Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған



Pdf көрінісі
бет33/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған 
«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – 
бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
«Бейнелеу өнері» пәні оқу және тәрбие процестерінің органикалық бірлігі 
болып табылады. Онда эстетикалық және көркемдік білім беру дәйекті және 
жүйелі түрде білімді ұсыну мен көркемдік іс-әрекет дағдыларын үйретуге 
негізделген.
«Бейнелеу өнері» пәнінің оқу мақсаты көркемдік білім беру және 
эстетикалық тәрбие болып табылады, білім алушыларды Қазақстан мен бүкіл 
әлемнің рухани және материалдық мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
бейнелеу өнері әлеміне баулу, олардың тұлғасын қалыптастыру мен дамытудың 
тиімді құралы болып табылады.
3. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың міндеттері:
Білім беру құндылықтарын қалыптастыру негізінде білім алушыларда:
- Қазақстан халқының өнері мен мәдениеті және салт-дәстүрлеріне, әлемнің 
мәдени алуан түрлілігіне құрмет көрсету;
- рухани келісім мен толеранттылық идеяларын ұстану;
- қоршаған ортаны және экологиялық тепе-теңдікті сақтау;
- шығармашылық және сыни ойлау;
- коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен 
технологияларды тиімді пайдалана білу;
- өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру;
- бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, әсемдікке баулу;
- шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген көзқарасын білдіру 
қабілетін дамыту;
- сурет, кескіндеме, композиция, мүсін бойынша бейнелеу сауаттылығы 
негіздерімен танысу;
- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы 
өнер, мүсін, дизайн, сәулет) және бейнелеу өнерінің жанрларымен (пейзаж, 
портрет, натюрморт, анималистік жанры және т. б.) танысу;
- қоршаған заттардың пішінін, көлемін және құрылымын көру және түсіну 
қабілетін қалыптастыру;
- кеңістіктік қабылдауды қалыптастыру;
- графикалық және түстану дағдыларын дамыту;
- моториканы, логикалық ойлауды, өздігінен ойлауды және идеяларды іске 
асыруды дамыту.
- әр түрлі материалдармен жұмыс істеудің көркемдік дағдыларын және әр 
түрлі бейнелеу техникасын меңгеру;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көру қабілетін дамыту 
(көрмелер, мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және т. б.)
-балалардың сезімталдық, көңіл-күйін білдіруін, зейінін, есте сақтау, қиял, 
елестету қабілеттерін дамыту;
- өзіндік, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді 
қалыптастыру;
- ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, 
барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау.
4. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы келесі қағидаларды сақтайды:
Іс-әрекеттік тәсіл. Қоғам дамуының осы кезеңіндегі жалпы білім беретін 
мектептің маңызды міндеттерінің бірі – білім алушыларды білім қорымен 
«қамтамасыз ету» емес, сонымен қатар оларға өздігінен ақпарат алуға және 
шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға мүмкіндік 
беретін дағдыларды қалыптастыру. Осыған байланысты оқу үдерісіне білім 
алушылардың оқып үйренуін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және 
дамытуға ықпал ететін технологияларды енгізу өзекті болып табылады. Әрекеттік 
әдіс тек іс-әрекетті оқытуды ғана емес, сонымен бірге білімді терең және нық 
игеруді қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру 
балалардың жеке бас ерекшеліктерін (жас, физикалық, психологиялық, 
интеллектуалдық) ескере отырып, олардың тәрбиесіне, біліміне және дамуына, 
сондай-ақ кез келген балаға ерекше тұлға ретінде қарауды көздейді.
Сараланған тәсіл. Білім алушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерін 
есепке алумен сипатталатын оқыту, әрбір білім алушыны оның мүмкіндіктері мен 
қабілеттері деңгейінде оқыту; оқытуды білім алушылардың әртүрлі топтарының 
ерекшеліктеріне бейімдеу. Саралап оқыту барысында білім алушылардың 
мүмкіндіктеріне сәйкес дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түрлі әдістер, 
тәсілдер, оқыту нысандары және арнайы дидактикалық материалдар қолданылады.
Коммуникативті тәсіл. Коммуникативті тәсілдің нәтижесі - қарым-
қатынастың басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу процесінде қарым-қатынас 
жасау, ойлармен бөлісу және идеялармен алмасу мүмкіндігі. Оқу үдерісінде 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
әртүрлі коммуникация құралдарын пайдалану білім алушылардың сыни және 
өзіндік ойлауын дамытуға ықпал етеді. Оқу үдерісінде коммуникативтік тәсілге 
сәйкес қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жеке және топтық іс-әрекет 
процесінде өздерінің шығармашылық жұмыстары мен басқалардың жұмысын 
бағалау және талдауға ықпал ететін тапсырмаларды қосу қажет.
Көркемдік-технологиялық тәсіл. Бұл білім алушылардың материалдарды, 
құралдарды, бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен ережелерін білу, жобалау және 
модельдеу шығармашылық нысандарды дайындаудың технологиялық реттілігін 
таңдау мәселелерін шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті.
5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы
«Бейнелеу өнері» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау қалыптастырушы 
бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз 
жүргізіледі, білім алушы мен педагог арасындағы кері байланысты қамтамасыз 
етеді және оқу үрдісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының 
бөлімін зерделеуі аяқталғаннан кейін оқытудың белгілі бір кезеңінде 
қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, білім алушыларға кері байланыс беруден 
шығатын критериалды бағалаудың «сынақтан өтті» және «сынақтан өтпеді» 
қағидатын негізге алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет