Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу



Pdf көрінісі
бет167/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   243
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 


256 
2017 жылы облыс бойынша 148000 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жиналған болса
оның 5200 тоннасы қайта өңделді, кәдеге жарату үлесі – 3,5 %. 
2018 жылы облыс бойынша 1457000 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жиналған болса, 
оның 4700 тоннасы қайта өңделді, кәдеге жарату үлесі – 3,9 %. 2018 жылы қатты тұрмыстық 
қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтермен халықтың 60,87% қамтылды. 
2019 жылы 122000 тонна ҚТҚ түзілді, оның 17000 тоннасы қайта өңделді, қайта өңдеу 
үлесі – 14%. Жыл сайын шамамен 120-140 мың тонна ҚТҚ түзіледі. 
Бүгінгі күні облыста 145 полигон болса, оның 5-еуі экологиялық талаптарға 
сәйкестендірілген, пайыздық үлесі-3,45%. 
Облыс бойынша қалдықтарды бөлек жинау жеткіліксіз енгізілген. Тұрғындардан 
құрамында сынабы бар шамдарды жинау үшін облыс бойынша 2015 жылы БҰҰДБ жобасы 
аясында (24 бірлік) және 2017 жылы ӨКМ аясында (850 бірлік) сатып алынған 874 контейнер 
орнатылды. Оның ішінде, Қызылорда қаласында-155, аудан орталықтарында-720. 
2019 жылы Қызылорда қаласының айналасында 50 км радиуста 222 заңсыз қоқыс үйіндісі 
анықталды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен 220 заңсыз қоқыс тазартылды. 
Облыста қалдықтарды сұрыптайтын және кәдеге жарататын келесі жеке кәсіпкерлер бар:
Қызылорда қаласында "Ибрайхан және К ЛТД" ЖШС полигонында шыны, көлік дөңгелектері, 
пластик, мата, құрылыс қалдықтары сұрыпталады және тротуарлық плиткалар, жабынқыш 
шығару арқылы полимерлік қалдықтарды қайта өңдейді;кәдеге жаратылады Қалған қалдықтар 
полигонда көму үшін шығарылады; 
-
"Smart Rubber" ЖШС тозған жарамсыз автомобиль шиналарынан тамшылатып суаруға 
арналған шлангілер шығарады; 
- Kyzylorda Paper, "ДаЖаЕр" ЖШС, "Август" ЖК макулатура, картон, қағаз, пластмасса, 
пластика қалдықтарын сұрыптайды және жинайды. Мекемелерде макулатура, пластика 
қалдықтарын жинауға арналған экобокстар орнатылады; 
- "Эко-Н Сервис" ЖШС құрамында сынап бар пайдаланылған шамдарды 
зарарсыздандыруды жүзеге асырады.
2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) шеңберінде қалдықтарды қайта 
өңдеу үлесін арттыру мақсатында жылына 60,0 мың тонна қалдықтарды сұрыптау кешенін салу 
жобасы іске асырылуда. Полигон құрылысының 50% - ын жеке инвестор өз қаражаты есебінен 
жүзеге асыратын болады. Жобаның жалпы құны-1,3 млрд.теңге. Сұрыптау кешені Белкөл 
ауылынан 3,7 км қашықтықта орналасатын болады. 
Жоғарыда аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша «Қатты тұрмыстық 
қалдықтарды кәдеге жарату үлесі» бірнеше есеге артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет