Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет190/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   243
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылы 240,5 млрд. теңгені және 2018 жылы 243,0 млрд. 
теңгені және 2019 жылы 263,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 2017 
150
Мұнда және одан әрі 2016-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту 
бағдарламасы және 2018 және 2019 жылдары оны іске асыру бойынша есептер. 


277 
жылы 171,9 млрд. теңг, 2018 жылы 171,2 млрд. теңге
және 2019 жылы 195,5 млрд. теңге 
көлемімен өңдеу өнеркәсібі ең үлкен үлесті алады. 
Негізгі өнеркәсіптік өндіріс Петропавловск қ. Ғ.Мүсрепов ат. аудандарда, Тайынша және 
Қызылжар аудандарында орналасқан. Ақжар, Мамлюк және Жамбыл аудандарында өнеркәсіп 
аз дамыған. 
2019 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар мен салалардың саны 539 бірлікті құрады. 
Ауыл шаруашылығы кешені сала ретінде өңірдің экономикасындағы жалпы өңірлік 
өнім құрылымында 25,3% және елдің АӨК экономикасында 11%-ды алады.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы 
өнімінің көлемі 498,4 млрд.теңгені, 2018 жылы - 514,7 млрд. теңгені, ал 2019 жылы — 610,7 
млрд. теңгені құрады, өсімдік шаруашылығының басымдылығы (73,7%). 
2017 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі бастапқы кіріске алынған салмақта 5417,4 
млн.тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы жиналған мөлшерден 130,0 мың тоннаға аз (2015 жылы – 
5547,0 мың тонна). 2015 жылға қарағанда дәнді дақылдардың өнімділігі 0,2 ц/га артты (2015 
жылы – 17,3 ц/га) және 2017 жылы 17,5 ц/га құрады.
2017 жылы дәнді дақылдар бойынша ең 
көп өнім келесі аудандарда алынды: М.Жұмабаев ауданы-21,7 ц/га, Аққайың ауданы – 21,2 ц/га, 
Жамбыл және Қызылжар ауданы – 19,9 ц/га.
2018 және 219 жылдардың көрсеткіштері кестеде 
келтірілген. 
Өңір республикадағы негізгі астық егетін өңірлердің бірі болып табылады, астық 
өндірісінің 30%-ға дейін, май тұқымдарының 26%-ға дейін, сүттің 10%-ға дейін, жұмыртқаның 
12%-ға дейін қамтамасыз етеді. 
Өсімдік шаруашылығында 2018 және 2019 жылдары егіс алқаптарын әртараптандыру 
шеңберінде майлы дақылдар алқабы 261 мың га немесе 37%–ға ұлғайтылды және 976 мың га 
(2017 жылы – 715 мың га), картоп алқабы 9,6 мың га немесе 35%–ға, 37,4 мың га (2017 жылы-
27,8 мың га), көкөніс алқабы 1,6 мың га немесе 35%-ға артты (2017 жылы-5,0 мың га). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет