279
2018 жылы 4,1 пайыздық пунктке төмендеді және 52,3% құрады (2016 жылы – 56,4%). 2019
жылы жөндеу және қайта жаңартуға 559,5 млн.теңге бағытталды. 2019 жылы жөндеу және
қайта жаңартуға 559,5 млн.теңге бағытталды. 730 км желіге, 97 подстанцияға күрделі жөндеу
жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында
баламалы көздерден қуаты 2,26 МВт Сергеев ГЭС бар.
"Қазақтелеком" АҚ облыстың екі ауданында өндірістік объектілерді резервтік электрмен
жабдықтау үшін Ақжар және Уәлиханов аудандарында жиынтық қуаты 9,4 кВт үш жел
толқынды электр кешені орнатты. 2012 жылы Новоникольское ауылында "Зенченко и К"
командиттік серіктестігі өз қаражаты есебінен жалпы қуаты 1,5 МВт (2×750кВт) екі жел электр
станциясын орнатты, сондай-ақ 2015 жылдың 1 тоқсанында қуаттылығы 1
МВт-тан
германиялық "NEG MICON" фирмасының екі жел энергетикалық қондырғысы іске қосылды.
2017 жылы Айыртау ауданында "Миллениум" және "Магзум" шаруа қожалықтары,
"Байшагиров" ЖК және "Алдонгаров" ФХ өз қажеттіліктері үшін күн батареяларын енгізді.
2018 жылы облыста жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша 26 жаңа нысан
енгізілді, оның ішінде сабанмен жұмыс істейтін 22 қазандық және Петропавл қаласында күн
панелімен жұмыс істейтін 4 мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы.
Барлығы 2018 жылы жаңартылатын энергия көздерімен электр энергиясын өндіру 20,7
млн. кВт құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 1%-ға артық (20,5 млн. кВт.сағ).
Электр энергиясын
өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК объектілерімен электр энергиясын өндіру үлесі 0,65% құрады.
2018 жылы жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтың
енгізілген жүйесі шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында жалпы қуаты 52 МВт жел электр
станцияларын салу бойынша "EnergoTrust" ЖШС және "Иван Зенченко" ЖШС жобалары
жеңімпаз болып анықталды.
2019 жылғы 8 қазанда "Иван Зенченко" ЖШС 2 жел генераторы пайдалануға берілді. 2019
жылдың соңында облыста жалпы қуаты 58 МВт жаңартылатын энергияны пайдалану бойынша
151 объект бар (Сергеев ГЭС — 2,26 МВт, жалпы қуаты 3,5 МВт "Зенченко и К" КС 4 жел
генераторы, "Иван Зенченко" ЖШС 2 жел генераторы — 2 МВт, 105 биоқазандық — 50 МВт).
Достарыңызбен бөлісу: