2-тарау. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұны
6. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағатты;
2) 2-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты;
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
7. Оқу пәнінің мазмұны
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Оқу материалының мазмұны бірыңғай оқу-тәрбиелік міндеттерді шешу
үшін 4 бөлімге топтастырылған. Бөлімдер өнердің әртүрлі аспектілерін ашады:
типологиялық, тілдік, құндылық-бағдарлық, әрекеттілік және әр сабаққа әртүрлі
дәрежеде қатыстырылады. Бөлімдер бастауыш көркемдік білім мен тәрбие
мәселелерін шешуге бағытталған.
1. «Бейнелеу сауаттылық негіздері» бөлімінде шығармашылық идеяларды
тәжірибеде іске асыруға арналған құралдар берілген:
- өнер туындыларын қабылдау;
- көркем мәдениеттің құндылығы мен әртүрлілігі туралы түсінік (Қазақстан
халықтарының мәдениеті), Қазақстан халықтарының бейнелеу өнерінің көрнекті
өкілдері, қазақстандық және әлемдік өнердің жауһар дүниелерімен танысу және
эмоционалды бағалау;
- бейнелеу өнері адамның күнделікті өміріндегі рөлі, оның қоршаған ортаға
әсері туралы түсінік;
- графика, графикаға арналған материалдар: қарындаш, қалам, борлар және
т. б.;
- түрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері мен жолдары,
өнердегі суреттің рөлі: негізгі және көмекші;
- графика арқылы ойды жеткізе білу;
- кескіндеме, кескіндеме материалдары мен құралдары;
- түс – кескіндеменің негізі, көркем бейнені жасау үшін көркемдік
мәнерлілік құралдарын таңдау;
- кескіндеме арқылы ойды білдіру қабілеті;
- мүсін, мүсін материалдары және олардың туындыны жасаудағы рөлі;
– көлем – мүсіннің негізі, мүсіннің негізгі талабы,
- мүсіннің көмегімен ойды жеткізе білу;
- көркем дүние жасау үшін пластикалық мүсіндік материалдармен жұмыс
істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық, гипс, папье-маше – жаю,
көлем жинау, созу және пішінді құрастыру),
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
- дизайн және сәулет-көркем құрастыруға және модельдеуге арналған
материалдардың әртүрлілігі (ермексаз, қағаз, қатырма қағаз және т. б.), мәнерлі
бейне жасау үшін әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері,
- күнделікті тұрмыста көркем құрастыру және модельдеу дағдыларын
пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік;
- сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастаулары және
оның адам өміріндегі рөлі, халықтар мәдениетінің сипаты туралы түсінік;
- табиғаттағы пішіндердің әртүрлілігі, Қазақстанның халықтық және сәндік-
қолданбалы өнер туындыларымен танысу.
2. «Бейнелеу өнер әлемі» бөлімі оқу материалының мазмұнын ашады:
- көркем шығармашылықтың ерекшеліктері;
- өнер түрлері;
- өнер жанрлары;
- композиция, жазықтықтағы және кеңістіктегі композицияның қарапайым
тәсілдері;
-композиция көлденең, тік және диагональ құру ұғымдары;
- перспектива: «көкжиек сызығы», «жақын – алыс», «көп – аз»,
«қоршаулар» ұғымдары;
- композициялық орталық, композициядағы басты және көмекші дәрежелі,
симметрия және асимметрия;
- композициядағы контрасттың рөлі: төмен және жоғары, үлкен және
кішкентай, жұқа және қалың, қараңғы және ашық, баяу және шапшаң және т.б.;
- әртүрлі сызықтар (жұқа, қалың, түзу, ирек, тегіс, өткір, шиыршық,
дөңгелектелген) және олардың айқын сипаты, штрих, дақ және көркемдік бейнесі;
- табиғат құбылысын, адамның, жануардың эмоционалдық жағдайын
сызықтар арқылы беру;
- түс, негізгі және құрама түстер, жылы және суық түстер, түстердің
араласуы, бейненің эмоционалдық әуені мен айқындылығы ақ және қара
түстердің рөлі, түс арқылы эмоцияны және кейіпкерлердің мінезін көрсету
мүмкіндіктері, оның эмоционалдық жай-күйін көрсету;
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
- заттардың пішіні, алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте
беру, пішіндердің ұқсастығы мен контрасты, қарапайым геометриялық пішіндер,
табиғи пішіндер, заттар пішінінің оның сипаты туралы ұғымға әсері, силуэт;
- көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді көрсету
тәсілдері, көлемді композициялардың мәнерлілігі;
- ырғақ, ырғақ түрлері (тыныш, баяу, екпінді, беймаза және т. б.);
- сызықтар, дақтар, түстер ырғағы;
- кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоционалды ырғағының рөлі,
элементтердің ырғағы арқылы композициядағы қозғалысты көрсету, сәндік-
қолданбалы өнердегі ырғақтың ерекше рөлі.
3. «Бізді қоршаған әлем» бөлімінде тапсырмалардың тақырыбы рухани-
адамгершілік, эмоционалды-құндылық бағдарын белгілейді:
- бақылау дағдыларын меңгеру, нұсқаға қарап және есте сақтау арқылы
сурет салу дағдыларын меңгеру;
- табиғат пен табиғи құбылыстарды, сондай-ақ қоршаған әлем
құбылыстарын бақылау;
- табиғатты жыл мезгілдерінде, тәуліктің әр уақытында, ауа райының
өзгеруіне байланысты бейнелеудің айырмашылығы;
- табиғаттың кезеңдерін бейнелеу үшін түрлі көркем материалдар мен
құралдарды пайдалану;
- қазақстандық және шетелдік өнер жауһарларымен танысу және
эмоционалдық бағалау;
- әртүрлі халықтар мен дәуірлер бейнеленген әлемнің ең жарқын
мәдениеттерімен танысу;
- әлем халықтарының мәдени дәстүрлерін сипаттауда әртүрлі табиғи
жағдайлардың рөлі, халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәндік-қолданбалы
өнер бұйымдары және сәулет нысандары;
- менің Қазақстаным, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетін
бейнелеудегі туған жердің табиғатының рөлі, туған өлкенің табиғат көріністері,
киіз үйді, тұрмыстық заттарды, еңбек құралдарын, киім үлгілерін безендірудегі
сәндік құрылымның бірлігі;
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
- дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, халықтың адам сұлулығының өнерде
бейнеленуі туралы түсінігі;
- адам бейнесі, әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас
бейнесі, портрет жанры, махаббат, достық, өнердегі отбасы тақырыптары;
- адамдық қасиеттері мен ең жақсы сезімдерін оятатындай кейіпкерлерді
эмоционалды және көркемдеп бейнелеу: мейірімділік, жанашырлық, қолдау,
қамқорлық, батырлық, жанқиярлық және т.б.;
- қоршаған ортадағы заттарды көркем жобалау және модельдеу;
- дизайн мен сәулет өнерінің әдемі және мәнді нысандарын жобалау үшін
түрлі көркем материалдар мен құралдарды пайдалану.
4. «Шығармашылық» бөлімінде шығармашылық қызметтің түрлері мен
шарттарын ашып, жүзеге асырады:
- бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркем-құрастыру бойынша түрлі
таныстырылымдарға (презентацияларға) қатысу;
- графика, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерде алынған
құзыреттерді іске асыру;
- есте сақтау, елестету арқылы және нұсқаға қарап отырып салынған сурет;
- шығармашылық жұмыстарда көркем құрастыру және модельдеу
дағдыларын пайдалану;
- графика, кескіндеме, мүсіндеу, көркем құрастыру және модельдеуде
бейнелеу құралдарын таңдау және қолдану;
- жеке және ұжымдық шығармашылық жұмыста әртүрлі көркемдік
техникалар мен материалдарды пайдалану;
- бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлі құралдарын
талқылауға қатысу, шығармаға өз көзқарасын білдіру.
Бөлімдер бөлімшелерден тұрады:
- өнерді қабылдау бөлімшенің міндеті: өнерді түсіну, бейнелеу өнері деген
не және оның адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру, бейнелеу өнері
туындыларымен танысу үдерісін түсінуге және ұғынуға үйрету, Қазақстанның
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
және әлемнің танымал суретшілерінің шығармашылығымен таныстыру. Өзіндік
көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру; көркем - эстетикалық мәдениеті мен
стильдегі талғамын; өнер туындыларын саралай білу қабілетін қалыптастыру;
- графика туралы бөлімшеде қарастырылған міндеттер: білім алушыларды
заттың (бұйымның) кеңістіктегі орнын ескере отырып, екі өлшемді жазықтықта
үш өлшемді пішінді көруге және бейнелеуге үйрету, әртүрлі графикалық
тәсілдерді (сызықтар, штрихтар, дақтар, реңктер мен жарық-көлеңкенің
үйлесімділігі) қолдану арқылы пропорцияларды, көлемді, текстураны беру
арқылы екі өлшемді жазықтықта үш өлшемді пішінді көруге және бейнелеуге
үйрету; графикалық материалдармен танысуды жалғастыру.
- кескіндеме туралы бөлімшеде қарастырылған міндеттер: жұмысты нұсқаға
қарап салуда пен түстерді эмоционалды қабылдауды, үйлесімді түс қатынастарын
құру қабілетін дамыту; түсті сезінуге үйрету. Жұмысты сауатты жүргізу, көркем
материалдарды сауатты пайдалану дағдыларына үйрету. Заттардың фактурасын
бере білу дағдысын; түстің көмегімен кеңістікті жарық арқылы бере білу
дағдысы; бейнеленетін заттың пішінін рең және түс арқылы «көлемін шығару»
кезеңдерін зерделеуді (бұйымның немесе заттың «өз түсі» ұғымы және оған
жарықтың әсері, пішіні мен материалдылығын берудегі реңнің рөлін) дамыту.
- мүсін туралы бөлімшеде қарастырылған міндеттер: кеңістіктікте ойлауды
үйрету, балалардың көлемді қабылдауын, пластика арқылы көлем мен кеңістікті
көру және жеткізу мүмкіндігін дамытуға ықпал ету. Сабақтарда білім алушылар
рельефті және жұмыр мүсіндерді орындау негіздерімен танысады;
- сәндік-қолданбалы өнер туралы бөлімшеде қарастырылған міндеттер:
сәндік-қолданбалы өнер мен дизайнның талаптары мен заңдылықтарын түсінуге
тәрбиелеу. Әсемділік туралы идеялардың маңыздылығын нақты жеткізуге үйрету.
Стилизациялау және жалпылау әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортада
кездесетін пішіндерді шығармашылық тұрғыда өздігінен жасай білуді
қалыптастыру. Әртүрлі материалдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
және оны халық дәстүрімен байланыстыру;
- сәулет және дизайн туралы бөлімшеде қарастырылған міндеттер: ( көркем
құрастыру және модельдеу) сәулет ортасы мен дизайн негіздерін зерттеу және
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
модельдеу, пішінге айналдыру туралы білімін нақтылау, көлемді және жазықтық
композициялар жасау дағдылары мен көркем дизайн мәселелерін өз бетінше
шеше білу дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |