Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» оқу пәнінен Үлгілік оқу
бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348
бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Оқу бағдарламасының айрықша ерекшелігі, ол тек пән бойынша білімді
ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу мақсаттарының жүйесі келесі: қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық
және өмір бойы білім алу сияқты негізгі құндылықтарға негізделген. Ағылшын
тілі бойынша оқу бағдарламасы білім алушыларға әртүрлі аудиториямен тиімді
қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді. Бұл мақсатқа мектептегі ортада болатын
жиі мүмкіндіктер арқылы сыныптастармен, мұғалімдермен және қонақтармен
өзара әрекеттесу, сондай-ақ бейресми және ресми ауызша және жазбаша
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
презентацияларды қамтитын интерактивті тапсырмалар арқылы қол жеткізіледі.
Бұл жұмыс түрлі елдердің ағылшын тілін тасымалдаушы өкілдерімен онлайн
қарым-қатынас орнатып, Интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мектептен
тыс іс-шаралар арқылы іске асырылады.
Ағылшын тілін үйрену арқылы білім алушылар төмендегілерді:
1) ағылшын тілінің құрылымын және тіл үйренуге қатысты ережелерді;
2) жалпы және оқу тақырыптарының кең ауқымын ашық және тиімді
тұрғыдан қалай қарастыруға болатынын;
3) қосымша мәтіндерде, cөйлесулер мен әңгімелерде нақты және егжей-
тегжейлі ақпаратты;
4) аргументтерді әзірлеу кезінде жекелеген тақырыптар бойынша
лексикалық материалдық әртүрлілігін қалай пайдалануға болатынын түсінеді.
Білім алушылар:
1) сан алуан көркем әдебиеттегі бейтаныс сөздердің мәнін түсіне алады;
2) сөз екпінін, интонация және ресмилікті сақтай отырып, еркін және дұрыс
сөйлей алады;
3) сыныптастарымен қарым-қатынасқа түс алады, білім алушылармен
университетте және одан тыс жерлерде ағылшын тілін қолдануға үміттенетін,
білім алушыларға пайдалы пайымдаулармен және пікірлермен, түсініктемелермен
және жауаптармен бөлісе алады;
4) ғылыми және көркем әдебиеттерді қызығушылықпен оқи алады;
5) ағылшын тілінде сөйлейтін және сөйлемейтін адамдармен сәтті қарым-
қатынас жасай алатын болады.
3. «Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы төмендегілер арқылы
тіл меңгеру дағдысының жоғары B2 деңгейін меңгерген білім алушыларды
дамытуды көздейді:
1) талдауға, бағалауға және шығармашылық тұрғыдан ойлауға ықпал ететін
әртүрлі тапсырмалар;
2) ауызша және жазбаша дереккөздердің кең ауқымымен танысу;
3) ынталандыратын және қызық тақырыптар
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Достарыңызбен бөлісу: |