1.3.2 Гериатриялық тәжірибенің нозологиясы
Дәрігер, әдетте, кәрі адам ағзасының көптеген зақымдалуларындағы нозологиялық бірліктің кішігірім тізбегімен кездеседі. Бұл «қартаю үдерісі патологиялық кеш онтогенезіне тән кіші аясының пайда болуының нақты жағдайларын түзеді» деп түсіндіріледі.
Морфологтар мен клиницистер егде және қарт жастағы аурулар ішінде, қартаю үдерісімен байланысты өзара байланыстарының айқын ерекшеліктері бар, нозологияның екі тобын ажыратады.
Бірінші топқа жататын аурулар (қатаракта, саңыраулық, остеопороз, вульвовагиналды атрофия, қуық асты безінің нодулярлы гиперплазиясы, Паркинсон ауруы және өкпенің кәрілік эмфиземасы), қартаю үдерісімен өте тығыз байланысты және тек егде және қарт жастағы адамдарда кездеседі. И.В.Давыдовский бұл ауруларды нозологиялық бірліктер статусына ие болатын «кәрілік сырқаттарға» жатқызған. Олардың туындауы тікелей жасқа байланысты және қартаюдың салдарынан деп
есептеледі.
Екінші топ аурулары гериатриялық тәжірибеде жиірек кездесетін көптеген топтар, бірақ олармен орта және тіпті жас жастағы адамдар да ауыруы мүмкін. «Кәрілік сырқаттары» - жасқа белгілі бір қатысы болғанымен, қартаю үдерісіне тікелей тәуелді емес ( И.В.Давыдовский бойынша).
Гериатриялық тәжірибеде әртүрлі қосарлануымен жиі кездесетін аурулар:
- қолқаның, бас миы, жүрек, бүйрек, аяқ және ішек шажырқай айналымы тамырларының мультифокалды зақымдалуымен атеросклероз;
- артериалды гипертензия;
- өкпенің созылмалы обструктивті аурулары мен пневмониялар;
- қатерлі ісіктер (бірінші кезекте өкпе, асқазан-ішек жалпы мүшелерінің, бүйректердің, терінің, сонымен бірге ерлерде қуық асты безінің, ал әйелдерде сүт бездерінің және т.б.)
- секреторлы жеткіліксіздігімен созылмалы гастриттер;
- өт-тас ауруы;
- 2-ші типті қант диабеті;
- ревматикалық полимиалгия және самайлық артериит;
- аорта стенозы әктенуімен;
- Педжет ауруы ( деформациялық остит);
- семіздік;
- амилоидоз;
- көптеген миеломалар;
- психикалық депрессиялар;
- Альцгеймер ауруы;
- Паркинсон ауруы;
- глаукома.
Бұлардан басқа, қарттарға тән ауруларға, миелодиспластикалық синдром, монокланды гаммапатиялар, созылмалы лимфолейкоз, лимфомалар, арезорбтивті гидроцефалия, туберкулез, құрсау теміреткі (герпес зостер) жатады. Қарттардың жарақаттарға, жұқпаларға, тромбоэмболиялық асқынуларға, нейротрофикалық және психикалы қ
бұзылыстарға бейімділігі жоғары болады.
Егде және қарт адамдарда бұл аурулар көбіне білінбей, беткейлі, өзгеше клиникалық көріністермен және ешқандай айқын симптоматикасыз өтеді (жас науқастардағыдай). Бірақ, мұндай торпидті ағымға қарамастан, бұл аурулар айқын соматикалық және психикалық функционалдық өзгерістермен және асқынулармен жүреді және болжамы қолайсыз болып келеді.
Қарт әйелдерде, сүт бездері мен гениталийдің ісіктерінен басқа, ерлерге қарағанда, семіздік, гипотиреоз, өт-тас ауруы, өт қабының қатерлі ісігі, қант диабеті, самайлық артериит, ревматикалық полимиалгия және психикалық депрессиялар жиі кездеседі.
Аталған аурулар тізімі В.М.Дильманның (1986) «Қартаюмен біріккен ауруларындағы» адамның «басты» аурулары туралы түсініктермен сай келеді.
Қарттар арасындағы аурулардың таралуы туралы түсінікке статистикалық мәліметтер толық мәлімет бере алмайды. Мысалы, омыртқасындағы дистрофиялық-дегенеративті өзгерістермен және артроздары бар кәрі науқастар секілді, депрессивті жағдайдағы кәрілік деменциясы бар науқастар ауруханаға барлық уақытта жата бермейді.
Көптеген авторлар, егде және қарт жастағы адамдарда жүректің және мидың ишемиялық ауруы, артериалды гипертензия, қатерлі ісіктер және қант диабеті жиі кездеседі, – дейді. Бірақ, бұл аурулар, тек кәрілікте ғана емес, орта және жас жастағыларда да кездеседі. В.В. Фролькистің ойы бойынша бұл аурулардың ағзаның инволютивті-жастық құрылу кезінде, қартайған кезде туындауының қосымша биологиялық алғы шарттарын түзеді дейді. Д.Ф.Чеботарев және оның мектебінің өкілдері қартаюшы ағзаның жастық морфофункционалдық қайта құрылуын, өмірдің соңғы кезеңіндегі патологиялық зақымдалудың жоғарылауына себеп болатын, өзіндік «үлкен қауіп факторы» деп қарастырады. Бұл авторлардың ұсынып отырған, кәрілік пен жастық патологиялардың байланысын іске асыратын механизмдер, оның негізінде қарттық және егде жастағы көптеген созылмалы аурулары дамитын патогенетикалық платформа төмендегі сызбада айқындалған. (1-сызба)
Нысана ағзаның
қартаю
үдерісіндегі
құрылымдық,
метаболикалық, функционалдық
қайта құрылуыу
Жас ұлғайған
сайын ағзаға
әсер етуші
патогенді
факторлардың
әсерінің
жоғарылауы
Қартаюшы
ағзаның
бейімдеу-шілік
диапазоны
ның жас
ұлғайған
сайын
төмендеуі
Жас
ұлғайған
сайын
жалпы
патология-лық
зақымдалу
деңгейінің
жоғарылауы
Зиянды
заттарға
ағза
тұрақтылы
ғының жас
ұлғайған
сайын
төмендеуі
Қорғаныстың
физиологиялық
механизмдер
тиімділігінің
жас ұлғайған
сайын төмендеуі
Реттеу
тиімділігінің
жас ұлғайған
сайын шектелуі
Қартаюшы
ағзаға әсер
етуші
патогенді
факторлар-дың әсер
етуші
экспозициясы
ның
жоғарылауы
1-сызба. Қарт жастағы аурудың қауіп факторы (О.В.Коркушко, Д.Ф.Чеботарев,
Е.Г.Калиновская, «Терапиялық тәжірибедегі гериатрия», Киев, 1993, 34 б.)
Жас бойынша өзгерістер қарттарға тән аурулармен екі жақты байланыста болады. Созылмалы аурулардың үдеуі кәрілік келеңсіздіктердің ерте пайда болуы мен тез өрбуіне себеп болып, ағзаны тез болбыратуына зер салмауға болмайды.
Кәрі адам «кәрілік келеңсіздіктер» және «кәрілік сырқаттар» деп белгіленген нозологиялық аурулардан басқа да, жаспен ешқандай байланысы жоқ аурулармен ауыруы мүмкін. Бұл ауруларға тұмау, респираторлы вирусты аурулар және басқа жұқпалар мысал бола алады.
Қарттардағы бұл ауруларға клиникалық ауыр жағдайлар, ұзаққа созылу, функционалдық өзгерістер мен асқынуларға бейімділік тән.
II. Қарт адамдардың сезім мүшелерінің ерекшелігі. Аурулары2.1 Қарт адамдарда кең тараған тері ауруларының (кәрілік сүйелі, гиперкератоздар, кәрілік қышыма) клиникалық ағымның ерекшелігі, емі, күтімі
Достарыңызбен бөлісу: |