Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси – экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік – экономикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жұмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз – ақ өсуді көрсетеді.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар бағаның босатылуы және жеке меншік пен кәсіпкерліктік пайда болуы жұмыссыздықтың бірте – бірте азая бастауына себепкер болмақшы.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді [2, 31 б.].
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу ы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі – жоғары білімді, әрбір екеуі – орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді.
Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта маманщдандыру, жаңа жұмыс оындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ – та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда – 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,58 фунт стерлинг құрады.
Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік – экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді [3, 78 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |