13
өзені алқабының және Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының флорасы мен фаунасын
сақтау үшін жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында 1,431 км
3
көлемінде су жіберіледі.
Сонымен қатар су қоймаларының су режимін реттеу табиғатты қорғау үшін қажетті су
жіберуді ескере отырып жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, 2018 жылғы 12 сәуір мен 11
мамыр аралығында Ертіс өзені бойынша 6,0 км
3
көлемінде жалпы жайылма су басу аумағы
297,4 мың га болатын табиғатты қорғау мақсатында су жіберілді.
МСҮК деректері бойынша Сырдария өзені бойынша аралға нақты беру 2019 жылдың
соңында Қазгидромет деректері бойынша - 1,16 км
3
құрады, су
ресурстары комитетінің
деректері бойынша – 1,95 км
3
, Арал мен Арал маңындағы Амудария өзені бойынша
Өзгидрометтің деректері бойынша 2,03 км
3
келіп түсті, бұл жоспардан 97%-ды құрады
10
.
Қазақстан Республикасының Су
ресурстарын басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық-
талдау жүйесі (СРББЖ, Портал) су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және су
пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында құрылды. Ол бірыңғай
ақпараттық кеңістіктің
ұйымдастырушы буыны ретінде әзірленген, су шаруашылығы ақпаратымен алмасу және
басқару процестерін жақсартуға ықпал етуге бағытталған.
СРББЖ қаражатымен бірыңғай ақпараттық кеңістікке
бастапқы су пайдаланушыдан
бастап мемлекеттік басқару деңгейіне (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары
комитеті) дейін су ресурстарын пайдалану процесіне қатысушылардың көпшілігі біріктіріледі.
Жүйе ГИС-технологияларды қолдану арқылы жасалған.
СРББЖ су ресурстарының жай-күйін есепке алу, олардың пайдаланылуын бақылау, су
ресурстары мен гидротехникалық құрылыстардың мониторингі, су шаруашылығы баланстарын
есептеу сияқты басқару міндеттерін шешу кезінде пайдаланылатын әртүрлі
деңгейдегі
ақпаратпен жүйелі түрде қамтамасыз ету мақсатында деректерді жинау, өңдеу, талдау, сақтау,
беру және ұсынуға арналған.
Жүйе бірыңғай WEB-қосымша ретінде орындалған, бірақ жүйенің ресурстарына әртүрлі
кіруді ұйымдастыру арқылы үш блокқа бөлінген. Әрбір блок пайдаланушылардың белгілі бір
тобына арналған:
- Су ресурстары комитетінің (СРК) пайдаланушылар блогы;
- бассейндік инспекциялардың (БИ) пайдаланушылар блогы;
- сыртқы пайдаланушылар блогы.
Достарыңызбен бөлісу: