сүйек сынғыштығы - 40-жастан кейін остеопорозға байланысты сүйектің сыну қауіпін арттырады.
5. Стероидты гормондарды қабылдау (бронх демікпесі, ревматоидты артрит) кальций сіңірілуін бұзады.
6. Темекі шегу менопаузаны тездетеді, кальций сіңірілуін нашарлатады.
7. Сүйектің сынғыш, нәзік болуына қалқанша безі жұмысының бұзылуы, несеп ауруы себеп болады. Балтыр бұлшықеттері жиырылып, шаштың түсуі, тырнақта терең сызықтар пайда болуы мүмкін.
Остеопорозды алдын алу және емдеу үшін ағзадағы макро- және микроэлементтерді анықтап білген жөн. Бұл үшін шаштың спектралді талдауы, ал қажетті болған жағдайда қан мен қан сарысуының спектралді талдауын жүргізген жөн. Шашты тексеру аса құнды ақпарат береді.
Спекралды талдауды тырнаққа, зәрге де жүргізуге болады. Бұл зерттеу остеопорозға бейімділік болған жағдайда дұрыс алдын алуға, қажет болған жағдайда дұрыс емдеуге жәрдем береді. Осыған орай дұрыс емдәм, микроэлементті препараттар, дәрумендер, биофосфонаттарды дұрыс таңдауға жол ашады. Биофосфонаттар – алендронат, ризедронат, этидронат, бонвива сияқты дәрілер постменопаузалық кезеңде остеокластардың белсенділігін, сүйек резорбциясын баяулатады.Көптеген сырқаттар бұл топ дәрісін ұзақ қабылдау тәртібін сақтамаудан толық нәтижеге жете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет