2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Басты мақсат: адамның өз қабiлетiн iске асыру және дамыту үшін құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатындай лайықты өмір сүруi үшiн жағдай туғызу.
Жұмыспен қамту саласындағы негiзгi мақсат халықты неғұрлым толық түрде өнiмдi жұмыспен қамту болып табылады. Бұл мақсат екi қосымша мақсатқа қол жеткiзудi: жұмыстан шығып қалу деңгейiн азайтуды; жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру деңгейiн арттыруды көздейдi.[7, 52б].
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы негiзгi мақсат халықтың кедейлiк деңгейiн азайтуға, қайыршылықты жоюға бағдарланған халықты әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру болып табылады. Қосымша мақсаттар:
- экономикалық қызметтiң барлық түрлерi бойынша жалдамалы қызметкерлердiң еңбекақы төлеу деңгейiн көтеру;
- әлеуметтiк сақтандырудың сан алуан түрлерiн енгiзу арқылы туындауы мүмкiн қатерден өзiн-өзi қамтамасыз етудiң қол жететiндей тетiгiн жасау;
- көп жағдайда мемлекет есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiнен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне көшу, ол мемлекеттiң немесе жұмыс берушiнiң ғана емес, әрбiр жеке адамның да қатысуын көздейдi;
Елдегi экономикалық өзгерiстер, бiр жағынан, мүгедектiк, маскүнемдік, нашақорлық, жарақаттану сияқты әлеуметтiк құбылыстардың проблемаларын тереңдеттi және екiншi жағынан, әлеуметтiк қамсыздандыруға мұқтаж халық санының тұрақты өсуiне алып келетiн кедейлiктi, жұмыссыздықты, балалар қаңғыбастығын туындатты.
Республикада кедейлiктiң өсуi экономиканың нақты секторында өндiрiстiң құлдырауына орай жұмыссыздықтың едәуiр өсуiне, экономикалық қызметтiң жекелеген түрлерiнде, атап айтқанда, денсаулық сақтауда, бiлiм беруде және ауыл шаруашылығында еңбекақы төлеу деңгейiнiң төмендеуiне, қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң ұзақ кiдiруiне, халықтың нақты табысының төмендеуiне байланысты.
Экономикалық жағынан белсендi 7 миллионнан асатын халықтың 13,5%-ы жұмыссыз болып табылады. Алайда 6,1 млн. адамның жұмысқа қамтылуы әрдайым жеткiлiктi табыс деңгейi дегендi бiлдiре бермейдi. Жұмыспен қамтылған халықтың едәуiр бөлiгiн, әсiресе бюджеттiк саладағыларды, табысы аздар деп батыл айтуға болады. Бюджеттiк саладағы қызметкерлердің еңбекақы мөлшерi, әдетте, жұмыспен қамтылған халықтың еңбекақысының республикалық орташа деңгейiнiң 75%-ынан аспайды.
Жұмыссыздардың арасында әйелдер басым, оларды жұмысқа орналастыру проблемасы өткiр қойылып отыр. Жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш жасаған жұмыссыз әйелдердiң әрбiр алтыншысы ғана жұмысқа ие болады. Жоғары және орта арнаулы бiлiмi бар 45 және одан жоғары жастағы әйелдердiң жұмысқа орналасу мүмкiндiгi өте төмен.[8, 26 б].
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада әрбiр жұмыс iстейтiн азамат өзiнiң қарттығын материалдық қамтамасыз етуге өзi қам жасайтын дербес зейнетақы жинақтау принципiне негiзделген жаңа зейнетақы жүйесi енгiзiлдi. Реформаны жүргiзу процесiнде қол жеткiзiлген едәуiр нәтижелерге қарамастан, болашақта әлеуметтiк қорғаудың бүкiл жүйесiне едәуiр әсер етуге қабiлеттi негiзгi проблемалардың бiрi, оның еңбекке қабiлеттi халықты толық қамти алмауы болып табылады. Экономикалық жағынан белсендi 7 млн. халықтың 3,6 млн. адамы ғана жинақтаушы зейнетақы қорларына жарна аударады. Жүйеде жұмыссыздар, ауыл еңбеккерлерi мен бейресми сектор аз қамтылған.
Бұл жағдай салық салынбайтын және барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыруға қатыспайтын жасырын (көлеңкелi) еңбекақы төлеудiң бар екендiгi туралы болжауға негiз қалайды. Өзiнiң қарттығын материалдық қамтамасыз етуге нақты қаражат салмайтын, қазiргi кезде экономикалық жағынан белсендi халықтың осы бөлiгi болашақта өзiнiң еңбегi үшiн жинақтаушы жүйеден барабар өтемақы алуға мүмкiндiгi жоқ кедейлер қатарына қосылуы мүмкiн.
Ең төменгi күнкөрiс мөлшерiнен де табысы төмен халықтың үлесi өсiп келедi, мұны адам дамуы туралы ұлттық есеп растап отыр: 1996 жылғы 34,6%-дан 1998 жылы 43,4%-ға дейiн өскен. Бiр тұрғынның орташа жалақысының ең төменгі күнкөрiс мөлшерiне қатынасы 1998 жылы 44,7%-ды құрады, оның үстiне республиканың бүкiл халқының 4%-ы ғана күнкөрiс құнының ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 75%-ынан жоғары жалақы деңгейiне ие. Облыстар арасында жалақы деңгейiнiң күнкөрiс құнына барабарлығына қатысты едәуiр айырмашылықтар бар.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал жiктерiне көрсетiлетiн көмек мөлшерi көп жағдайда нақты күнкөрiстiң ең төменгi мөлшерiн қамтамасыз ете алмайды, сондықтан осындай мемлекеттiк шығындардың тиiмдiлiгi төмендейдi.
Тұтас алғанда халықтың табысында зейнетақы мен жәрдемақы үлесi артуының қауiптi үрдiсi қылаң бердi. Бұл бiреудiң асырауындағы еңбекке қабiлеттi жастағылар санының өскендiгiн бiлдiредi. Сонымен, еңбек нарығы әлеуетiнiң бiршама жоғары деңгейiне қарамастан, Қазақстан еңбек нарығының төмен тиiмдiлiгiне ие.
Жұмыссыздық өсуде, онымен бiрге кедейлiк те өз позициясын нығайтып келедi. Және әсiресе: жұмыссыздар мен кедейлер арасында жұмыссыздығының созылмалы сипаты салдарынан бiлiктiлiгiнен толық немесе iшiнара айрылған адамдар санының басымдығы алаңдатады.
Қоғам еңбек әлеуетi мен жұмыссыздардың бiлiктiлiгiн пайдаланудан бас тартып отыр. Халықтың едәуiр бөлiгiнiң кәсiби және еңбек тұрғысынан құлдырау процесi ырық берместен жүрiп жатыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық айрықша алаңдаушылық туғызады. Қазіргi кезде бiз уақытша жұмыссыздықтан гөрi циклды және құрылымды жұмыссыздыққа жиi тап болып отырмыз.
Жұмыссыздық - нарықтық экономика жұмыс iстеп тұрған жағдайдағы әбден үйреншiктi құбылыс. Алайда мәселе адамның жұмыссыздық қамытын киюiнiң қашанға дейiн созылатындығында. Өркениеттi дүниеде, бiр адамның жұмыссыздығының ұзақтығы жарты жылдан аспайды. Бiзде жұмыссыз статусында бiр жылдан аса жүруi қалыпты болып табылады, бұл ретте жұмысқа орналасу мүмкiндiгi де өте төмен. Егер жұмыс ұсынылса, көбiне табыс деңгейi отбасы мұқтажын барабар қамтамасыз ете алмайтын төмен бiлiктiлiктi жұмыс ұсынылады.
Жұмыспен қамту және еңбек мәселелерiнде заң жүзiнде бекiтiлген тұжырымды қағидаттардың болуы. Халықты жұмыспен қамтуды реттеу мен қамтамасыз ету проблемаларын орталықсыздандыру. Жұмыспен қамту саясатын жандандыру. Республиканың жекелеген облыстарындағы халықтың неғұрлым тұрмысы төмен жiктерiне шағын кредит беру тәжiрибесi.
Мемлекеттiң халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне ең аз мөлшерде көмек берiп отыруы жөнiндегi конституциялық мiндеттемелерiнiң болуы. Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк жәрдемақылардың белгiленуi.Кедейлiк проблемаларын шешу қажеттiгiне атқарушы билiктiң барлық деңгейлерiнде бейiлдi болу және түсiнiстiкпен қарау.
Yкiметтiң әлеуметтiк қорғау, кедейлiкке қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен, донор елдермен өзара жемiстi iс-қимылы.
Кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн дамыту мемлекеттiк саясаттың пәрмендiлiгi мен нәтижелiлiгiнiң төмендiгi (жұмысқа орналастыру жағынан алғанда).
Жұмыс берушiлер үшiн бұрынғы жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын ашуға экономикалық ынталандырудың болмауы. Жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру мүмкiндiгiнiң шектеулiлiгi. Жұмысшылар мен мамандарды салалық және iшкi фирмалық даярлау мен қайта даярлаудың iс жүзiнде толық тоқтауы.
Жұмыссыздарды кәсiптiк оқыту бағдарламасымен қамтудың төмендiгi.
Жұмыспен қамту мәселелерi бойынша әлеуметтiк серiктестiктiң дамымағандығы.
Экономикалық нәтижелер алуға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi шаралардың бағдарланбағандығы. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың түрлерi мен көздерінің шектеулiлігi.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы бағдарламалардың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қаражаттың жеткiлiксiздiгi.
Жұмыссыздарды кәсiби қайта даярлау бағдарламаларын қалыптастыру барысында еңбек дағдыларының сапасын ескеру деңгейiнiң төмендiгi.
Еңбек және жұмыспен қамту мәселелерi бойынша заңнаманың жетiлдiрiлмегендiгi - еңбекшiлердiң әлсiз қорғалуы. Мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң атаулылығының, ашықтығының және қол жетiмдiлiгiнiң кемдiгi. Кедейлiктiң деңгейi мен тереңдiгiн айқындаудағы тиiмсiз қағидаттар. Жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғауға арналған шығыстың азаюы. Көрсетiлетiн материалдық көмек деңгейi мөлшерiнiң төмендiгi. Жұмыстан босатылған қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалу құқығына нұқсан келтiру.
Жұмысынан, еңбек қабiлеттiлiгiнен және табыс көзiнен айрылуымен байланысты әлеуметтiк қатерге тап болған кезде халықтың өзiн-өзi қамтамасыз ету дағдысын қалыптастыру саясатының болмауы [9, 89 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |