Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет124/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   243
Су ресурстарының жай-күйі. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның сумен 
қамтамасыз етілген өңірлерінің біріне жатады. Алайда, Ертіс өзенінің бассейні қарқынды 
экологиялық жүктемені бастан кешіруде – өнеркәсіптің дамуы, қалалар мен басқа да елді 
мекендердің өсуі өзеннің ластануына алып келді. Ертіс өзені және оның ағыны шаруашылық 
және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қарқынды пайдаланылады. Өзен бассейніне әртүрлі 
өнеркәсіптік және коммуналдық ағындарды ағызу жүзеге асырылады. 
Брекс (Филипповка), Тихая, Үлбі (Тишинский кенішінің ауданында) өзендерінің ластануы 
қазіргі уақытта мемлекет меншігіндегі тау жыныстары үйінділерінен, сондай-ақ "ҚазМырыш" 
ЖШС төгінділерінен тарихи ластануға байланысты. 
"Востокцветмет" ЖШС тау-кен өндіру кешенінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының 
ықпалында тұрған Красноярка және Глубочанка өзендері (Тишин кенішінің ауданында, Риддер 
қ.). 
Облыс кәсіпорындары үшін су объектілеріне ластаушы заттардың нормативтік 
төгінділерінің көлемі 2017 және 2019 жылдары 0,063 млн. тоннаны құрады (2.5.5-кесте.).
2.5.5-кесте. Қоғамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту
Мақсатты индикаторлар 
Жылдар бойынша орындалуы 
2017 ж. 
2018 ж. 
2019 ж. 
2020 ж. 
жоспар 
Нормативтік ластаушы заттардың көлемі: 
- атмосфералық ауаға шығарындылар, млн. тонна 
0,191 
0,194 
0,191 
0,191 
- су объектілеріне төгінділер, млн. тонна 
0,063 
0,046 
0,063 
0,063 
Қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуына 
қарай оларды кәдеге жарату үлесі, % 
0,03 
4,6 
14,0 
18,0 
Облыс, қала тұрғындарын қалдықтарды жинау 
және тасымалдау қызметтерімен қамту, % 
43,4 
70 
71 
75,8 
Экологиялық талаптарға және санитариялық 
қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық 
қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі 
(көму орындарының жалпы санынан), % 
3,2 
7,0 
8,2 
9,5 
Жер үсті және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін маңызды фактор тарихи 
ластану (тау жыныстарының үйінділері, қалдық сақтау орындары, өнеркәсіптік қалдықтардың 
жинақтаушылары) болып табылады.


213 
Ертіс өзені бассейнінің жер үсті сулары сапасының жай-күйі ағын сапасының жай-күйіне 
байланысты. Красноярка, Глубочанка, Брекс, Тихая, Үлбі суларының сапалық құрамын 
жақсарта отырып, бүкіл бассейннің сапа класын жақсартуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет