Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


жылы Басқарма МОҚ аумағынан тыс жерлерге 82 597 дана көлемінде жасыл



Pdf көрінісі
бет189/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   243
2019 жылы Басқарма МОҚ аумағынан тыс жерлерге 82 597 дана көлемінде жасыл 
желек отырғызуды ұйымдастырды
Экотуризм. Павлодар облысының аумағында: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; 
Қазақстан шипажайы - "Мойылды" шипажайы; Маралды көліндегі туристік демалыс аймағы
Аққулы ауданындағы "Тұзқала" демалыс аймағы, көптеген табиғи, тарихи, археологиялық, 
мәдени ескерткіштер бар. 
2017 жылдың қорытындысы бойынша келушілерді орналастырумен айналысатын 
объектілердің саны 97 бірлікті құрайды, онда 2810 нөмір бар, бұл ретте біржолғы 
сыйымдылығы 6987 төсек-орынды құрайды. Олар 147485 адамға қызмет көрсетіп, 1852259,7 
мың теңгеге қызмет көрсетті. 
2017 жылы ішкі және сыртқы туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілердің жалпы 
саны орналастыру орындарында – 147485 адамды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 
33,5%-ға артық (110456 адам). Ұсынылған төсек-тәулік саны 112,8% немесе 37770 төсек-
тәулікке ұлғайды. Өңірде туризмді 2020 жылға дейін дамыту туризмді дамыту 
тұжырымдамасы, Павлодар облысының туристік кластерін құрудың және дамытудың 2020 
жылға дейінгі мастер-жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Өңірдегі туризмді 
дамыту басымдықтары мыналар: кластерлік даму моделі, инфрақұрылымды дамыту
маркетингтік шаралардың тиімділігін арттыру, сектордағы еңбек өнімділігін арттыру, жаңа 
жұмыс орындарын құру. 
2.13. Солтүстік Қазақстан облысы 
Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 
үлесі. Экономиканы әртараптандыру 
Облыс республиканың солтүстігінде 98 мың км
2
алып жатыр. Облыс халқы тұрақты 
төмендеуде: 2018 жылдың 1 қаңтарына - 558,6 мың адам, 2019 жылдың басына - 554,5 мың 
адам, ал 2020 жылдың басына — 548,8 мың адам. Дамудың негізгі бағыттары - ауыл 
шаруашылығы, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібі. Солтүстік Қазақстан облысы ауыл 
шаруашылығын дамытудың үлкен әлеуеті бар аграрлық-индустриялық аймақ болып табылады, 
сондықтан ауыл шаруашылығы саласы аса маңызды сала болып табылады.
150
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы облыстың ЖӨӨ көлемі 2015 
жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 33,1%-ға артып, 1114,0 млрд. теңгені құрады. Жан 
басына шаққандағы ЖӨӨ - 1985,9 мың теңге, бұл 2015 жылғы деңгейден номиналды мәнде 
35,4%-ға артық. 2018 жылы облыстың ЖӨӨ – 1212 млрд. теңге, ал жан басына шаққанда 2177,7 
мың теңге, 2019 жылы тиісінше 1382,3 және 2505,9.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет