Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі



Pdf көрінісі
бет14/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   243
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2012 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 
2,8 есе, ал 2018 жылы 2020 жылғы жоспарлы көрсеткіштен 3,4 есе артып, 2019 жылы 4 есеге 
артты (1.2.1-кесте.). 
Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2012 жылғы деңгейден 4 
еседен астам өсті. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2019 жылы ауыл 
шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2466,0 мың теңгені құрады. 
Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыру 
нәтижелерін атап өту қажет, егер 2013 жылы бидайдың егістік алаңы 60,8% (13,1 млн.га) 
құраса, 2018 жылы бұл алқаптар 51,8% (11,4 млн. га) дейін қысқарды. Өсімдік 
шаруашылығында әртараптандыру шеңберінде 2018 жылы май тұқымдарын жинау 2,7 
млн.тоннаны құрады. Бұл ретте зығыр өндірісі бойынша Қазақстан әлемде бірінші рет 1-
орынға ие болды, оның көлемін 930 мың тоннаға дейін жеткізді (ҚР АШМ министрінің 
баяндамасы, moa.gov.kz, 2018 жылғы 18 маусым). Жиналған астық дақылдарының 20,3 
млн.тонна көлеміндегі (өнімділігі 13,5 ц/га) ұнды есепке алғанда, экспортқа 11,7 млн. тонна 
астық жіберілді, бұл 2017 жылғы деңгейден 33%-ға артық. Бұл - Қазақстанның тәуелсіздік 
жылдарындағы рекордтық экспорт. 2018 жылы АӨК өнімінің жалпы экспорты 24,5%-ға артты, 
оның ішінде қайта өңдеу өнімінің экспорты 3,5%-ға өсті, мұның өзі еңбек өнімділігін арттыруға 
ықпал етті.
2019 жылы дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының жалпы түсімінің 
өңдеуден кейінгі салмағы 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 14% - ға азайды және 17428,6 
мың тоннаны құрады. Бұл ретте майлы дақылдардың жалпы түсімі 4,1% – ға азайды және 
2583,7 мың тоннаны құрады, мақта 0,2% - ға және 344,4 мың тоннаға, картоп 2,7% - ға және 
3912,1 мың тоннаға ұлғайды. 
2019 жылы 15255,3 тонна жоғары сапалы бірегей және элиталық дәнді, майлы, жемшөп 
дақылдарының, оның ішінде 14504,1 тонна дәнді, 500 тонна соя, 225,2 тонна күнбағыс, 26 тонна 
жемдік шөп өндірілді. Дәнді, майлы, азықтық дақылдардың жаңа сорттары 1108801 га алқапта 
енгізілді, оның ішінде дәнді дақылдар 1107728 га, соя 871 га, күнбағыс 202 га, жемдік дақылдар 
139 га, мақсары 702 га. 
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша бидайдың өнімділігі 2012 жылғы 
7,9 ц/га қарағанда 2017 жылы 12,4 ц/га және 2018 жылы 12,3 ц/га (жалпы астық дақылдары -
13,5 ц/га) дейін өсті, алайда бұл көрсеткіштің өсу қарқыны 2020 жылы оның жоспарлы 
мәндеріне қол жеткізу үшін жеткіліксіз. Бидайдың ең көп өнімділігі 2018 жылы Жамбыл және 
Алматы облыстарында, ең азы – БҚО-да орын алған (1.2.2-кесте.). 
2019 жыл еліміздің жекелеген облыстары үшін ауыр болды. 2019 жылғы егін жинау 
қорытындысы бойынша 17,4 млн. тонна астық бастырылды, бұл 2018 жылғы деңгейден 2,9 млн. 
тоннаға немесе 14,3%-ға аз, оның ішінде 2019 жылы бидай 11,5 млн. тонна бастырылды, бұл 
2018 жылға қарағанда 2,5 млн. тоннаға аз. Негізгі төмендеу Қостанай және Ақмола 
облыстарында болды. Статистика комитетінің нақтыланған деректері бойынша бидай өнімділігі 
гектарынан 10,1 центнерді құрады. Қант қызылшасы (өнімділіктің өсуі 6,3%-ға), мақта (1,3%-
ға), картоп (2,8%-ға), ашық егістіктегі көкөніс (1,3%-ға) үшін неғұрлым өнімді жыл болды
.
25
1.2.2-кесте. Қазақстанның өңірлері бойынша бидайдың өнімділігі.
Өңірлер 
2017 
2018 
2019 
Қазақстан Республикасы 12,4 
12,3 
10,1 
Ақмола 
10,9 
11,1 
9,2 
Ақтөбе 
12,7 
11,0 
8,2 
25
ҚР АШМ кеңейтілген алқа отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек 
Сапаровтың баяндамасы 21 ақпан 2020 


27 
Алматы 
20,1 
20,3 
19,7 
Атырау



Батыс Қазақстан 
16,2 
7,7 
10,8 
Жамбыл 
21,1 
22,5 
19,8 
Қарағанды 
9,6 
11,9 
9,1 
Қостанай 
11,3 
11,4 
7,3 
Қызылорда 
15,1 
16,8 
16,3 
Оңтүстік Қазақстан 
16,4 


Туркістан

14,9 
19,9 
Павлодар
10,0 
11,2 
7,9 
Солтүстік Қазақстан 
16,7 
15,4 
14,2 
Шығыс Қазақстан 
11,3 
14,4 
16,2 
Нұр-Сұлтан қ.
6,3 
5,8 
8,5 
Алматы қ.
6,9 
6,1 

Шымкент қ.

8,6 
13,4 
Дереккөз: http://stat.gov.kz 
2018 жылы суаруға жұмсалатын су шығыны гектарына 8209 м
3
құрады, бұл жоспарлы 
мәндерден 1 гектарға 8223 м
3
төмен (1.2.1-кестені қараңыз). Су және өзге де ресурстарды 
тұтынуды төмендету міндетін шешу ауыл шаруашылығы алқаптарының басым бөлігінде су 
және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР-да суармалы жерлердің жалпы ауданы 1991 жылы 2379,5 мың га, 2000 жылы - 2228,3 
мың га, 2017 жылы - 2181,0 мың га, 2018 жылы-2203,1 мың га құрады
26
. 1991-2017 жылдардағы 
суармалы жерлер алқаптарының серпінін қарай отырып, Алматы, Атырау, Жамбыл, 
Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 
суармалы жерлер алқаптарының едәуір дәрежеде қысқару үрдісі байқалады. Оңтүстік Қазақстан 
(қазіргі Түркістан) облысында суармалы жерлердің жыл сайынғы өсімі байқалады. 
2019 жылдың басында тұрақты суарылатын сумен қамтамасыз етілген жерлердің ауданы 
1480 мың га құрады, суармалы жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын қалпына келтірудің 
2019 жылға арналған жоспары – 124 мың га.
Нақты орындалуы – 66 мың га. Тұрақты 
суарылатын сумен қамтамасыз етілген жерлердің ауданы 2019 жылдың соңында 1546 мың га 
құрады, оның ішінде су үнемдеу технологиялары — 210,4 мың га. 2019 жылы оларды суару 
үшін 12,3 млрд м
3
су жұмсалды. Бұл елдің жалпы су тұтынуының 67%-ы. 
2019 жылы Алматы облысында - 14,7 мың га, Шығыс Қазақстан облысында - 25,4 мың га, 
Жамбыл облысында - 2,6 мың га, Павлодар облысында - 9,0 мың га, Қарағанды облысында - 1,5 
мың га, Түркістан облысында - 12,8 мың га шаруашылық инфрақұрылымы қалпына келтірілді. 
2017 жылы ЭЫДҰ-ның су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару бойынша 
шолуы шықты
27
. Гидротехникалық және гидроэнергетикалық объектілерді салу мен 
басқарудың күрделілігіне байланысты осы шолуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік және 
осындай ынтымақтастықтың басқа да құралдары арқылы мемлекет пен инвесторлар арасында 
тәуекелдерді табысты бөлудің мысалдары келтіріледі, мұны Орталық Азия елдерінде қолдану 
ұсынылады.
2019 жылдың 1 қаңтарына ҚР ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларымен 
қамтылған алаң 215,6 мың га құрады (оның ішінде тамшылатып суару – 93,64 мың га, 
жаңбырлату – 121,95 мың га), бұл пайдаланылатын суармалы жерлердің 14,5% - ы. 2021 жылға 
қарай суды үнемдеу технологияларын енгізу алаңын 260 мың га дейін жеткізу көзделіп отыр. 
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы шеңберінде жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта суару үшін 
26
2018 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ 
ЖИЫНТЫҚ ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕП. ҚР АШМ. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет. 2019 ж. 
27
КӨПМАҚСАТТЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН БАСҚАРУ :ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ 
ШОЛУ - № 115 ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ҚҰЖАТЫ. Мелиса Нотон( 1), Николь 
ДеСантис (1) және Александр Мартусевич (2) 


28 
пайдаланылатын судың құны негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру құнының 1%–нан 
кем (бидай үшін 0,9%, мақта үшін 0,1%) құрайды, бұл басқа елдермен салыстырғанда 
айтарлықтай төмен (Австралия, Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Израиль, Оңтүстік 
Африка және Америка Құрама Штаттары сияқты елдерде бидай үшін 4-13%, мақта үшін 2-
10%). Абсолюттік мәнде суару үшін пайдаланылатын судың қолданыстағы тарифтері әлемдегі 
ең төмен тарифтердің бірі болып табылады: Австралия, Қытай Халық Республикасы, Грекия 
және Ұлыбритания сияқты елдерге қарағанда 2-10 есе төмен және Израильге қарағанда 20 есе 
төмен. Соңғы тұтынушы үшін суға арналған өте төмен тарифтерді (орташа тариф 0,5 теңге/м
3
құрайды) ескерсек, олар суды тиімді тұтынуға мүлдем ынталандырмайды. 
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суарудың су үнемдеу технологиясын енгізу 
үшін ынталандыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–ҚР Ауыл шаруашылығы 
министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №48 бұйрығымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 
пайдалануға берілген тамшылатып және жаңбырлатып суаруға арналған жүйелер мен 
жабдықтарды сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 30% шығындарының 
өтемақысы енгізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығына сәйкес мұндай субсидиялар 50%-ға 
дейін ұлғайтылды. Осы бұйрыққа сәйкес жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құруға 
және мал шаруашылығы шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етуге (құдықтар, ұңғымалар), 
жылыжай кешенін салуға және кеңейтуге – 25%, сондай-ақ жылыжайларда ауыл шаруашылығы 
өнімдерін өндіруге-80%-ға дейін субсидия қарастырылған. (Ауыл шаруашылығы министрінің 
м.а. 2015 жылғы №4-3/177 бұйрығы). 
Мемлекет басшысының суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын 
орындау мақсатында «Қазсушар» РМК халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тарту 
жолымен ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 
Ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуының негізгі себептері топырақтың эрозиясы мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет