Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері мен жағдайын зерттеу.
Жұмыстың мақсатына жету барысында орындалатын міндеттер:
- Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негіздерін қарастыру;
- Еңбек нарығы: қалыптасу негіздері мен шарттарына шолу жасау;
- Қазақстандағы еңбек нарығының даму мәселелеріне талдау жасау;
- Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайын зерттеу.
Экономикалық реформа арықарай даму үшiн республиканың еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту сферасында болып жатқан өзгерiстердi зерттеу өте маңызды болып табылады. Қазiргi уақытта жаңа еңбек қатынастардың қалыптасуы мен даму мәселелерiне аса назар аудару керек.
Республикадағы еңбек нарығының толық қалыптасуына демографиялық және көші-қон мәселелері де өз әсерін тигізеді. Осы құбылыстардың барлығы проблеманы теориялық та, тәжірибелік жақтан да өзекті деп есептеуге негіз болады.
Еңбек нарығының қалыптасу мәселесі ғылыми ғана емес, саяси көзқарас отбасы болып отыр және әлеуметтік сұрақтар экономикалық даму заңдылықтарымен тығыз байланысатын түйін болып табылады.
Нарыққа көшу барысында жұмыс күшін тиімді пайдалануға және оны жетілдіруге мүмкіндік беретін еңбек нарығын құру негізгі шарттардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |