Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ерекшеліктеріне бейімдеу. Саралап оқыту барысында білім алушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түрлі әдістер,
тәсілдер, оқыту нысандары және арнайы дидактикалық материалдар қолданылады.
Коммуникативті тәсіл. Коммуникативті тәсілдің нәтижесі - қарым-
қатынастың басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу процесінде қарым-қатынас
жасау, ойлармен бөлісу және идеялармен алмасу мүмкіндігі. Оқу үдерісінде
әртүрлі коммуникация құралдарын пайдалану білім алушылардың сыни және
өзіндік ойлауын дамытуға ықпал етеді. Оқу үдерісінде коммуникативтік тәсілге
сәйкес қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жеке және топтық іс-әрекет
процесінде өздерінің шығармашылық жұмыстары мен басқалардың жұмысын
бағалау және талдауға ықпал ететін тапсырмаларды қосу қажет.
Көркемдік-технологиялық тәсіл. Бұл білім алушылардың материалдарды,
құралдарды, заңдылықтар мен ережелерін білу, жобалау және модельдеу
шығармашылық нысандарды дайындаудың технологиялық реттілігін таңдау
мәселелерін шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті.
5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы
«Еңбекке баулу» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау қалыптастырушы
бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз
жүргізіледі, білім алушы мен педагог арасындағы кері байланысты қамтамасыз
етеді және оқу үрдісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының
бөлімін зерделеуі аяқталғаннан кейін оқытудың белгілі бір кезеңінде
қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, білім алушыларға кері байланыс беруден
шығатын критериалды бағалаудың «сынақтан өтті» және «сынақтан өтпеді»
қағидатын негізге алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: