Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық



Pdf көрінісі
бет168/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   243
Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық 
шаруашылықтарының, ЕҚТА және экологиялық туризмнің дамуы. 
Орман шаруашылығы. 2017 және 2018 жылдары облыс бойынша мемлекеттік орман 
қорының жалпы көлемі 6,5 млн. га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған - 3,03 млн. га. 
Облыс бойынша орман шаруашылығы ММ қызметкерлерінің жалпы саны 545 адам. 
Орман шаруашылығы мекемелері ормандарды күзету, қорғау және молықтыру бойынша 
бірқатар жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және 
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанында орман және жануарлар дүниесінің
8 мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. 2017 жылы мемлекеттік орман қорында 10709 га жерге 
отырғызу жоспарланып, толығымен орындалды. 2018 жылы мемлекеттік орман қорында 10334 
га жерге отырғызу жоспарланып, толығымен орындалды. Оның 5000 гектары Арал теңізінің 
құрғаған түбінде орналасқан.
Орманды қалпына келтіру мақсатында ағаш көшеттерін өсіру үшін 17,8 га уақытша 
питомниктер ұйымдастырылады. Өрттің алдын алу және жою мақсатында орман шаруашылығы 
мекемелерінде 13 өрт сөндіру машинасы бар және 54 өрт сөндіруші жұмыс істейді.
2018 жылғы өрт қауіпті маусымда өрттің алдын алу және жою мақсатында 438 шақырым 
жаңа минералдандырылған жолақтар өткізілді, сондай-ақ 3193 шақырым минералдандырылған 


257 
жолақтар жаңартылды. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы 
мекемелері 231 рейд жүргізді, заңсыз ағаш кесудің 6 жағдайы анықталды, тиісті шаралар 
қабылданды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету саласында барлығы 256 билет 
берілді, оның ішінде: орман билеті – 243 дана, ағаш кесу билеті - 13 дана. Ағаш кесу және 
орман билетін беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдері бұзылған 
шағымдар мен өтініштер тіркелмеген.Сонымен қатар, Арал теңізінің жүзеге асырылған күнінде 
Оңтүстік Корея өкілдерінің басшылығымен 5000 га алқапта сексеуіл көшеттері отырғызылды. 
2019 жылғы өрт қауіпті маусымда 2,86 га алқапта 4 орман өрті тіркелді, оның ішінде 
ормансыз жерлер 2,86 га. 
2019 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы көлемі 9,72 м
3
, залал сомасы
173,6 мың теңге заңсыз ағаш кесудің 6 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша 
материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, олар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет