Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Қосымша білім беретін мектеп-орталықтары қызметінің үлгілік



Pdf көрінісі
бет16/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
2-параграф. Қосымша білім беретін мектеп-орталықтары қызметінің үлгілік 
қағидалары
300. Қосымша білім беретін мектеп-орталық (бұдан әрі – Орталық) 
қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім берудің 
жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру.
301. Аталған мақсатты жүзеге асыруда Орталықтың негізгі міндеттері:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және 
қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және 
әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін 
дамыту, олардың қабілеттерін ашу;
4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;
5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына 
деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға 
қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу 
қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын 
қалыптастыру;
7) білім алушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғатты 
қорғау қызметіне тарту;
8) қоғамдық өмірге бейімдеу;
9) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;
10) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау.
302. Орталық 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерін, педагог-
ұйымдастырушыларды, әлеуметтік педагогті, қосымша білім беретін 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
педагогтарды және оқушыларды біріктіреді. Орталықты басқару жұмысын 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқарады.
303. Орталықтың жұмысы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі 
орынбасары оқу жылына құрған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына 
сәйкес құрылады және мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
304. Орталық сабақтан тыс уақытта клубтар, студиялар, үйірмелер, 
секциялар ұйымдастырады.
305. Орталықтың жоспарлаған жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге 
асырылады:
1) тәрбие бағыты бойынша: денешынықтыру-спорттық, туристік-
өлкетанымдық, көркем-эстетикалық, табиғи-ғылыми, экологиялық-биологиялық, 
әскери-отаншылдық;
2) бейіндік бағыт бойынша: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-
гуманитарлық.
306. Орталық барлық мектептерге қызмет етеді, барлық қалаушылар үшін, 
сондай-ақ өзге мектептердің оқушылары үшін де есігі ашық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет