16
мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес және халықаралық
ұйымдардың өкілдері Қазақстанның трансшекаралық жер асты сулары саласындағы
ынтымақтастығы, Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және судың кездейсоқ ластануын болдырмау, сондай-ақ Орталық Азияда су-энергетикалық
консорциумын құру мүмкіндігі мәселелері бойынша ССҰБ жөніндегі жұмыс тобының кеңесіне
қатысты.
Қазақстанда ССҰБ бойынша үдерісті іске қосу сәтінен бастап Еуропалық Одақ
қаржыландыратын БҰҰ ЕЭК қолдауымен ЕО\БҰҰДБ\ЕЭК БҰҰ "Жасыл экономикаға көшуде
Қазақстанды қолдау" бірлескен жобасының кіші компоненті ретінде бірқатар жобалар сәтті
жүзеге асырылды.
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі
қоғамы (GIZ) ҚР-дағы ХАҚҚ Атқарушы Дирекциясының көмегімен Арал-Сырдария су
шаруашылығы ауданының бассейндік кеңесінің отырыстарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі,
Арал өңірінің шалғай ауылдық елді мекендерінің таза ауыз суға қолжетімділігін арттырады,
халықтың осал топтарына мақсатты әлеуметтік-экономикалық көмек кзрсетеді. Бүгінгі таңда
Арал-Сырдария су шаруашылығы аймағының бассейндік кеңесінің отырыстары Қазақстанның
басқа бассейндік кеңестері үшін үлгі болды, сонымен қатар, Өзбекстанның су шаруашылығы
өкілдері де осы тәжірибені қабылдауда.
2019 жылы GIZ «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару» жобасы
аясында ҚР-дағы МФСА Атқарушы дирекциясымен, Балық шаруашылығы ҚазҒЗИ,
«Қазгипроводхоз» ӨК және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, Солтүстік Арал
теңізінің Көкарал бөгетінде балық қорғау құрылғысын жобалау бойынша ірі инвестициялық
жоба жүзеге асырылуда.
Трансшекаралық сулар бойынша ынтымақтастықтың маңызды элементі трансшекаралық
су ресурстарының саны мен сапасына бірлескен мониторинг жүргізу болып табылады.
Қазгидромет трансшекаралық өзендерде гидрологиялық мониторинг жүргізеді: гидрологиялық
бақылау Ресей Федерациясымен шекарадағы 21 бекетте, Қытай Халық Республикасымен
шекарадағы 6 бекетте, Өзбекстанмен шекарадағы бір бекетте және Қырғызстанмен шекарадағы
тоғыз бекетте жүргізіледі. Елдер арасында гидрологиялық деректермен алмасу
ұйымдастырылған.
Дегенмен, Қазақстанның су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастығы
трансшекаралық жерасты суларын қамтымайтынын атап өту қажет. Тағы бір ерекше мәселе -
Ертіс өзенінің тұтас бассейні бойынша үшжақты ынтымақтастықтың болмауы.
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияға (Тегеран
конвенциясына), төрт халықаралық Хаттамаға қол қою барлық Каспий маңы мемлекеттерінің,
оның ішінде Қазақстанның да маңызды ұлттық үлесі болып табылады.
- мұнаймен ластануға әкелетін оқыс оқиғалар жағдайына аймақтық дайындық, әрекет ету
және ынтымақтастық туралы хаттама (Ақтау хаттамасы);
- Каспий теңізін жер үсті көздерінен ластанудан қорғау туралы хаттама (Мәскеу
хаттамасы);
- Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтау туралы хаттама (Ашхабад хаттамасы);
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша хаттама (Мәскеу хаттамасы).
Ақтау хаттамасын Каспий маңы мемлекеттері ратификациялады және 2017 жылы күшіне
енді.
Сондай-ақ, Қазақстан 2014 жылы қол қойған және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16
шілдедегі №533 қаулысымен бекітілген Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы
ынтымақтастық туралы келісім бойынша жұмыс жүргізуде.
Достарыңызбен бөлісу: