281
облыстың 41 ауылында сумен жабдықтау желілері қалпына келтірілді. Осылайша, 2019 жылы
атқарылған жұмыстар нәтижесінде халық саны 29 мың адам болатын 48 ауылда су беріліп,
сумен қамту жақсарды.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 635 ауылынан ауыл халқының саны
253,9 мың адамы (немесе 81,7%) бар 396 ауыл (немесе 62,4%)
орталықтандырылған сумен
қамтамасыз етілді, халық саны 56,9 мың адамы (18,3%) бар 239 АЕМ (37,6%) қамтамасыз
етілмеген.
Жалпы облыс халқының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 89,9% құрайды. 4
топтық су құбырының жалпы ұзындығы 3092 км құрайды, оның ішінде Булаевский — 2092 км,
Есіл — 553 км, Пресновский — 214 км, Соколовский — 233 км.
2020 жылы сумен жабдықтауға 7,9 млрд.теңге бағытталады. Жалпы алғанда 51 мың адам
халқы бар 59 елді мекенде су беру және сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда. Жалпы
алғанда, 2020 жылдың соңында ауылдарды орталықтандырылған
сумен жабдықтауға қол
жеткізу 62,8%-ды, ауыл халқын қамту - 82,1%-ды құрайды деп күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: