Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері мен жағдайы



бет10/11
Дата06.01.2022
өлшемі205,5 Kb.
#12229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері мен жағдайы

2.3 Жұмыспен қамтамасыз етуді дамыту


Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында мынадай мiндеттер белгiлендi:

- кәсiби даярлау жүйесiн тиiмдi дамытуды қамтамасыз ету;

- жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыру мүмкiндiктерiн iздестiру;

- ұлттық менеджменттiң, кәсiпкерлер табының қалыптасуына жәрдем көрсету;

- әр түрлi салалық одақтардың құрылуына жәрдемдесу және олардың қызметiн қаржыландырудың сенiмдi көздерiн қамтамасыз ету;

- жұмыс берушiлердің бұрынғы жұмыс орындарын сақтауын және жаңаларын құруын ынталандыру мәселелерiн пысықтау, шағын бизнес пен жеке кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу;

- халықтың әлеуметтiк жағынан осал жiктерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

- қоғамдық жұмысты ұйымдастыруды экономикалық тұрғыдан мақсатты ету;

- еңбек көшi-қонын ұйымдастыру жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;

Халықты әлеуметтiк қорғау саласында мынадай стратегиялық мiндеттер белгiлендi:

- еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру;

- халықтың нақты табысының артуын қамтамасыз ету;

- әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу;

- мемлекет пен жұртшылықтың әлеуметтiк проблемаларды шешудегi серiктестiгiн дамыту үшiн жағдай жасау;

- мүгедектердi оңалту мүгедектiкке ұшырататын жағдайлардың алдын алу мәселелерi бойынша бағдарламалардың нәтижелiлiгiн арттыру;

Жұмыспен қамту саласындағы саясат халықтың жұмыспен өнiмдi қамтамасыз етiлу мақсаттарына сүйенгенде ғана табысты болуы мүмкiн. Бұған еңбек ресурстары сапасын қамтамасыз ету арқылы ғана қол жеткiзуге болады. Экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi еңбек ресурстарының сапасы адам ресурстарын дамыту стратегиясы арқылы мүмкін болады. Бұл, өз кезегінде, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң тиiмдiлігiне оң әсер етедi.

Кедейлiк пен жұмыссыздық проблемаларын шешуде қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мақсаттар жiгiн айқын ажырату қажет.

Қысқа мерзiмдi мақсаттар (2015-2020 жылдар) - бұл жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыс iздеушiлерге уақытша материалдық қолдау көрсетумен қатар, оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Орта мерзiмдегi жоспардың (2020 - 2025 жылдар) басты мақсаты - экономикадағы құрылымдық реформалар арқылы жұмыс күшiне сұранысты ынталандыру: кәсiпкерлiк үшiн қолайлы орта қалыптастыру; инвестициялық қызметтi ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру; адам капиталының сапасын жақсарту; барабар жалақы мен табысқа кепiлдiк беру; кедейлiктi азайту.

Кәсiби даярлау мемлекеттiң ең басты қамқорлығында болуға тиiс. Бұл әсте мемлекеттiк бюджет қаражатынан мiндеттi түрде көп соманың бөлiнуi көзделуге тиiс дегендi бiлдiрмейдi. Халықтың тұрақты табысын және оның еселенуiн қамтамасыз ететiн еңбекке қабiлеттi халықтың едәуiр бөлiгiнiң өнiмдi жұмыспен қамтылуына бағдар ұстай отырып, адам ресурстарын дамыту бағдарламалары арқылы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы мемлекеттiк саясатты түзету қажет.

Жұмыссыздықтан шегiлетiн қоғамдық шығын көбiне, кейбiреулер жұмыс iстемеген жағдайда, өндiрiлмейтiн тауарлар мен қызметтер көрсету көлемiне қатысты терминмен өлшенедi. Бiрақ жұмыссыздықтан шегiлетiн жеке шығындары қызметкерлер мен олардың отбасылары үшiн мұнан да күрделi және күйзелiстi болуы мүмкiн: табыстарын және салымдарын жоғалтатыны сөзсiз, ал кейбiр жағдайларда мүлкiнен және баспанасынан да айырылады, мұның өзi толқуларға, психологиялық тоқырауға, отбасындағы жанжалға, ал кейде тiптi қылмысқа алып келедi. Осындай себептер бойынша нарықтық экономикадағы елдердiң үкiметтерi уақыттың әртүрлi кезеңдерiне арналған жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы, сондай-ақ қайта даярлаудың көптеген әртүрлi бағдарламаларын ұсынады [10, 30 б.].

Барлық деңгейлердегi кәсiптiк бiлiм беру жүйесi кәсiптiк мектептер, лицейлер, колледждер және жоғары оқу орындары түлектерiнiң жұмысқа орналасу қызметiн құруға тиiс.Бiлiм беру жүйесi бiлiктi маманды еңбек нарығына шығару тетiгiн жасауға тиiс.

Жұмыссыздарды қайта мамандандыруды ұйымдастырудағы нақты мақсат: олардың мiндеттi түрде еңбекке орналастырылуы көзделуге тиiс. Осыған байланысты жұмысқа орналастыру қызметтерi iске асыратын жұмыссыздарды қайта даярлау бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыру қажет.

Жұмыссыздарды қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн арттырудың бұдан басқа, неғұрлым оңтайлы жолы, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер қатарындағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерi бойынша кәсiпорындардың жұмысқа орналастыру секторымен өзара iс-қимылы болуы мүмкiн. Осыған байланысты жұмыссызды алдағы уақытта аталған кәсiпорынға жұмысқа орналастыру шартымен, кәсiпорынның қызметкерлердi қайта даярлау курстарында жұмыссызды қайта мамандандыруға мемлекет тарапынан қосымша ақы төлеу тетiгiн енгiзу мүмкiндiгiн зерделеу қажет.

Көптеген кәсiпорындардың өз мамандары мен жұмысшыларын кәсiби тұрғыдан қайта мамандандыруды қамтамасыз етуге шамасы келмейдi және олар фирмаiшiлiк кәсiби оқыту мен қайта оқытуды ұйымдастырудағы өз тәжiрибесiн жоғалтып алды. Әйтсе де таяудағы кеңестiк кезде олардың бұл үшiн тиiстi базасы болып, осы мiндеттi ойдағыдай атқарып та келген едi. Кәсiпорындардың осындай практиканы қолға алуы немесе қайта түлетуi қажет. Бұл жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруды ынталандыру тетiгiнде көрiнiс табуға тиiс. Алайда мұның iрi кәсiпорындар туралы сөз болғанда ғана мәнi болады. Шағын бизнестiң субъектiлерiне қатысты бiршама өзге көзқарас қажет. Мысалы, қызметкерлердi қайта даярлаудың салалық курстарын құру.

Бiздiң бiлiм беру жүйемiзде кәсiпкерлер тәрбиелеу туралы айтуға әлi ерте. Бiз кредиттiк ресурстарға қол жеткiзу жеткiлiктi қамтамасыз етiлсе, кәсiпкердің өзi қажеттi нәтижелердi көрсетiп, кәсiпкерлер табын қалыптастыруды қамтамасыз ете бастайды деген болжам жасап отырмыз. Алайда таяудағы өткен кезеңде бiздiң елiмiзде өз iсiн құрып, жұмысқа жалдамалы қызметкерлер алудан гөрi, жалданып жұмыс iстеуге әзiр мамандар көбiрек болды және бұл жағдай әзiрше өзгерген жоқ.

Осының бәрi ел экономикасын сапалы адам ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, осымен бiр мезгiлде нағыз кәсiпкерлер тәрбиелеудi ұйымдастыра алатын кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн құру қажеттiгiн алдыңғы қатарға шығарады [12, 75 б.].

Құзыретiне қазiргi заманғы менеджмент (корпоративтiк, жобалар, адам ресурстары және т.б.) принциптерiн енгiзу мен өнiмдiлiктi арттыру мәселелерi кiретiн ұйым (менеджмент мәселелерi жөнiндегi қауымдастықтар) құру мәселесiн пысықтаған жөн.

Жұмыссыздарды әлеуметтiк қамсыздандырудың көптеген мәселелерi халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты дамытуда әлеуметтiк серiктестiктi жетiлдiру үшiн негiз болуға тиiс.
Жалдау жөнiндегi әлеуметтiк агенттiктердi, мемлекеттiк емес еңбек биржаларын дамытуды ынталандыру тетiгiн әзiрлеп, енгiзу қажет.

Халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыруға әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен жұртшылықтың серiктестiгiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жетiлдiру және нақты атаулы әлеуметтiк көмекке қол жеткiзу сияқты шаралар ықпал етуге тиiс.

Күш-жiгердi ана мен баланың денсаулығын қорғауға бағыттау керек - ана мен баланың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар бала кезiнен мүгедектердiң үлесiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан өзге, халықтың тұрмыста және өндiрiсте мүгедектiкке ұшырауын болдырмау жөнiндегi алдын ала шаралар жүйесiн әзiрлеу керек. Мүгедектер үшiн оңалту жағдай туғызу қажет.

Қорытынды


Жүргізілген талдауды қорытындылай отырып, Қа­зақстан Республикасындағы еңбек нарығының бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

— Қазақстанда нарықтық механизмнің ең басты эле­менті — еңбек биржасы жоқ, бұл еңбек нарығының қы­змет ету принципінің бұзылуына алып келеді. Еңбек бир­жасының жоқтығы жұмыссыздар санының есебін жүргізу бойынша жұмысты күрделендіреді;

— Елде жұмыссыздардың аз ғана бөлігіне әлеуметтік төлемдер тағайындалады, бұл ең төменгі өмір сүру стан­дарттарын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Осыдан жұ­мыссыздардың көпшілігі бір жағынан, әлсіз әлеуметтік қорғалған, екінші жағынан жұмыспен қамту қызметтеріне баруға ынталары жоқ, себебі олардан нақты матери­алдық және моральдық қолдау күтпейді. Осы себептердің әсерінен мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің тиімділік деңгейі төмен;

— Қазақстанда соңғы жылдары 30 %-дан жоғары дең­гейді ұстап тұрған өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғын­дардың үлесі жоғары. Олардың көп бөлігі ауылдық жерде тұрады және жоғары емес білім мен төмен біліктілікпен сипатталады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 40 %-ға жуығы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, бұл мемлекет азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуін тежей отырып, елдің еңбек ресурстарының тиімсіз қолданылауына алып келеді;

— Жұмысбастылық пен жұмыссыздық көрсеткіштері жоғары нақтылықпен ерекшеленеді. Статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігі мен сенімсіздігі жағдайында еңбек нарығындағы жағайды жақсарту бойынша мем­лекетпен қабылданған көптеген бағдарламалық шара­лардың ықпалын бақылау мүмкін болмайды;

— Жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне шығындар деңгейі мен құрылымы бүкіл әлемде ерекшеленеді және бірінші кезекте мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму дең­гейіне, табиғи-климаттық жағдайларына және елдің басқа да ерекшеліктеріне тәуелді. Еңбек ақының бүгінгі дең­гейі біздің қоғамның даму деңгейіне сәйкес келмейді және еңбек нәтижелеріне деген жұмысшылардың материалдық қызығушылығын ынталандырмайды;

— Еңбек нарығының қалыптасуы еңбек ресурста­рының сапалық қасиеттерін жақсарту жағдайында жүріп жатыр. Жұмысшы мамандықтар бойынша білім алған адамдардың саны азайды. Осының салдарынан жоғары білімі бар мамандарды дайындауда ауытқубайқалады және жұмысшы мамандықтарының жеткіліксіздігі сезіледі;

— Еңбек нарығының әлсіз инфрақұрылымы мен кәсібі бойынша экономика салаларының кадрларға қа­жеттіліктері туралы жеткілікті ақпараттың жоқтығы ҚР білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша ма­мандар дайындауға мемлекеттік тапсырысты бөлу бой­ынша жүргізілетін шараларының тиімділігін қысқартады. Осыдан көптеген жұмысберушілер тиісті кадрларды таба алмайды, ал елдегі жұмыспен қамтылғандардың 30 %-нан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді, бұл еңбек нарығының жақсы ұйымдастырылмағанын куәландырады [14, 34 б.].

Қазіргі уақытта халықраралық тәжірибені есепке ала отырып, шаруашылық жүргізудің нарықтық жүй­есіне сәйкес келетін еңбек нарығының инфрақұрылымы мен оның қызмет етуінің нормативті-құқықтық ортасын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар қайтадан басталды. Жоспарланған шараларды жүргізуде жұмыссыздық пен жұмысбастылық мәселелерін дұрыс құрылымдау үшін еңбек нарығының жоғарыда аталған және басқа да ерек­шеліктерін детальды зерттеуге объективті қажеттілік туындайды. Тек осындай жүйелі жұмыс ғана қорланған мәселелерді кезекті шешуге және біздің қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін еңбек нарығының жаңа моделін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 жыл 6 ақпан

2 Қазақстан Республикасының еңбек туралы негізгі заң актілері, Алматы: Юрист, 2006.-88 б

3 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

4 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2019.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет