19
тобы жоғары тиімді пассивті су тұщыландыру
технологиясын әзірледі
15
. MIT
каммпустарының бірінің төбесінде орналасқан тәжірибелі қондырғы жарықтандырылған
беттің шаршы метрінен сағатына 1,52 галлонның өнімділігін көрсетті (шамамен 5,7 л).
Мұндай жүйелер тиімді және арзан су көзін қамтамасыз ету үшін автономды жағалау
аудандарына әлеуетті қызмет көрсете алады. Алынған судың сапасы санитарлық нормадан
жоғары болды. Зерттеушілердің пікірінше, алдағы уақытта төрт адамнан тұратын отбасына
ауыз сумен тәуліктік қамтамасыз етуге арналған құны $100 дейінгі шағын су тұщыландырғыш
жасауға мүмкіндік береді.
2019 жылы ДДҰ санитария мен денсаулықты сақтау
бойынша алғашқы жан-жақты
нұсқаулық шығарды. Бұл нұсқаулық практикалық шараларды қабылдау қажеттілігін нақты
көрсетеді және бұл үшін әдістемелік құралдар мен ақпараттық ресурстар ұсынылады, сонымен
қатар денсаулық сақтау органдарының санитарияның негізгі жақтаушылары ретіндегі рөлін
жаңа күшпен атап көрсетеді
16
. Нұсқаулықта қауіпсіз санитарлық жүйелер ДДҰ-ның миссиясын
орындауда тірек болып табылатыны, оның стратегиялық басымдықтары мен бүкіл әлемдегі
денсаулық сақтау министрліктерінің жарғылық міндеттерінің
негізі болып табылатыны
айқындалған. Осы нұсқаулық министрліктер, денсаулық сақтау органдары және практикалық
қызметкерлер үшін үлкен практикалық құндылыққа ие болады. Нұсқаулықта санитария мен
денсаулық арасындағы байланысты растайтын қазіргі заманғы нақты деректер жинақталған
түрде
баяндалады, дәлелді негізде ұсынымдар беріледі және санитария саласындағы
халықаралық, ұлттық және жергілікті стратегияларды қабылдауға және қоғамдық денсаулықты
қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатысты жалпы әдістемелік нұсқаулар
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: