2.1.1 Тері қартаюының сыртқы белгілері. Сыртқы қартаюдың кейбір белгілері генетикалық бейімдеушілікке, сонымен бірге тұрмыстық жағдайларға тәуелді. Бет пен мойын терісіндегі қартаю өзгерістері айқынырақ болады. Қартаюдың негізгі және қосымша белгілерін ажыратады.
Негізгі қартаю белгілеріне: жұмсақ тіндер серпімділігінің төмендеуі, құрғау, жұқару, терінің әжімденуі мен қатпарлануы, кәрілік деформация жатады.
Қосымша белгілеріне: көз айналасындағы ісіну және борпылдақтың, телеангиэктазиялар, розацеа (қызғылт түйіршік), жұлдыз әрізді ангиомалар, «румин денешіктері» гипертрихоз, гиперпигмен тация, себореялық кератоздар, ксантелазмалар жатады.
60 жастан асқан адамдардағы тері патологияларының құрылымында негізгі орынды, 55,8 және 47,4% құрайтын аллергиялық және қышыма дерматоздар (дерматит, кәрілік қышыма, экзема, токсидермия, нейродермит, есекжем) алады.
Дерматоздар. Аллергиялық дерматоздардың ішінде бірінші орынды дәрілік аллергия құрайды, бұл қарттық жастағы науқастардың қосымша аурулары бойынша көптеген дәрілерді қабылдауымен байланысты болуы мүмкін. Кейде әртүрлі ауруларын бір мезгілде емдеу үшін 6-8 және одан да көп дәрілік заттарды тағайындап жатады. Қарт науқастарда орта есеппен алғанда 4 аурулары болады, және қай дәріден аллергодерматоз туындағанын байқау мүмкін болмайды. Көбіне аллергиялық ре акцияларды антибиотиктер, жүрек-тамырлық заттар, В тобының дәрумендері, анальгетиктер, никотин қышқылының препараттары шақырады.
Дәрілік аллергиялардың клиникалық көрінісі әртүрлі болып келеді.
Жиі аллергиялық дерматит, Квинке ісінуі, шектелген (сульфаниламидті) эритемалар кездеседі; дәрілік аллергияның жалпы 23 түрін ажыратады.
2.1.2 Аллергиялық дерматит – диаметрі 2-5 см болып келетін қышымалы эритематозды дақты көрініспен сипатталады, жиі иық, тізе және денеде серозды, кейде геморрагиялық құрамды көпіршіктер де дамуы мүмкін. Везикулезды бөртумен қатар, кіші папуллезді бөртпелер де байқалады.
2.1.3 Квинке ісінуі кәрі жастағы адамдарда сирек кездеседі. 60 жастан асқан адамдардағы өршімелі Квинке ісінуі қатерлі жаңа түзіліс болуы мүмкіндігін айқындайды.
Шектелген (сульфаниламидті) эритема жиі сульфаниламидті, дапсонды дәрілерді, тетрациклиндерді, анальгетиктерді қабылдаумен байланысты дамиды. Қою күлгін немесе бурыл түсті дөңгеленген ошақтар көрінеді, үдеріс соңында дақ қалады.
Қарттардағы тері қышымасы, немесе кәрілік қышымасының этиологиясы мен патогенезі жеткіліксіз зерттелген. Пайда болу механизмі күрделі, бірақ оның теріге химиялық және физикалық, ферментативті, иммундық, аллергиялық әсер етуімен байланысты нейрогуморалды табиғаты күмән келтіре қоймас. Қарттардағы тері қышымасының себеб інде тіндердің қоректенуінің бұзылысын тудыратын жүрек–тамыр жүйелерінің аурулары, асқорыту жолы мен эндокринді жүйе аурулары жатуы мүмкін.
Тері қышымасы жиі лимфогранулематозбен, қант диабетімен, гипертиреозбен, қатерлі ісіктермен қосарланады.