Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Ұйқысыздықпен күресу ережелері



бет61/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
9.3 Ұйқысыздықпен күресу ережелері
Ұйқы – адам денсаулығының құрамдас бөліктерінің бірі. Ұйқыңыз жақсы болу үшін қарапайым әрі оңай ережелерді сақтау керек. Ең алдымен күн тәртібін сақтау керек. Күнделікті, тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, таңертең бір уақытта тұру керек. Кешке ұйықтау қиын болса, күндіз ұйықтамаңыз. Төсекте жатқанда өз проблемаларыңызды ойламаңыз.
Жатын бөлме немесе ұйықтауға арналған бөлме жақсы желдетілген болуы керек. Жастық пен матрац ыңғайлы, дұрысы ортопедиялық болғаны жөн.
Жатын бөлменің қабырғалары мен терезелері дыбыс өткізетіндей болуы керек. Ұйықтар алдында жарты сағат жаяу серуендеген пайдалы. Алайда денеге көп күш салуға да болмайды.
Түнге қарай тамақтануға болмайды. Кемінде ұйқыдан екі сағат бұрын тамақтану керек, кешкі ас ауыр болмағаны дұрыс. Түнге қарай алкоголді, қоздыратын (кофе, қою шай) және газдалған сусындарды ішуге болмайды, ұялы телефонды да өшірген абзал.
Ұйықтататын дәрілерден гөрі, түнге қарай жылы сүт, шөптерден қайнатылған бал қосылған шай ішу немесе босаңсытатын ванна қабылдаған дұрыс. Егер мұндай қарапайым ұсыныстардың ұйқыңызды реттеуге көмегі болмаса, маман дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз керек.
Ұйқыңыз толыққанды болмаса, денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.
9.4 Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй жағдайында күтім жасау
ДДҰ сарапшылары тарапынан Альцгеймер ауруы қоғамдағы маңызды әлеуметтік, экономикалық және психологиялық проблемалардың бастау көзі болып танылған. Сондықтан да науқастар медициналық -әлеуметтік қызметкерлердің ерекше назарына мұқтаж болады. Ал мұндай қызметкерлерде сыпайылық, шыдамдылық, науқасқа деген құрмет сезімі болуы керек.
Науқасқа сапалы жәрдем көрсетіп, оның азап-қайғысын мейлінше жеңілдету үшін, қызметкерлер Альцгаймер ауруының бастапқы және соңғы сатысындағы негізгі сиптомдары мен белгілерін білуі шарт.
Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың күтімі кәсіби біліктілікті қажет етеді, ал егер бұл міндет туысқандарға жүктелсе, бұл науқасты үлкен эмоционалдық стреске алып келуі мүмкін. Туысқандар өзінің жақын немесе сүйікті адамының кері кетіп жатқанына қиналады, бірақ көмектесе алмайды. Ал жақын адамдардың әлсіздігі тек науқастың ғана емес, олардың өздерінің де денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осыған байланысты мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлер науқасқа үй жағдайында күтім жасаушыларға психологиялық жәрдем көрсетіп, көптеген қиындықтардың алдын алу амалдарын үйрету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет