Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


ЖӨӨ энергия сыйымдылығын төмендету



Pdf көрінісі
бет194/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

ЖӨӨ энергия сыйымдылығын төмендету. 2017 жылы облыстың ЖІӨ энергия 
сыйымдылығы 2000 жылғы бағамен 0,3 тнэ мың АҚШ долларын құрады және 2015 жылмен 
салыстырғанда 28,6% төмендеді.
Солтүстік Қазақстан облысының 2016 - 2020 жылдарға арналған энергия үнемдеудің 
кешенді жоспарын облыс әкімдігі әзірлеп, мәәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2/3 
шешімімен бекітілді. 2018 жылы осы кешенді жоспар шеңберінде облыстың кәсіпорындары 
мен ұйымдары 11,2 млрд. теңге сомаға іс-шаралар орындады, алынған нәтиже 210 мың тонна 
шартты отынды құрады.
Энергетика секторындағы кәсіпорындар автотрансформаторды ауыстыру, ЖЭО-2-де 
жылу қуатын беру схемасын қайта жаңарту, оқшауланған құбырды қолдана отырып 
магистральды және таратушы жылу желілерін қайта жаңарту, жылу желілері құбырларының 
оқшаулануын қалпына келтіру, электрмен жабдықтау желілерінің негізгі және қосалқы 
жабдықтарын жаңғырту және қайта жаңарту, оның ішінде СИП маркалы сымға жалаңаш 
сымдарды ауыстыра отырып ӘЖ-0,4 кВ қайта жаңарту сияқты ірі іс-шараларды орындады. Осы 
іс-шараларға шығын сомасы 8,76 млрд. теңгені құрады, 202 мың т.т. үнемделді.
Өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындарымен энергия үнемдеу іс-шараларын енгізуге 1,46 
млрд. теңге бағытталды. Кәсіпорындарда ескі жабдықты аз энергияға ауыстыру жүргізілді, 
қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру орындалды, үй-жайларды жылыту 
бойынша іс-шаралар жүргізілді. Осы іс-шараларды орындаудың экономикалық тиімділігі 5116 
м. т. құрады.
2018 жылы Дүниежүзілік банк есебінен 4 бюджеттік объектіде энергия үнемдеу іс-
шаралары жүргізілді, БҰҰДБ гранттары есебінен 2 тұрғын үйді жаңғырту жүргізілді 
Облыста 2017 - 2018 жылдары жарықдиодты 3,7 мың шам (Петропавл қаласында – 3,3 
мың дана) ауыстырылды, олар 50% дейін үнемдейді.
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету 
Облыстың су ресурстары Есіл өзендерінен Аққанбұрлық және Иманбұрлық ағындарымен, 
Сілет, Чаглинка, Қамысақ, Ащысу, Қарасу өзендерінен және басқа да су ағындарынан 
құралады, 2395 су ағындары бар, 491 су қоймалары тізбесіне енгізілген, олардың 332 жалға 
алынған. Есіл өзенінің жер үсті ағысы Петропавл қаласын, Солтүстік Қазақстан облысының 
ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау, саяжай массивтерін суару және т.б. үшін 
пайдаланылады. Жоба бойынша екі су қоймасының жалпы сыйымдылығы 712,2 млн м
3
құрайды, оның ішінде Сергиевский — 693 млн. м
3
, Петропавловск-19,2 млн. м
3
. Облыс 
аумағында өңір ландшафтының ажырамас бөлігі болып табылатын 2148 көл бар. Көлдердің су 
айдынының жалпы ауданы 275 мың га жетеді.
Ең үлкен көлдер:
Сілеті-Теңіз көлі (ауданы — 
68000 га), Теке көлі (22200 га), Шағлы-Теңіз көлі (20572 га), Үлкен Қарой көлі (19700 га), 
Имантау көлі (5423 га), Жақсы Жаңғызтау көлі (4128 га), Үлкен Тораңғыл көлі (3475 га). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет