2 Қазақстандағы еңбек нарығының даму мәселелері
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
Тұрғындардың жұмысбастылық, жұмыссыздық пен еңбек ресурстарының ұтқырлық мәселелері әрқашан сәйкес ведомостволар, ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми, қоғамдық, саяси және шаруашылық қызметінінде ерекше орын алған. Ол жаһандық экономиканың дағдарыстан кейінгі қалпына келтірудің қазіргі кезеңінде ерекше өзектілікке ие болып отыр. Білім және инновациялық экономикаға өтумен байланысты экономикалық өсудің, адамдардың тұрмыс жағдайын, өмір сүру сапасын жоғарылатудың басты факторы ретінде адам факторы басты факторлдардың біріне айналады. Білім, кәсіпқойлық, интеллекттің негізінде адами ресурстар жаңа стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды алғышартын құрайды.
Тұрғындардың жұмысбастылық сферасында және қазақстандық еңбек нарығында көптеген дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда жаһандық экономиканың дағдарысты жағдайында тұрақты жағдай қалыптасты. Соңғы жылдардан бастап ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері бойынша елде экономикалық белсенді тұрғындар санының, жұмысбастылықтың ұлғаюы мен жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы орын алды (кесте 1).
Кесте 1. 2014–2018 жылдардағы Қазақстандағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
Жұмыскүші, мыңадам
|
8981,9
|
9041,3
|
8962,0
|
9074,9
|
8 998,80
|
Жұмыспенқамтылғанхалық, мыңадам
|
8507,1
|
8570,6
|
8510,1
|
8623,8
|
8 553,40
|
Жалдамалықызметкерлер, мыңадам
|
5813,7
|
5949,7
|
6109,7
|
6294,9
|
6 342,80
|
Өзбетіншежұмысістейтінқызметкерлер, мыңадам
|
2693,4
|
2621
|
2400,4
|
2328,9
|
2 210,50
|
Жұмыссыздар, мыңадам
|
474,8
|
470,7
|
451,9
|
451,1
|
445,5
|
Жұмыссыздықдеңгейі, %
|
5,3
|
5,2
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
Жастаржұмыссыздығыныңдеңгейі, % (15–24 жас)
|
3,9
|
3,9
|
3,8
|
4,1
|
3,8
|
Жастаржұмыссыздығыныңдеңгейі, % (15–28 жас)
|
5,4
|
5,5
|
4,2
|
4,3
|
4,1
|
Ұзақмерзімдіжұмыссыздықдеңгейі, %
|
2,5
|
2,5
|
2,4
|
2,4
|
2,2
|
Жұмыссыздықтыңорташаұзақтығы, айлар
|
8,4
|
7,4
|
7,3
|
6,7
|
6,9
|
Жұмыскүшіқұрамынакірмейтінадамдар, мыңадам
|
3538,7
|
3569,4
|
3715,9
|
3680,1
|
3 855,00
|
Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі
|
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жұмыссыздық пен жұмысбастылық сферасында елеулі өзгерістер орын алды. Елдегі жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды.
ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша Қазақстан экономикасының әртүрлі сфераларында 2018 жылы 8,5 млн. адам немесе 15 жас пен одан жоғары жастағы тұрғындардың 66,5 % жұмыспен қамтылды. 2018 жылы жалдамалы жұмысшылар саны 6,3 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 74,2 %-ын құрады. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны 2,2 млн. адамды немесе 25,8 % құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2018 жылы 86,4 % (2017 жылы — 77,6 % болған), нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі — 13,6 % (2015 жылы-22,4%) болды [5, 39 б.].
2018 жылы жұмыссыз тұрғындардың саны 445,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 % деңгейінде қалыптасты (2017 жылы да –5,0 %). Жұмыссыздардың жалпы санынан қала тұрғындары 268,9 мың адам (57,1 %), ал ауылдық жұмыссыздық — 201,8 мың адам (42,9 %), жұмыссыздық деңгейі сәйкесінше 5,4 % және 4,9 % құраған. 2018 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар деңгейі жеткілікті жоғары — 25,4 % құрады. Оңтүстікте өзін-өзі жұмыспен қамту көрсеткіші республикалық деңгеймен салыстырғанда жоғары болып отыр. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың көрсеткіші жоғары — сәйкесінше 43 және 44 % (сурет-1)
Сурет 1–2018 жылы жұмыспен қамтылған тұрғындар санынан өз бетінше жұмыс жасайтындардың үлесі
Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі
Еңбек нарығында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жоғары болған кезде ол белгілі бір қиындық туғызады. Бұл азаматтардың аталған категориясы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтындығын және зейнетақы жинақтарына ие болмайтындығымен байланысты. Мысалы жұмыспен қамтылған 8,6 млн. адамның тұрақты зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратыны небәрі 5,8 млн. адам ғана, бұл жұмысбастылардың жекелеген категорияларының әлеуметтік әлсіздігін күшейтеді. Бұдан басқа олардың көпшілігінің тұрақты табыс көзі жоқ. Олар мансаптық өсуді көздемейді, сондықтан біліктілікті арттыруға мүдделі емес. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындардың білім деңгейі көп жағдайда нарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап бермейді, бұл олардың нәтижелі жұмысбастылығын тежейді [6, 77б.].
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысбасты тұрғындар туралы мәліметтерді талдайтын болсақ, экономика құрылымының өзгеруі тұрғысынан жағымды деп бағалауға болмайды. Мысалы, ауыл шаруашылығында 2012 жылдан бастап бүгінге дейін жұмыспен қамтылу көрсеткіші төмендеген, сол сияқты құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметінде де жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр. Өнеркәсіп саласы, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру және білім саласында аз ғана өсім байқалады. Электрмен жабдықтау, көлік және қоймалау саласында өзгеріс жоқ. Бұл экономикалық жүйе құрылымында көрнекті өзгерістердің жоқтығын куәландырады, өйткені бір салаларда жұмысбастылықтың қысқаруы басқа салаларда жағымды өзгерістерге алып келмеді. Осылайша, көрсеткіштер қарқыны құрылымдық емес, экономикадағы циклдық өзгерістермен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі –55,8 % құрайды, ал еуропалық одақ елдерінде бұл салалалардағы жұмыспен қамтылғандардың саны орташа 65–66 %. Бұл салаға кіретін біртекті емес салалардың үлкен санын ескере отырып, дамыған елдерде қызмет көрсету саласында едәуір үлесті кәсіби және сервистік қызметтер алатындығын атап көрсету қажет. Ал Қазақстанда қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың 30 %-ы сауда мен жөндеу қызметтерін ұсыну саласына тиесілі.
Еңбек нарығында гуманитарлық мамандардың артықтығы жағдайында жаңа технологияларды, қазіргі за манғы ғылыми сыйымды өндірістерді ендіру бойынша жұмысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Техникалық мамандықтағы жұмысшылардың жеткіліксіздігі кәсіпорынды шетелден білікті кадрларды тартуға мәжбүрлейді. Елде жалпы білім берудің теңгерімсіз жүйесі қалыптасқан: жұмысбастылық құрылымы кадрларды дайындау жүйесінің білікті құрылымынан ерекшеленеді.
ҚР-да жұмыссыздық құрылымында әрбір екінші — әйел адамдар. 25–34 жастағы тұлғалардың үлесі — 43,5 %, 15–24 жас аралығы — 9,6 %. Жұмыссыздардың ішінен жоғары білімі барлар 131,3 мың адам (27,9 %), орта жалпы — 146,3 мың адам (31,1 %), орта кәсіптік білім барлар — 146,9 мың адам (31,2 %).
Экономикалық белсенді емес халық — қарастырылып отырған кезеңде жұмыссыз болып табылатын экономикалық белсенділікті өлшеу үшін белгіленген жастағы тұлғалар. 15 жас пен одан жоғары жастағы экономикалық енжар тұрғындардың саны 2017 жылы 3,6 млн. адамды құрады. Тұрғындардың экономикалық енжарлық деңгейі 28,3 % құрады.
Экономикалық енжар тұрғындардың негізгі үлесін зейнеткерлер құрайды — 43,6 %, күндізгі бөлімде оқитындар - 38,7 %, денсаулық жағдайы бойынша (мүгедектігі немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша) - 5,5%, үй жұмыстарын жүргізумен 7,5 % айналысады [7, 112 б.].
Елде еңбек нарығының перспективті өзгеруі тұрғындардың жұмысбастылығының тиімсіз формаларын жеңумен, өнімді жұмысбастылықты жоғарылату мен жұмыс күшінің ұтқырлылығымен анықталады. Миграциялық процестерді ұтымды басқару, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мен жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға ықпал ету тұрғындардың табысын арттырып, кедейлікті қысқартуға ықпал ететін болады.
Қазақстанның еңбек нарығы саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен тұрақты түрде дамиды және өзінің дамуында әзірге уақыт талабынан артта қалып отыр. Осының нәтижесінде жұмысбастылық, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау сферасында көптеген шешілмеген мәселелер жинақталып қалды. Қазақстанның еңбек нарығы өзінің дамымағандығынан әлемнің басқа елдеріндегі осындай нарықтардың қызмет етуінен елеулі ерекшеленеді. Бұған еліміздің қоғамдық және саяси құрылысын өзгерту барысында туындаған қиындықтар келеңсіз ықпал етті. Осы жағдайлардың салдарынан Қазақстанның қазіргі еңбек нарығы бейресми және көлеңкелі жұмысбастылықтың жоғары үлесі, жұмыссыздардың әлсіз әлеуметтік қорғалуы, мамандығы бойынша жұмыс істемейтін азаматтар үлесінің өсуі сияқты ерекшеліктермен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |