Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныбына арналған «Цифрлық



Pdf көрінісі
бет28/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныбына арналған «Цифрлық 
сауаттылық» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – 
бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу 
мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, 
заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды 
тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық 
құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім 
алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, 
жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану 
арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен 
авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен 
білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді 
функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, 
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық 
технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және 
жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең 
ауқымды дағдылар жатады.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде 
дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық 
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», 
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды 
қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың 
мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған 
оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет