Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет169/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Балық шаруашылығы. 2017 жылы шағын Арал теңізінің 18 учаскесінің барлығы
сондай-ақ жергілікті маңызы бар 203 су айдынының 142-і конкурстық негізде табиғат 
пайдаланушыларға ұзақ мерзімді пайдалануға бекітілген. Жергілікті маңызы бар қалған балық 
шаруашылығы су тоғандарының 61-і резервтік қорда. Облыс аумағында 37 аңшылық алқаптар 
орналасқан, олардың 32-і конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімді 
пайдалануға бекітілген. 2017 жылы 8856,7 тонна балық аулауға рұқсат берілді, республикалық 
бюджетке 140 млн. теңге түсті. 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 2018 жылға 
бекітілген балық аулау квотасы 7470,61 тоннаны құрайды. 2018 жылы облыс бойынша
8477 тонна балық ауланды. 2017 жылы облыста жылдық қуаты 11 мың т. асатын 8 балық өңдеу 
зауыты жұмыс істейді. 2018 жылы балық өңдеу көлемі 4071 тонна. 
Облыстың туризмін дамыту шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық 
автокөлік дәлізі бойындағы жол бойы сервистік нысандарын дамыту бойынша жұмыстар 
жалғасуда. Қызылорда облысының бөлігінде нысандардың құрылысына арналған 55 орын
белгіленген. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен 
«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. 
Қазақстан Республикасының туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан 
енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық 
туристік аймағы. Бұл ретте, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы 
туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне енгізілген. 
АҚШ-тағы Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы 
үлгісінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында 
«Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасының техникалық-экономикалық 
негіздемесі (бұдан әрі - ТЭН) әзірленді. Қазіргі таңда Қармақшы ауданы аумағында «Батыс 
Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің 1579 шақырымында жер учаскесі 
анықталып, рәсімделді. 
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасын зерделеу, танымал ету және 
репрезентативтік тізіміне енгізу жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде "Қорқыт ата мұрасы" 
көпұлтты өтінімі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізілді. 
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық бабы аясында өңірде алғаш рет 
тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы ұйымдастырылды, облыстық 
мұражайда жас өлкетанушылардың бірлестігі құрылып, "Қасиетті Қазақстан және Археология" 
залы ашылды. 
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында туризмді сақтау, зерттеу 
және дамыту мақсатында Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала, Бәбіш молда қалаларында 
археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Сығанақ стеласы орнатылып, Сығанақ қалашығы 
қоршалды. 
Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун және Марал ишан ескерткіштері қалпына 
келтірілді, Өзгент қалашығының қорғау аймақтары және Жаңақорған ауданында орналасқан 


258 
Төлегетай-Қылышты ата кесенесі анықталды. 
Шиелі ауданы Еңбекші, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдарында 1 мұрағат ғимараты 
мен 2 ауылдық клуб, Сырдария өзенінің сол жағалауында қала тарихы мұражайы мен "Рухани 
жаңғыру" орталығы ашылды. 
Облыстық жобалық кеңсе аясында 3D форматта облыстың тарихи-мәдени мұра 
объектілерінің интерактивті картасы әзірленді және 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне 
QR-кодтар орнатылды. 
Өңірдің жағымды имиджін қалыптастыру үшін "Туристік көрікті жерлер" туристік 
каталогы және 3 тілде "Қызылорда облысының туристік объектілері" жолсілтемесі әзірленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет