25
ҚР АШМ және ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша
23
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі
экономиканың басқа
секторларынан артта қалып отыр, ал негізгі дақылдардың түсімділігі дамыған мемлекеттердің
көрсеткіштерімен салыстырылмайды (мысалы, 2015 жылы бидайдың түсімділігінің орташа
әлемдік көрсеткіші 3,75 т/га болғанда 1,33 т/га құрады)
24
. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы
тасымалдау және пайдалану кезінде судың ең көп шығыны болатын су көлемі үлкен сектор
болып табылады. Нәтижесінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы инвестициялар үшін
тартымсыз болып табылады және қаржыландыруда
қиындықтарға әкеп соғады, бұл бар
проблемаларды одан әрі қиындатады.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 — 2019 жылдары ауыл
шаруашылығының жалпы өнімі ақшалай түрде жылына 11-17%-ға өсті (2016 жылы - 3684,4
млрд.теңге, 2017 жылы - 4070,9 млрд. теңге, 2018 жылы — 4474,1 млрд. теңге, 2019 жылы-
5151,2 млрд. теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 3-4%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығының негізі егіншілік болып табылады (55%), мал шаруашылығы да
маңызды рөл атқарады (45%). Қазақстан әлемде Австралиядан
кейін халықтың жан басына
шаққанда жыртылатын жер ауданы бойынша (бір адамға 1,675 га, ал әлемдік орташа көрсеткіш
бір адамға
0,194 га құрайды) екінші орында тұр және астық пен ұнның ірі
экспорттаушыларының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: