Кәрілік қышымасы – созылмалы ауру, қышыма барлық дерлік жағдайда жайылған болады. Тері болбыр, құрғақ, қатпарланған, біріншілік морфологиялық элементтер жоқ. Көптеген экскориациялар (тырналған жерлер) бар, бірақ ұзақ және қиын қышыма кезінде нейродермит белгілері, яғни теріде инфильтрация мен лихенификация пайда болады. Ұзақ, тұрақты, созылмалы кәрілік қышыма кезіндегі жүйкелік бұзылыстар
айқындалатындықтан, емдеу қиындығын тудыратындықтан, ол жеке ауру ретінде қарастырылады.
Кәрілік қышымасын емдеу қиын және ол мүмкіндігінше мүшелер мен жүйелерде анықталған өзгерістерді жоюға бағытталған болуы тиіс.
ОЖЖ қызметін қалыптандыру үшін седативті заттар (бромкамфора, натрий бромиді, шүйіншөп тамырының тұнбасы) және транквилизаторлар (элениум 1 таблеткадан күніне 2–3 рет, 30–40 күн бойы, тазепам 0,01г күніне 2 рет, 2 апта бойы) тағайындалады. (Пархонның модификацияланған әдісі бойынша новокаиндық блокаданы: сызба
бойынша 0,5% -қ новокаин ерітіндісін б/е, 1,0 мл бастап 5,0 мл дейін 2 күннен соң 3–ші күні енгізіледі, барлық курсына 15–20мл). Ағзаның резистенттілігін жоғарылату үшін метилурацилді 0,05г күніне 2 рет, 2 – 3 апта береді. Физиотерапияның тиімділігі жоғары болып келеді. Гепато –(карсил, силибор, нигедаза) және ангиопротекторлар (актовегин, трентал, теоникол), склерозға қарсы алмасу үдерісін жақсартатын дәрілер
тағайындалады. Сонымен бірге, дәруменге бай ұтымды тамақтану қажет.
Қарт және егде жастағы науқастарға жүргізілетін жергілікті емнің ерекшеліктері болады. Теріні құрғатып жіберуге болмайды, оның орнына майлы жақпаларды қолданған жөн, ал кейбір жағдайларда кортикостероидты жақпа майларды қолдануға болады. Ұйықтар алдында теріні құрғатып жібермейтін крахмалды жалпы жылы ванналар тағайындалады. Бірақ кәрілік қышыма кезіндегі жергілікті ем тек қосымша
мағынаға ие болады.
Климакстық кератодермиялар, немесе Хакстхаузен синдромы. Алақан мен табанда гиперкератоздар, қабыршақтану және ауыратын жарылулар байқалады.
Емі. Аевит, эссенциале, продектин, міндетті түрде антидепрессантар мен транквилизаторлар тағайындалады. Гиперкератоз ошағының сіңірілуі үшін 5–10% ихтиол, нафталан, 2–5% мочевинасынан тұратын майларды береді.
Қарттардағы гиперкератоздың ерекше түріне гипстік кератоз құрайды. Тобықтың сырт жағында, тізе мен шынтақ буындарының иілгіш беткейінде гиперкератоз ошағын түзетін тығыз папулалар байқалады, оны ажыратқан кезде жеңіл алынатын ақ түсті қабыршақтар түседі. Ошақ гипсті еске түсіреді.