Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық



Pdf көрінісі
бет126/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   243
Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық 
шаруашылықтарының, ЕҚТА және экологиялық туризмнің дамуы 
Облыстың мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы ауданы 01.01.2020 жылға 3843315 га 
құрайды, оның ішінде орманмен жабылған жерлер - 2023405 га.
Облыстың ормандылығы 7,14% 
құрайды. 
Облыста 20 мемлекеттік орман иеленуші жұмыс істейді. Орман шаруашылығы 
мекемелерінің балансында 2154,5 мың га (56,1%), оның ішінде орманмен жабылған 1283,9 мың 
га сүрек қоры 128,2 млн.м
3
. Жалпы орташа өсім жылына 1,9 млн. м
3
құрайды (2.5.6-кесте.).
Орман ағаштарының құрамы бойынша және аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне 
байланысты ормандар жоғары өрт қауіптілігімен сипатталады. 
2019 жылы жалпы көлемі 4636 га жерге орман дақылдары отырғызылды, оның ішінде 
әкімдік мекемелері 532 га, "Семей орманы" МОТР - 4076 га жерге ағаш отырғызды.
2288 га 
алқапта орман екпелеріне толықтыру жүргізілді, 20,06 га алқапта питомниктерде орман 
тұқымдары егілді, ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуі мен бүлінуінің 73 жағдайы 
анықталды. Заңсыз кесілген сүректің жалпы көлемі 1153,3 м
3
құрады, мемлекетке келтірілген 
жалпы шығын 11 576,0 мың теңгені құрайды. 
2019 жылғы өрт қауіпті маусымда жалпы ауданы 200,4 га орман өрттерінің 144 жағдайы 
тіркелді, оның ішінде 129,68 га орман, 55,3 га орман көмкерген, 0,5 га жоғары беткейлік және 
70,7 га ормансыз алқап. Орман өрттерінен келтірілген жалпы шығын 12 880,2 мың теңгені 
құрады. 
2.5.6-кесте. Мемлекеттік орман қоры аумақтарындағы ормандарды қалпына келтіру
Мақсатты индикаторлар 
Жылдар бойынша орындалуы 
2017 ж. 
2018 ж. 
2019 ж. 
2020 ж. 
жоспар 
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман 
қоры аумағындағы орман көмкерген жерлердің көлемі, мың га 
1278,9 
1280,3 
1283,9 
1277,7 
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман 
қоры аумағындағы бір орман өртінің орташа алаңы, мың га 
0,0017 
0,003 
0,004 
0,013 


215 
Облыс аумағында құстардың 379 түрі мен сүтқоректілердің 110 түрі өмір сүреді, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету 
қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.
Облыста 57 аңшылық 
шаруашылығы бар, оның көлемі 15,9 млн. га құрайды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет