Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   243
Э
ми
сс
и
и
 П
Г, 
тыс
. т
 С
О
2-
эк
в.
Энергетика
ППИП
Сельское хозяйство
ЗИЗЛХ
Отходы
 
 
1.7.1-сурет. 1990-2018 жылдардағы ПГ ұлттық шығарындылары мен сіңірулерінің 
динамикасы. Дереккөз: ұлттық шығарындылар кадастры, 2020 
 
Қазақстандағы 1.7.1-суретте «Энергетика» ретінде көрсетілген ПГ шығарындыларының 
80%-дан астамы экономиканың барлық секторларында (стационарлық және мобильді көздер) 
отынды өндірумен, өңдеумен және жағумен байланысты екенін атап өткен жөн. КӨҮАТ
сәйкес, бұл барлық шығарындылар шығарындылар көздерінің «энергетикалық қызмет» 
санатына топтастырылған. 2018 жылы ПГ шығарындыларындағы «энергетикалық қызмет» 
үлесі 83,5%-ды құрады. Отын жағуға байланысты емес ПГ шығарындыларының үлесі 
өнеркәсіп салаларында («ППИП») 5,6%-ды, «Ауыл шаруашылығында» – 9,1%-ды, 
«Қалдықтарда» - 1,7%-ды құрайды.
1990 жылғы шығарындылар деңгейімен салыстырғанда 2018 жылы «Энергетикалық 
қызмет» шығарындылары көздерінің санатындағы эмиссиялар 0,6%–ға аз, «Ауыл 
шаруашылығында» отын жағуға байланысты емес шығарындылар 17,4%–ға, өнеркәсіпте 
11,6%-ға аз, ЖЖӨОШ-да-134,0%-ға, «Қалдықтарда» - 44,2%-ға өсті.
Қазақстандағы ПГ шығарындыларын реттеу 
2013 жылдан бастап Қазақстанда ПГ шығарындыларын квоталаудың және квоталар 
саудасының ұлттық жүйесі (ШКЖ) жұмыс істейді, ол әзірге тек көмірқышқыл газының 
шығарындыларын ғана реттейді. Басқа парниктік газдар шығарындылары әлі квоталанбаған.
ШКЖ шығарындылары жылына 20 мың тонна CO
2
-экв асатын барлық қондырғыларды 
қамтиды. Квоталарды бөлу тегін негізде жүзеге асырылады. Кезеңнің көміртегі бюджеті 
ұлттық квота бөлу жоспарымен (ҰКЖ) айқындалады. ҰКЖ ҚР Үкіметінің қаулысымен 
бекітіледі.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қысымымен 2016-2017 жылдары ШКЖ 
жұмысы уақытша тоқтатылды, нәтижесінде 2017 жылы ПГ ұлттық шығарындылары ЖЖӨОШ 
секторындағы сіңірулерді ескере отырып, бірден 7,4%-ға өсті. 2018 жылы ШКЖ ҚР 
Үкіметінің 26.12.2017 ж. №873 қаулысымен бекітілген 2018-2020 жылдарға арналған ҰКЖ 
сәйкес қайта іске қосылды.
Үшінші бюджеттік кезеңге квота көлемі СО
2
-экв 485,9 млн. тонна 
көлемінде бекітілді. (жылына 162 млн. тонна СО
2
-экв), оның ішінде мемлекеттік резервтің 
көлемі 3 жылға 35,3 млн. тонна СО
2
-экв құрады.
Бөлінетін квоталардың жалпы көлемі 2020 жылға қарай CO

шығарындыларын 1990 
жылғы деңгеймен салыстырғанда 5%-ға қысқартуды қамтамасыз ететіндей есептелген, бұл 
ретте уәкілетті органның ШКЖ арқылы ПГ ұлттық шығарындыларының тек 43%-ын ғана 
реттеу мүмкіндігі бар екенін атап өту маңызды.
Үшінші бюджеттік кезеңде қондырғы операторларына оларға тегін бөлінетін квоталар 
көлемін есептеу әдістерін таңдау мүмкіндігі берілді: тарихи әдіс және ПГ (ШМҮ) 


101 
шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану әдісі. Операторлардың шамамен 2/3 
бөлігі ШМҮ әдісін таңдады, өйткені бұл оларға өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа көздерді 
енгізу жағдайында мемлекеттік резервтен қосымша тегін квоталар сұрауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда ПГ шығарындыларын реттеу үшін ШКЖ-мен қатар ПГ шығарындылары 
мен сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастры (Кадастр) және көміртегі бірліктерінің 
мемлекеттік тізілімі (тізілім) қолданысқа енгізілді. Шығарындылары ұлттық ШКЖ 
шеңберінде квоталанатын қондырғылардың барлық операторлары жыл сайын қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ПГ-ны түгендеу туралы верификацияланған 
есептерді ұсынуға міндетті.
ШКЖ, Кадастр және Тізілім операторы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты 
құрылымы – «Жасыл даму» АҚ болып табылады. 
Қазақстанда көміртегі шығарындыларына салық жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет