Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   243
дефляциясы болып табылады. Эрозия жерді дұрыс пайдаланбаудан, малды біркелкі 
жаймаудан, нашар агротехникадан, шөптер мен орман өсімдіктерін жоюдан пайда болады. 
2019 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда 24200,1 мың га немесе ауыл 
шаруашылығы алқаптарының 11,3% жел эрозиясына (дефляцияланған) ұшыраған. Эрозияға 
ұшыраған жерлердің жалпы алаңынан су эрозиясына ұшыраған жерлер (жуылған жерлер) 4 
950,3 мың га немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының 2,3%-ын алады
28
(1.2.3-кесте.). 
1.2.3-кесте. Эрозияға ұшыраған жерлердің динамикасы.
2010 
2015 
2017 
Су эрозиясына ұшыраған жерлердің ауданы, мың га
4 988,9 
4 950,0 
4 950,3 
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңындағы су 
эрозиясына ұшыраған топырақтың үлесі, пайызбен 
2,2 
2,2 
2,3 
Жел эрозиясына ұшыраған жерлердің ауданы, мың га 
25 493,1 
24 168,1 
24 200,1 
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңындағы жел 
эрозиясына ұшыраған топырақтың үлесі, пайызбен 
11,5 
10,9 
11,23 
Дереккөз: http://stat.gov.kz, ал 2017 жылы - ҚР АШМ - (жерді зерттеу 5 жылда бір рет жүргізіледі) 
Қызылқұм, Мойынқұм, Үлкен Борсық және Кіші Борсық құмдарының кең алқаптарында, 
сондай-ақ жеңіл механикалық құрамның топырақтарындағы дала аймағында жел эрозиясы 
ерекше белсенді байқалады.
Жел эрозиясына ұшыраған ауыл шаруашылығы алқаптарының негізгі алаңдары Алматы 
облысында – шамамен 5 млн. га, Атырау және Түркістан облыстарында – 3,1 млн. га, 
Қызылорда – 2,8 млн. га, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында-2,0 млн. га астам.
28
2018 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ 
ЖИЫНТЫҚ ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕП. ҚР АШМ. Жер ресурстарын басқару комитеті. 2019 ж. 


29 
Ең көп тозған жерлер Түркістан (1,0 млн. га), Алматы, Маңғыстау (0,8 млн. га) және 
Ақмола (0,6 млн. га) облыстарында.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында эрозияға 
ұшыраған жерлердің ең аз үлес салмағы (5%-ға дейін) Ақмола, Қарағанды, Қостанай және 
Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Эрозия проблемаларынан басқа, жер сапасының нашарлау үрдісі байқалады, 28 жыл 
ішінде топырақты пайдалану кезінде егістік жерлердегі орташа алынған гумустың мөлшері 
0,52% төмендеді. Гумустың барынша төмендеуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалады - 
6,03%-дан 4,14%-ға дейін. Гумус құрамының ең аз төмендеуі – 1,88%-дан 1,73%-ға дейін 
Қызылорда облысының батпақты топырақтарында байқалады.
Жайылымдық жерлердің теріс белгілері олардың тозуы бойынша сипатталады. Орташа 
және күшті дәрежеде тозған жалпы 180,6 млн. га жайылымдардың ішінен республикада 27,1 
млн. га жайылым бар. Жайылымдардың ең көп алқаптары Атырау (4,1 млн.га), Ақтөбе (3,9 млн. 
га), Алматы (3,0 млн. га), Батыс Қазақстан (2,5 млн. га), Қызылорда (2,0 млн. га), Ақмола (1,9 
млн. га) облыстарында орналасқан. 
Жердің тозуын болдырмау үшін мынадай шаралар қолданылады:
- топырақ параметрлерінің өзгеруін бақылайтын 1168 пункттен тұратын мемлекеттік 
аумақтық-аймақтық желі қалыптастырылды;
- жыл сайын топыраққа зерттеу жүргізіледі (жыл сайын 2 млн. га алаңда, АӨК 
мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап-7 млн. га жерде жүргізілді), 
- ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйін көрсететін электрондық топырақ 
карталары мен халыққа ашық қолжетімді жерлерді тиімді пайдалану үшін ұсынымдар 
дайындалады;
- зерттеу нәтижелері бойынша әкімдіктер үшін жерді ұтымды пайдалану бойынша 
ұсынымдар әзірленеді;
- бақылауды күшейту және тиімділігін арттыру мақсатында аудандық әкімдіктерге 2018 
жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды бақылау өкілеттіктері қосымша 
берілген.
2017 жылғы «Жайылымдар туралы» Заң Қазақстан үшін түбегейлі жаңа заң болып 
табылады. 2003 жылғы Жер кодексі жайылымдарды басқару мәселелерін егжей-тегжейлі 
реттеген емес. Жайылымдарды пайдалану тегін негізде жүзеге асырылады (тек жер салығы 
төленеді). Аудандар деңгейінде жергілікті атқарушы билік органдары жайылымдарды басқару 
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларды әзірлейді, ал жергілікті өкілді органдар оны 
бекітеді. Жайылым пайдаланушылардың қатысуы осындай жоспарларды әзірлеудің маңызды 
аспектісі болып табылады. Жайылымдарды басқару жөніндегі 2018 - 2019 жылдарға арналған 
жоспарлар іс жүзінде барлық аудандарда қабылданды. Жайылымдық инфрақұрылым 
объектілерін дамыту және қайта жаңарту облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың 
құзырында. Жайылымдарды суландыру жайылымдарды тиімді пайдалану үшін негізгі шара 
болып табылады.
2020 жылдың басында 180,1 млн га жайылымдық жердің 106,2 млн га (59%) 
суландырылды. Жайылымдық жерлерді дамытуды ынталандыру үшін суландыру 
инфрақұрылымын құру бойынша шығындардың 80% - на дейін инвестициялық субсидиялау 
енгізілді. 2014 - 2019 жылдар кезеңінде жайылымдарды суландыру үшін 5978 құдық салынды, 
жоспарланған көрсеткіш 3633 бірлік. Жайылымдарды суландыру шаралары есебінен жақын 
орналасқан елді мекендердің жайылымдарына түсетін жүктеме 20%-ға қысқарды.
Жайылымдардың азып-тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-
шараларды жүргізу әдістемесінде (Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы №185 
бұйрығы) жайылымдардың азып-тозуының индикаторлары анықталды және азып-тозған 
жайылымдарды қалпына келтіру және азып-тозуды және шөлейттенуді болдырмау жөніндегі 
іс-шаралар тізбесі бар.
2018 жылы БҰҰДБ-ГЭФ-ҚР Үкіметінің «Қорғалатын аумақтардың ішінде және 
айналасында биоалуантүрлілікпен үйлесімді тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету көздерін 
дамыту арқылы шөлді аймақтардағы ерекше қорғалатын аумақтар жүйесінің тұрақтылығын 
арттыру» жобасы аяқталды. Осы жоба шеңберінде қуаңшылық аумақтарда ауыл 
шаруашылығын жүргізудің тұрақты тәжірибесін енгізу үшін үш жобалық аумақтарда 40 


30 
пилоттық жоба іске асырылды, ол ауылдық аймақтарда жақсартылған ауыл шаруашылығы 
практикалары мен баламалы қызмет түрлерін мынадай нәтижелермен көрсетеді:
- пилоттық учаскелерде еліміздің 3 шөлді аймақтарында 180 га жоғары өнімді мал азығы 
алқаптары құрылды, олар су тұтынуды 60%-ға төмендету кезінде мал азығының өнімділігін 2 
есе арттыруға мүмкіндік беретін әдістерді көрсетеді;
- 40 мың гектардан астам тозған жайылымдар алаңында маусымдық жайылым айналым 
практикасы енгізілді, жайылымдарды басқару бойынша 6 кеңес құрылды, 6 жайылымдық 
учаскелерде 3000-нан астам мал басын сумен қамтамасыз ету үшін 8 суат пункті қалпына 
келтірілді, энергияның баламалы көздері (күн панельдері және жел қондырғылары) орнатылды, 
шалғайдағы жайылымдарда 60 фермерлер мен олардың отбасыларының өмір сүру жағдайы 
жақсарды. Жайылымдарды тұрақты басқару мәселелері бойынша 250 фермердің білім деңгейі 
арттырылды;
- Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп Үстірт аймағында 10 мың га алқаптағы 8 
жайылымдық учаскелерді суландыру бойынша жұмыстар жүргізілді және 2000 бас үй малын 
сумен қамтамасыз етілді;
- Қызылорда облысында 2 га алқапта күріш пен көкөніс-бақша дақылдарын суару үшін 
тамшылатып суару тәжірибесі көрсетілді. Күріш суару кезінде суды үнемдеу 23 мың м
3
/га, 
көкөніс-бақша дақылдарын суару кезінде - 2500 м
3
/га құрады;
- іске асырылған жобалар туралы ақпарат жүйелендірілген және ашық ақпараттық 
ресурсында 
жарияланды 
(http://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/en/home/operations/projects/environment_and_energy.
html).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет