Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


ЭГТРМ деректері бойынша зиянды заттардың нақты төгінділері



Pdf көрінісі
бет5/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
 
ЭГТРМ деректері бойынша зиянды заттардың нақты төгінділері 2017 және 2018 
жылдары 1 млн.тоннаны, ал 2019 жылы – 0,8 млн.тоннаны құрады. Ең көп төгінділер 
Қарағанды, Қостанай және Алматы облыстарында жүргізілді (1.1.3-кесте). 
1.1.3-кесте. Зиянды заттардың лимиттері мен нақты төгінділері, мың тонна 
Облыстардың атауы 
2017 жыл 
2018 жыл 
2019 жыл 
лимит 
факт 
лимит 
факт 
лимит 
факт 
Ақмола 
66 
38 
79 
34 
81,9 
45,8 
Ақтөбе 
91 
19 
48 
20 
39,03 
18,02 
Алматы 
360 
155 
340 
172 
340 
172,2 
Атырау 
68 
16 
73 
40 
93,17 
13,7 
ШҚО 
54 
28 
46 
28 
41,5 
20,4 
Жамбыл 
23 
17 
24 
17 
22,9 
16,3 
БҚО 
88 
37 
146 
46 
85,9 
46,6 
Қарағанды 
1043 
458 
429 
428 
454 
302 
Қызылорда 
62 

87 

87,9 
8,9 
Қостанай 
365 
122 
545 
105 
355,1 
136,1 
Маңғыстау 
106 
11 
109 

126 

Павлодар
76 
27 
75 
28 
76 
29,7 
СҚО 
95 
30 
36 
10 
68 
10 
ОҚО 
158 
32 
158 
30 
Түркістан
143,2 
18,2 
Нұр-Сұлтан қ. 
190 
107 
204 
126 
32,3 
12,4 
Алматы қ. 






Шымкент қ. 
6,9 
2,9 
Барлығы 
2845 
1104 
2396 
1097 
2053,9 
856,4 
Дереккөз: ЭГТРМ 
2050 Стратегиясы негізінде «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамамен 
халықты (2020 жылға қарай) және ауыл шаруашылығын (2040 жылға қарай) тұрақты сумен 
жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттар белгіленген, ал 2050 жылға қарай су 
ресурстарымен байланысты барлық проблемаларды шешу қажет. 
Бассейндер деңгейінде су ресурстары тапшылығы проблемасы тұтастай алғанда 2025 
жылға қарай, ал әрбір бассейн бойынша жеке-жеке 2030 жылға қарай шешілуге тиіс. Бұл ретте 
су ресурстарының экологиялық құрамдас бөлігі - экожүйелердің тұрақтылығы, балық 
шаруашылығын дамыту, экотуризм және бірегей табиғи байлықтарды сақтау - индустриялық 
дамудың пайдасына қысым жасамауға тиіс.
Осы мақсаттарға қол жеткізу 1.1.4-кестеде көрсетілген.
1.1.4-кесте. Сумен қамтамасыз ету және су тарту бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол 
жеткізу.
Нысаналы көрсеткіштер 
2017 
2018 
2019 
Орталық ауыз сумен жабдықтау жүйесіне тұрақты рұқсаты бар су 
пайдаланушылардың үлесі %: қалаларда 
90,0 
94,5 
97,0 
ауылдық елді мекендерде 
55 
58,6 
62,0 


11 
Халықты ағынды суларды тазартумен қамту үлесі %: қалаларда 
88,0 
68,7 
70,5 
ауылдық елді мекендерде 
11,5 
8,6 
8,8 
Ескертпе: бұл көрсеткіш халық саны бойынша есептелетін болады 
https://stat.gov.kz 
 
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, бірінші кезекте, орталықтандырылған 
сумен жабдықтауға қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша қалалық жерлерде орталықтандырылған сумен 
10,0 млн.адам (10,6 млн. адамнан) немесе қала халқының 94,5% қамтамасыз етілді. 
Ауылдық сумен жабдықтау бойынша 6499 ауылдың 3892 немесе барлық ауылдардың 
59,9% қамтамасыз етілді. Бұл ретте, көрсетілген ауылдарда 6,5 млн. адам немесе халықтың 
84,4% қамтамасыз етілген.
Жалпы республикада 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚЕМ орталықтандырылған 
сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету – 97,0% (жоспардағы 97% кезінде), ал АЕМ – 
62,0% (жоспардағы 62% кезінде) құрады. ҚЕМ бойынша халықты қамтамасыз етудің төмен 
көрсеткіштері Жамбыл (88,0%) және Павлодар (93%) облыстарында; АЕМ бойынша Батыс 
Қазақстан (50,1%), Жамбыл (56,0%), Қостанай (60,2%), және Павлодар (74,6%) облыстарында. 
1,1 млн. адам халқы бар 2263 АЕМ, оның ішінде кем дегенде 200 адам (89 мың адам) тұратын 
1117 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілмеген.
Көші-қонға ұшыраған және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен 200-ден аз 
халқы бар ауылдарда халықты сапалы сумен жабдықтау қызметтерімен жедел қамтамасыз ету 
үшін ауыз суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
87 қаланың 58-де кәріздік тазарту құрылыстары бар (Байқоңыр қаласын есепке 
алғанда). Көптеген тазарту құрылыстарының жағдайы қанағаттанарлықсыз, тек механикалық 
жолмен тазартылады. 
2018 жылы республика аумағында 573 кәріз құрылыстары (2019-599) мен 301 жеке кәріз 
желілері жұмыс істеп тұрды (2019-272). 
Бас коллекторлардың ұзындығы 4,6 мың км. құрады (2019 - 4,8). Көше кәріздік желісі 6,3 
мың км қашықтыққа созылды (2019 – 6,6).
Тазарту құрылыстарының белгіленген өткізу қабілеті 2018 жылы тәулігіне 3828,4 мың 
текше метрді құрады. Тазарту құрылыстары арқылы 580,7 млн. текше метр сарқынды су 
өткізілді, осылайша жалпы өткізілген сарқынды су көлеміндегі тазартылған сарқынды судың 
үлесі 86,8% құрады (2019 – 579,2, 84,5 %). Оның ішінде толық биологиялық тазарту жолымен 
532,9 млн. текше метр тазартылды (2019 – 495,5), оның ішінде қосымша тазартумен 5,7 млн. 
текше метр (2019 – 124,7), нормативтік тазартылған – 472,6 млн. текше метр, жеткілікті 
тазартылмаған – 43,5 млн. текше метр.
2019 жылдың соңында халықты ағынды суларды тазартумен қамту қалаларда 70,5%, 
ауылдарда - 8,8% құрады, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш қалаларда - 68,7%, ауылдарда - 8,6% 
құрады.
Қазақстанда сумен жабдықтау проблемалары 2002 жылдан бастап төмендегі 
бағдарламаларды іске асырумен дәйекті түрде шешіліп келеді:
9
1. «Ауыз су» бағдарламасы мемлекет тарапынан қаржылық қолдау болмаған кезеңде 
(тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңінде) қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін 
қалпына келтіруге көбірек бағытталды. Бұл ретте даму бағыттарының көп саны «Ақ бұлақ» 
бағдарламасын әзірлеу кезінде ескерілді.
2. «Ақ бұлақ» бағдарламасы ауыз сумен жабдықтау секторының барлық проблемалық 
мәселелерін кешенді қамтиды. Заңнаманы жетілдіру, сектордың инвестициялық 
тартымдылығын арттыру, жобалау, жүйелі тәсілді енгізу бойынша жағдайлар жасау жөніндегі 
іс-шаралар бүгінгі күні орындалды. Осы іс-шараларды іске асырудан болатын нәтижені 
бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру кезінде алу көзделіп отыр.
9
«Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» 
аналитикалық анықтамасы. 2017 жылғы 24 қараша


12 
3. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы экономиканың барлық 
салалары бойынша өңірлерді дамытуды көздейді. Сумен жабдықтау саласында осы секторды 
дамытудың кешенді саясаты ұмыт қалған.
4. «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру 
жүйелерін жаңғыртуды (реконструкциялау және салу) көздейді. Тікелей нәтижелердің 
көрсеткіштері. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ бюджетке түсетін 
жүктемені төмендету мақсатында бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі көзделген.
Бюджеттік кредиттер жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) кейіннен табиғи монополиялар 
субъектілеріне (ТМС) кредит бере отырып, республикалық бюджеттен бөлінеді. Осы тетіктің 
негізгі міндеті бөлінетін трансферттерді қайтару болып табылады. Бюджеттік кредиттеу 
шарттары:
- ЖАО үшін сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 0,01% ;
- ТМС үшін сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 0,02% ; 
- несиелеу мерзімі 20 жылға дейін; 
- қаржыландыру валютасы - теңге;
- жеңілдікті кезең – несие беру мерзімінің 1/3. 
Республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды тұрақты пайдалануды 
қамтамасыз ету үшін жыл сайын пайдалану іс-шаралары, ағымдағы жөндеу, су тасқынына 
қарсы және су қорғау іс-шаралары жүргізіледі.
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикада 1705 гидротехникалық 
құрылыстар (ГТҚ) бар, оның ішінде республикалық меншікте - 516 ГТҚ, коммуналдық 
меншікте - 962 ГТҚ, жеке меншікте - 201 ГТҚ, иесіз - 26 ГТҚ. Барлық иесіз ғимараттар 
бойынша жергілікті атқарушы органдар оларды мемлекеттік меншікке ауыстыру бойынша 
жұмыстар жүргізуде.
Республикалық су шаруашылығы құрылыстарының баланс ұстаушысы «Қазсушар» РМК 
болып табылады. «Қазсушар» РМК балансында 87 су қоймасы, 88 су торабы, 36 бөгет, 93 сорғы 
станциясы, 24 бас құрылыс, 33 топтық су таратқыш, 4348 арна және басқа да су шаруашылығы 
объектілері бар.
Сонымен қатар, су шаруашылығы құрылыстарының басым көпшілігі кеңес замамнында 
құрылды және қазіргі уақытта олар физикалық және моральдық тұрғыдан да тозған. 
Бөгеттердің тозуы орта есеппен 40% құрайды. Арналардың физикалық тозуы 60%-80% 
құрайды, соның нәтижесінде олардың пайдалы әсер коэффициенті 0,45 – 0,62 дейін төмендеді. 
Коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылданатын шаруашылықаралық және 
шаруашылықішілік арналардың жай-күйі да ұзақ уақыт тиісті деңгейде пайдаланылмауына 
байланысты қанағаттанарлық емес. Тік дренаж ұңғымалары 75%-ға дейін тозған.
ҚР ІІМ мәліметі бойынша, қауіпсіз режимде жұмыс істепуі үшін 1705 гидротехникалық 
ғимараттың 436-сы жөндеуді талап етеді.
Осының нәтижесінде суды арналар арқылы жеткізу кезінде өнімсіз шығындар бар
суармалы жерлерде агромелиоративтік іс-шаралардың тиімділігі төмендейді, сондай-ақ 
бөгеттердің жарылу қаупі артады. 
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 41 
авариялық су қоймасын қайта жаңарту көзделген, оның негізгі мақсаты су шаруашылығы 
құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет